Мамандық 6В01513-Биология (мамандық шифры және атауы ) «Педагогикалық зерттеулер»



бет1/22
Дата01.11.2023
өлшемі71,71 Kb.
#121231
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Лекция 2


Мамандық 6В01513-Биология
(мамандық шифры және атауы )
«Педагогикалық зерттеулер» пәні бойынша


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

1-дәріс

Дәріс1. Заманауи педагогтың кәсіби дамуындағы педагогикалық зерттеулердің рөлі мен маңызы

  1. Кіріспе

  2. Ғылым, ғылыми зерттеулер ұғымының мәні

  3. Педагогикалық зерттеулердің рөлі мен маңызы

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:


1.Сламбекова Т.С. Педагогика: жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы. -А. Эверо, 3- кітап, 2022. -266 б.

2.Педагогика.


Жампеисова К.К., Хан Н.Н., Колумбаева Ш.Ж. -Алматы: Улагат, 2022.- 380 с.

3.Таубаева Ш.Т. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері: оқулық. - Алматы. «Қазақ университеті», 2019.-360 б.


Жаһандану үдерісінің ықпалымен XXI ғасырға адамзат үлкен ғылыми-техникалық жетістіктерімен жетіп отырғаны белгілі. Жоғары дамыған электрондық техника, ақпараттық және өндірістік технологиялар, медицина мен генетикалық инженериядағы ашылып жатқан жаңалықтар, физика, сандық технологиялар т.б. салалардағы ғылыми жетістіктер адамзат қоғамының өркендеуіне, ілгері дамуына, адамның өмірін жеңілдетуге көп септігін тигізуде. Демек, түрлі саладағы ғылыми зерттеулер дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік беріп отыр.


Ғылым – көп қырлы құбылыс. Түрлі дереккөздерде ғылымның әрқилы мақсаттары беріледі. Энциклопедиялық сөздікте - ғылым мақсаттар, әрекеттер мен құбылыстардың түсіндірмесі және болжамы деген анықтама берілген. Басқа дереккөздерде ғылымның, ғылыми қызметтің белгілі бір құбылысты оған тән түрлерде сондай-ақ оның қолданылуының болашақта тиімділігін алдын-ала көруге болатындығы айтылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет