Әріптік балама
|
Бағалай критерийлері
|
|
Сұрақтар-баллдар
|
Бақылау түрі
Жазбаша, билеттер (3 сұрақ)
|
A
|
95-100
|
оқу материалын игеріп, толық жауап берген. Терминдік аппаратты сауатты жəне мағынасына сай қолданады. Мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, шығармашылық талдау жасай алады. Теориялық білімін практикада жан-жақты (креативті) қолдана алады.
|
A-
|
90-94
|
- оқу материалын түсініп, толық жауап берген. Терминологиялық аппаратты қолдана отырып, материалдың мазмұнын жүйелі түсіндіреді. Мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдей алады. Теориялық білімін практикада дұрыс қолдана алады.
|
B+
|
85-89
|
-жауап толық. Терминологиялық аппаратты қолдана отырып, материалдың мазмұнын сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап барысында аздап қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады. Теориялық білімін практикада стандартты қолдана алады.
|
B
|
80-84
|
-жауап толық. Терминологиялық аппаратты қолдана отырып, материал мазмұнын түсіндіруде бірнеше қате жібереді, бірақ оқытушының сауал қоюы арқылы оларды түзетеді.
|
B-
|
75-79
|
-жауап дұрыс, бірақ жеткілікті толық емес. Терминологиялық аппаратты дұрыс қолданады, материалдың мазмұнын ашып айтуда қиналады. Жауап бергенде маңызды емес қателіктер жібереді, бірақ оны оқытушының көмегімен түзетеді.
|
C+
|
70-74
|
жауап толық емес, маңызсыз қателіктері бар, оны студент оқытушының көмегімен түзете алады. Одан əрі оқуда қажетті білімі бар. Терминологиялық аппаратты стандартты түрде пайдаланады.
|
C
|
65-69
|
-жауабы толық емес, маңызды емес жəне маңызды бірер қателіктері бар, оны студент оқытушының көмегімен түзетеді. Пəндік терминологиялық аппаратты қолдану дағдылары бар, аса қиын механизмдерді анықтауда қиындықтарға тап болады
|
C-
|
60-64
|
55-59%-жауап толық емес, нақтылықтар аз. Маңызды жəне маңызды емес қателіктер жібереді. Терминдерді пайдаланады, пəн бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге анықтама бере алмайды. Теориялық білімін практикада қолдану деңгейі біршама қанағаттанарлық.
|
D+
|
55-59
|
тапсырманың толық емес көлемін орындау, жауап сапасының өте төмен деңгейі, жүйелі ойлаудың болмауы, ойлау стереотипі, ірі кемшіліктер (мысалы, логикалық қателер, терминдерді, ұғымдарды анықтаудағы қателіктер).
|
D
|
50-54
|
тапсырмалардың толық емес көлемін орындау, жауап сапасының өте төмен деңгейі, жүйелі ойлаудың болмауы, ойлау стереотипі, материалды мазмұндаудағы үлкен кемшіліктер.
|
FХ
қанағаттанарлықсыз
баға
|
25-49
|
Бұл баға студент бағдарламада көзделген негізгі материалдың білім кемшіліктерін анықтаған жағдайда, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген жағдайда қойылады. Сабаққа тұрақты емес қатысу.
|
F
қанағаттанарлықсыз
баға
|
0-24
|
Пән бойынша негізгі бағдарламалық материалды білудің толық болмауы. Сабаққа үнемі қатыспау.
|