Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет55/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

Қақсал. Мағынасы – кексе тартқан, қартая бастаған. Біздің қақсал құдашалардың көңілі көкте (С. Бегалин. Замана).

«Қақсал» сөзінің төркініне жанастырларлық тұлғалар түркі тілдерінен де табылады. Мысалы, қырғыз тілінде какшаал – қатал, тағы (К.Юд. КРС, 1965, 327), хакастарда хахса – кебу, құрғау (Хак – рус. Сл. 1963, 282) мағыналарында қолданылады. Бірақ бұлардың тұлғалары «қақсал» сөзіне сәйкес келгенмен мағыналары өте алшақ. Сондықтан басқа бір тілдермен іздестіруге тура келеді. Парсы тілінде «қоһан және коһәнсал» тұлғалары «кәрі» жасы ұлғайған әрі кәрілігі жеткен, өте кәрі мағыналарында айтылады. (Пер-рус. сл, 1983 ІІ, 376). Мұның бәрі адамның жасымен байланысты жұмсалады. Сөз тарихын одан әрі жалғастыра түссек, парсы тілінің өзінде «коһәжал» екі сөздің бірігуінен пайда болған. Біріншісі – «коһән», екіншісі – «сал» (Пер-рус. сл, 1983, ІІ, 376, 12). Алғашқысының мағынасы «ескі» кейінгісі «жыл» деген ұғымдарды береді. Егер екі сөздің қосындысын сөзбе – сөз аударсақ «ескі жыл» болады да, «көп жылдан келе жатқан» деген түсінікке мегзейді. Кім біледі, жоғарыда «қақсал» сөзінің мағынасын түсіндіру үшін келтірілген «кексе тартқан» деген тіркестегі «кексе» сөзінің өзіде парсының осы «коһэнсал» сөзінің қазақ тілінде, қысқара түскен қалпы болуы мүмкін [45, 154 б.]. Біздіңше «қақсал шандыр» дисфемистік метафорасы жеке қолданыста кәрі, жасы ұлғайған, егде кісі дегеннің келтірінді мағынасы ретінде жұмсалып тұр. Сонымен қатар менсінбеушілік, місе тұтпаушылықтыда білдіреді. Мұны кейіпкердің басқа біреуді әңгіме етіп сөз саптау үлгісіненде байқауға болады.

Сонымен жеке қолданыстағы дисфемистік метафораларды саралай, сараптап келгенде оларды мынайдай түрлерге бөлуге болады.

1) Жан-жануарлар дүниесіне ұқсатудан пайда болған дисфемистік метафоралар;

2) Жануарлардың дыбыстарына ұқсатудан пайда болған дисфемистік метафоралар;

3) Тірі жәндіктерге, құрт–құмырысқа атауларына ұқсатудан болған дисфемистік метафоралар;

4) Жансыз заттарға ұқсатудан болған дисфемисттік метафоралар;

5) Жансыз заттарға жанды заттардың қасиетін телуден пайда болған дисфемистік метафоралар т.б.

Сонымен авторлық қолданыстағы дисфемистік метафоралардың көпшілігі мағына жағынан қабыспайтын, жанаспайтын, мүлдем үйлеспейтін сөздерді бір–біріне ұқсатып балау негізінде жасалған. Контекстік метафораларда: “…екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жақындатып жанастыру негізінде астарлы тың мағына” беріледі [92, 140 б.].

Қорыта келгенде, дисфемистік метафораларда көркем сөз шеберлері әдеби шығармаларында орынды пайдаланып, кейіпкерлерінің аузына қиюластыра сөз салып, олардың жағымсыз бейнелерін тамаша сипаттап береді. Ақын-жазушыларымыздың сөз саптауынан шыққан мұндай метафоралардың көркем әдебиет үшін маңызы ұшан-теңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет