Зерттеудің нысаны. Бүкіл халықтық қолданыстағы дисфемизмдер мен жеке қолданыстағы дисфемизмдер.
Зерттеудің пәні. Қазақ тілі лексикасының стильдік топтары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың басты мақсаты - қазақ тіліндегі дисфемизмдердің сөздік құрамда алатын өзіндік орнын айқындау, олардың өзіне тән белгілерін анықтап, өзге лексикалық, стильдік топтардан айырмашылықтарын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді:
- қазақ тіліндегі жалпы қолданыстағы дисфемизмдер мен жеке қолданыстағы дисфемизмдерді жинастыру және олардың қайнар көздерін табу;
- қазақ тіліндегі дисфемизмдердің қолданылу аясын, түрлерін айқындау;
- дисфемизмдердің эмоционалды-экспрессивті сөздерден айырмашылығын көрсету;
- дисфемизмдер мен қарапайым сөздердің өзара айырмашылығын табу;
- дисфемизмдердің құрамында кездесетін көне сөздердің этимологиясын ашу;
- жеке қолданыстағы дисфемизмдердің пайда болу жолдарын анықтау;
- тұрақты дисфемизмдер мен контекстік дисфемизмдердің арақатынасын сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |