Мамандық: қазақ тілі мен әдебиеті



бет2/3
Дата16.02.2022
өлшемі34,57 Kb.
#25614
1   2   3
Байланысты:
Гомер

А

Б

Троя Кіші Азияның солтүстік-батысында орналасқан, онда фригии тайпалары орналасқан. Гректер мен троялықтардың соғысы – бұл алдын-ала тәңірдің ойластыруымен болған оқиға. Ол жөнінде мифология да жер адамзаттың жер бетінде көбейіп кетуіне байланысты адам өсуінің дамуының тоқталуын Зевстен сұранады. Сонда Зевс гректер мен троялықтар арасындағы соғысты бастауды ойлайды. Бұл соғыстық шығуының басты себебі троялық патшаның ұлы Паристің Спарта патшалығы Еленаны алып қашуы еді. бұл ұрлықта таза мифологияға негізделеді. Онда грек патшаларының бірі Пелей теңіз патшасы Нерейдің қызы Фетидаға үйленеді. Пелей мен Фетиданың тойына ұрыс-керіс құдайы Эридадан басқаларының бәрі құрметті қонақ ретінде шақырылады. Осыған кектенген Фетида тойды шырқын бұзу үшін әйел құдайлары Гера (Зевстің әйелі), Афродита (Зевстің қызы), Афина Палада (Зевстің қызы) отырған жерге «Ең сұлуға» деген жазуы бар алтын алма түсіреді. Осы алтын алмаға таласқан үш әйел құдайы бұның төрелігін Зевстен сұрайды. Зевс бұл төрелікті трояндық патшаның ұлы Париске тапсырады. Парис алтын алманы Афродитаға беруге ұйғарады. Ал Афродита биліктің өтемі ретінде Спартандық ханша Еленаны ұрлап әкетуге көмектеседі. Мифте Парис Азияның ең сұлу жігіті де Елена Европадағы ең сұлу әйел деп көрсетіледі.

Еленаның ұрлануы оның күйеуі Меналайды ауыр қайғыға салады. Міне осы кезде «Илиада» поэмасының басты кейіпкерінің бірі Меналайдың ағасы Аргос патшасы Агамемнон тартысқа араласады. Агамемнон барлық Гректің патшалары мен батырларын жасауылдармен бірге Трояға шабуыл жасап, Еленаны қайтарып әкелуге көндіреді. Бұл әскердің құрамында ақылды айлакер Итака патшасы Одиссей, Пелей мен Фетиданың жас ұлы Ахил болды. Сөйтіп әскері флотты қаруланған гректер 9 жыл Трояға және оның одақтастарына қарсы күрес жүргізеді. Бірақ бұл тоғыз жылға созылған соғыс екі жақтан да шешімін таппайды.



«Илиада оқиғалары» соғыстың осы оныншы жылы «Илиада» поэмасының негізгі сюжетін құрайды. Оның өзенде осы оныншы жылдағы 51 күннің оқиғасы суреттеледі. Трояға жасаған шабуыл Илиадада суреттелмейді, дегенмен поэма сол кезеңнің соғыс өнерінен нақты мәлімет бере алады.

Поэманың негізгі желісі І, ХІ, XVI, XX өлеңдерінде Ахилдің ашу-ызасы мен ақыры оның не болғандығы жайлы айтылады. Ахил әскер басы Агамемнонның тұтқын қызы Брейсейданы тартып алғанына ашуланып, ұрыс даласынан кетіп қалады. Агамемнон бұл тұтқын қызды Аполлон құдайдың сұрауымен оны әкесіне қайтару үшін тартып алған болатын. І өлеңде Ахил мен Агамемнонның арасындағы егес, Ахилдің айқас алаңынан кетіп, анасы Фетидаға арыздануы, Фетиданың Зевстен гректерді күйретуі жайлы уәде алуы жырланады.

ХІ өлеңге дейін Зевс берген уәдесін орындамайды. Әңгіме негізгі желісінде гректер Трояндықтардан ауыр соққы алады. XVI өлеңдерде әлсірей бастаған гректер әскеріне Ахилдің сүйікті досы Патрокл көмекке келеді. сөйтіп трояндық батыр Приамның ұлы Гектордың қолынан қаза табады. Бұл Ахилдің соғыс алаңына қайта келуіне әсер етеді. XVIII өлеңде ұста құдайы Гефест Ахилге қару-жарақ дайындайды. ХІХ өлеңде Ахил мен Агамемнонның келісімге келуі, ХХ өлеңде енді соғыс даласында құдайлардың өзі қатысады. ХХІІ өлеңде Гектордың Ахилестің қолынан қаза табуы бейнеленеді. Оқиға желісінің негізгі мазмұны осылай құралады






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет