Қызыл көз, саба құрсақ – семіздері,
Жерлерден жарты ай жүріп келгендер бар.
Келіпті пәленше дегізгелі.
Ақын жоғарыдағы дисфемистік метафоралар арқылы Сағынайдың асына жиналған адамдардың шамадан тас көп жиналғандығын суреттесе, әрі ол адамдардың қандай екендігін бейнелейді. Олар – әр елдің бұқалары, өгіздері, әр жақтың қошқарлары, марқалары, өңкей қызыл көз саба құрсақ семіздері сияқты дисфемистік метафоралар түрінде алынған.
Сөз суреткері асқа келгендердің сыйқын осылайша көз алдымызға дисфемистік метафоралар арқылы әкелген.
Н.Д. Арутюнованың пікірінше: “Метафора часто содержит точную и яркую характеристику лица. Это – приговор, но не судебный. Метафора не проникает ни в досье, ни в анкету… Метафора эффективна и в словесном портрете разыскиваемого лица. Ведь узнавание производится не только по родинкам и татуировкам, но и по хранимому в памяти образу. Это искуство Метафора, если она удачна, помагает, воспроизвести образ, не данный в опыте” [91, с. 373].
Ақын-жазушыларымыздың жеке қолданысында үй жануарлары мен түз тағыларының шығаратын дыбыстары да көркем өрнекке айнала алады. Мысалы:
- Қали ғана қорсылдап көне қоймады (З. Жәкенов).
- Күйеуден шыққан келіншек, мияулап жүріп басын айналдырып тиіп алса қасқа болғанда сонда көресің, - депті (Қ. Қараманұлы).
- Елемеске айтқыссақ: “Ел ондай қыт-қытыңды құлағына қыстырсын ба…” (Ә. Кекілбаев).
Келтірілген мысалдардағы мияулап, қорсылдап, қыт-қыт деген метафоралар адам бойындағы жаман қасиеттерді өте тамаша суреттейді. Топастық пен тоңмойындықты шошқаның қорсылына ұқсатса, келіншектің келіссіздеу мінезін мысықтың мияуына балайды, артық сөзуарлықты тауықтың қыт-қытына теңейді. Басқаша айтқанда, әр кейіпкердің сүреңсіз суреті бар болмысымен көз алдыңа келеді. Бұл дисфемистік метафоралардан біз жағымсыз кейіпкерлердің бойындағы қуыс кеуделік пен бос даурықпалықты, дәрменсіздік пен қайратсыздықты көре аламыз.
Жан-жануарлардың дыбыстарына ұқсатудан пайда болған дисфемистік метафоралар адамның жағымсыз іс-әрекеттерін көпшілікке әйгілі ете отырып, олардан жиіркенуге шақырады. Қалам қайраткерлері сонымен қатар тірі жәндіктерге, құрт-құмырсқа атауларына да дисфемистік мағына жамай алады. Мысалы:
- Қанатын әумесер бола жұлып дәрменсіз шыбынбыз.
- Әппақ дастарханның бетіндегі сасық қоңызбыз (О. Бөкеев).
- Әй шегірткенің айғыры, не былжырап тұрсың? (Б. Мұқаев).
Мысалдардағы дәрменсіз шыбынбыз, сасық қоңызбыз, шегірткенің айғыры деген тіркестер ұқсатудан пайда болған дисфемистік метафоралар. Бұлар кейіпкерлердің кескін-келбетін, көзге түсетін ерекше белгісін, жағымсыз әрекеттерін әсерлі жеткізіп тұр. Көзге қораш, ұсқынсыз заттар да тиісті реттерде дисфемистік метафора қызметін атқара береді. Мысалы:
- Сенің ана ауыз мұрныңды жауып тұрған бір қап жүн-жұрқаңды көргім келіп шақырған мен жо (З. Жәкенов).
Осы сөйлемдегі “жүн-жұрқа сақал-мұрт дегенді білдіреді. Жақтырмағанын сездіру үшін келеке, әжуа, сықақ мақсатында қолданған. Ә. Нұрмағамбетовтың аталмыш сөздігінде осы сөздің төркіні былайша түсіндіріледі. Жұрқа, жүн-жұрқа. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде жүн-жұрқа, тері-терсек, жүн т.б. деп түсіндірілсе, осындай сөздіктің 1959 жылы шыққан І томында - жүн сияқты бұйымдар, солардың қалдықтары деп ұғындырылған. Біздің ойымызша, соңғы түсінік “жүн-жұрқа” мағынасына орайлас көрінеді. Өйткені “тері-терсек” сияқтылар “жүн-жұрқа” ішіне кіре қоймаса керек. Осы ойымыз, “жүн-жұрқа” қос сөзіндегі “жұрқа” сыңарының төркінің анықтау үстінде, дұрысқа саятын сияқты. Якут тілінде “ньырға” тұлғасы ретінде жан-жануарлар үстіндегі түк қылшықтың, жалпы айтқанда, жүннің сиректігін аңғарту үшін қолданылады. Осы ұғымды еске алсақ, “жүн-жұрқа” қос сөзін түсініктірек болсын десек, “жүн-сирек”, “жүн” қалпында айтуға да болады. Демек, “жұрқа” - тек жүнмен байланысты ғана қолданылатын қос сөз сыңары. Якут тіліндегі “ньырға” қазақ тілінде “жұрқа” болуы тағы да түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестіктерінен туған. Мысалы, біздегі “жалпаю” етістігі якут тілінде “ньалбай” қалпында айтыла береді [45, 119 б.].
Тіліміздегі заттар мен құбылыстардың ішкі және сыртқы көрінісін, сыр-сипатын кейіпкерге теліп, жағымсыз бейнесін суреттеу үшін сөз зергерлері дисфемистік метафораны кеңінен қолданады. Мысалы:
– Бұл байдың “құйыршығы аталып ел ішінде қалып қойыпты (Д. Досжанов).
– Сен қумүйізге сенбей тұрмын (З. Жәкенов).
– Көтеріңдер қолдарыңды, өңшең өлексе… (К. Оразалин).
– Қараса аппақ жүзін аяусыз торлап алған шимайды көреді (Ә. Кекілбаев).
Осы мысалдардағы, байдың құйыршығы, қумүйіз, өңшең өлексе, шимай дегендер контексте жаңа байланыста, жаңа тіркесте жаңа мән-мағына алған. Соның арқасында жағымсыз мәндік қасиеті арта түскен. Дисфемистік метафоралар арқылы образды бұлайша сомдаудың барлық түрлерінде дерлік салыстыру басым. Жағымсыз образдарды бейнелеуде бір-біріне өте алыс нәрселер мен заттар алынып, салыстырылуы дисфемистік метафоралардың өресі өте кең екенін көрсетеді. Жоғарыдағы дисфемистік метафоралық тіркестердің қай-қайсысыда күнделікті өмірде бір-біріне қатысы байқалмайтын заттар мен ұғымдарды салыстыру арқылы жасалған. Жеке қолданыстағы дисфемистік метафоралардың кейбіреулері адамды жалпы хайуанаттарға, олардың ортақ әрі негізгі белгісіне ұқсатудан пайда болған. Мысалы:
Мына сияқты сен қазған орда етіп, екі аяқты айуандарға да ор қазып, алдын бөгеп қою керек, – деп күлді шаруа (Х. Есенжанов).
Қазақ тілінде кейбір дисфемистік метафоралар анатомиялық атауларға ұқсатудан пайда болған. Мысалы: «Аузында тісі, құйрығында қыртысы жоқ қақсал шандырыңды қайтем», – деп сені шалсынып жүрмес пе екен (З. Жакенов). Бұл сөйлемдегі шандыр сөзінің мағынасы түсінікті болғанымен, қақсал сөзінің мағынасы күңгірттеу. Жоғарыдағы аталмыш сөздікте қақсал сөзіне мынадай анықтама беріледі:
Достарыңызбен бөлісу: |