Мамандық 6В01513-Биология (мамандық шифры және атауы ) «Педагогикалық зерттеулер»



бет17/22
Дата01.11.2023
өлшемі71,71 Kb.
#121231
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Лекция 2

Қазіргі сабақтың моделдері
Бірінші моделі деп дәстүрлі сыныптағы сабақты айтуға болады, ол мектеп тәжірибесінде жылдар бойы тиімді іске асып келеді. Бұл модельде өзіне тән ұғымдық аппарат, мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының мәдениеті қалыптасқан, сондай-ақ сабақтың үштұғырлы мақсаты мен жоспарконспектісі, оқытудың түрлері және әдістері мен тәсілдері, сабақ түрлері және басқа терминдер қолданылады. Сонымен қатар дәстүрлі сабақ әрқашан қазіргі заманауи сабақты өткізудің және ұйымдастырудың негізін қалаушысы болатынын атап кеткен жөн. Сабақ өзгеріске ұшырағанымен, оның негізінде классикалық педагогика мен әдістеме қалады.
Технология ұғымы соңғы жүзжылдықта маңызды ғылыми ұғымдардың бiрiне айналуда. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасын байланыстыратын негізгі тетіктердің бірі.Теория мен практика ұғымдары мәнi жағынан ажыратылғанымен, олар әрқашан өзара тәуелді, өзара тығыз байланыста болып келеді.Бұл әрекеттестiктiң өзгешелiгiн К.Поппер теория мен практиканың бiрлiгiн ажыратпау, екеуінің тұтастығын сақтау деген идеясымен негіздеп көрсетедi. Көп жағдайларда теорияның практикадан ажыратылып кетуінің негiзгi себептерінің бiрi - нақты қолданбалы технология-лардың жоқтығы болып табылады.
Өндiрiс саласында ғана емес, педагогикалық теория мен прак-тикада да тұрақты қолданысқа ие болып келе жатқан «технология» ұғымының шығу тарихына (этимологиясына) қысқаша тоқталып өту маңызды.
Технология сөзi (techne-өнер, шығармашылық, logos-iлiм) грек тiлiнен аударылғанда:
а) өндiрiс үдерісінде шикiзат, материал немесе жартылай фабрикаттың формасын, қасиеттерiн, жағдайын өңдеу, дайындау, өзгерту әдiстерiнiң жиынтығын, мысалы металлдарды өңдеу техноло-гиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;
ә) өндiрiстiң сәйкес келетiн құралдарымен шикiзат, материал немесе жартылай фабрикатқа әсер ететiн тәсiлдер туралы ғылым деген мағынаны бiлдiредi.
Педагогикалық лексикадағы теория, әдiстер, әдiстеме, технология, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғымдарының арақатынасын дұрыс ажырата білу және практикада дұрыс қолдана білу әр мұғалімнің технологиялық құзыреттілігінің басты көрсеткіші. Практикада кейде «технология» ұғымы «әдiстеме» немесе оқытуды ұйымдастырудың «формасы» ұғымының синонимi ретiнде қолданылып кететіні байқалады. Аталған ұғымдардың барлығы оқыту үдерісінде қолданылатын болғандықтан мақсатты түрде олардың мағыналық ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет