Мамандандырылған спорттық ғимараттар мен кешендер



Дата15.11.2023
өлшемі186,76 Kb.
#123885

Мамандандырылған спорттық ғимараттар мен кешендер


Спорт ғимараттары — спортпен жаппай шұғылдануға, спорттық жарыс өткізуге, дене шынықтыруға арналған ашық немесе жабық алаң, үймерет немесе арнайы жабдық. Оларға спорт ареналары, манеждер, әмбебап спорт сарайлары, қысқы стадиондар, туристік лагерьлер, су станциялары, ипподромдар, дене шынықтыру залдары жатады.
Негізгі құрылысы - стадион, ол шағын, үлкен және олимпиялық болып бөлінеді. Сондай-ақ Спорт құрылысының ареналары қажет кезінде көрме немесе конерт залына айнала алады. Қазақстанда тұңғыш Спорт құрылысы - «Динамо» (1931), «Спартак» (1936) стадиондары Алматы қаласында бірыңғай жобамен салынды. 1955-67 жылдары салынған. Орталық стадион Үлкен спорт аренасы мен Кіші аренадан тұрады. Стадион трибуналарының астында спорт ойындарының,күрес, бокс залдары, жаттықтырушылар мен дәрігерлер бөлмелері, мейманхана орналасқан. Жасанды мұз айдыны бар Спорт сарайына басты зал, мұз дайындайтын машина бөлімшесі, медициналық және методикалық кабинеттер кіреді. 
Жасанды мұз айдыны бар Спорт сарайына басты зал, мұз дайындайтын машина бөлімшесі, медициналық және методикалық кабинеттер кіреді. Алатаудың көрікті Медеу сайында теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан «Медеу» спорт комплексі сәулет өнерінің озық үлгісі қатарына жатады. Қазақстанда қазіргі кезеңде (1987) 155 стадион, 9205 футбол алаңы, 113 бассейн, 8 қолдан жасалған мұз айдыны жұмыс істейді. Қарағандада Спорт сарайы (1958) мен «Шахтер» стадионы (1963), Өскеменде Спорт сарайы (1963) т.б. салынды.
Медеу спорт кешені — жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биікте орналасқан.

Толық атауы

«Медеу» спорт кешені

Орналасуы

Керей-Жәнібек хандар көш., 465, Алматы, 

Салынған

1972 жыл

Ашылған

1972 жыл

Жаңартылған

2001 – 2002, 2008 – 2009

Иесі

Алматы қаласының әкімшілігі

Сыйымдылығы

8100


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет