Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар тіл білімінің лексикология, семасиология, ономасиология, номинация, тарихи диалектология т.б. салаларында өзекті мәселелерді айқындауға және оларды теориялық тұрғыдан әрі қарай дамытуға жәрдемін тигізеді. Дисфемизмдердің қазақ тілі лексикасының өзге стильдік топтарымен тең дәрежеде қалыптасуына игі әсер етеді.
Зерттеу жұмысын көмекші әдебиет ретінде студенттерге ұсынуға болады, ол болашақ мамандардың білімін толықтыруға көмектеседі. “Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы” пәні бойынша арнайы курстар оқып, семинар сабақтарын жүргізуге, пайдалануға болады. Сондай-ақ бакалавр бітірушілердің курстық жұмыс, бітіру жұмыстарын, магистрлердің диплом жұмыстарын жазуда көмекші құрал қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |