Мамандық: қазақ тілі мен әдебиеті



бет3/3
Дата16.02.2022
өлшемі34,57 Kb.
#25614
1   2   3
Байланысты:
Гомер

В

Г

«Илиададан» кейінгі оқиғала бұл оқиғалар Троя мифологиясында басқа поэмаларда кеңірек сөз болады. «Илиаданың» жалғасы ретінде есептелетін тұтас поэмалар бізге жетпеген. Олар «Эфиопида», «Кіші Илиада», «Трояның құлауы», «Елге қайту» деп аталады. Бұл поэмаларда Ахилдің трояндықтардың одақтасы амазонка Пентесилеймен айқасы суреттеледі. Айқас Петтесилейдің өлімімен аяқталады. Ахилдің өзі Аполлон жіберген Паристің садағынан қайтыс болады. Ал Трояның құлауы жайлы мифологияға келсек, ақылды да айлакер Одиссейдің ақылымен грек әскері үлкен ағаш ат жасап оның ішіне әскерлер жасырын еніп, қалғандарға елге қайтқан сияқты көрініп, жақын аралдардың біріне жасырынып қалады. Гректер елдеріне қайтты деп түсінген трояндықтарға гректің жансызы іші әскерге толған ағаш атты Афина Палладаның троялықтарға жіберген сыйы деп түсіндіреді. Алданған трояндықтар ағаш атты Трояға кіргізеді. Ал түн ауа ағаш аттың ішінене шығып, гректер қаланы өртеп жібереді.

Одиссея оқиғалары. Мұнда Троя соғысынана қайтқан грек батыры Одиссейдің басынан кешкен оқиғалары суреттеледі. Одиссейдің елге оралуы 10 жылға жуық уақытты қамтиды. Алғашқы үш жылдағы саяхаты поэманың басында поэманың ІХ-ХІІ өлеңдерінде Одиссейдің бір патшалықта той-тойлауы. Біз мұнда Одиссейдің бірде қайырымды адамдар ортасында кейде қарақшылардың ортасында, жер асты патшалығындағы өмірімен танысамыз. ІХ өлеңде әйгілі эпизод жалғыз көзді циклоп Полифеммен күресі суреттеледі. Онда Полифем Одиссей мен оның серіктерін үңгірге қамап қойып, олар үлкен қиындықпен қашып шығады. Одиссей Полифемді шараппен сусындатып, оны жалғыз көзінен айырды.

Х өлеңде Одиссей сиқыршы Кирканың қолына түсіп қалады. Ал Коирка болма, оны жер асты әлеміне өзінің болашағы жайлы білуге жібереді. ХІ өлең осы жер асты әлемінің көрінісі, ХІІ өлеңде Одиссей Калипсонның аралына түсіп қалады. Калипсон оны 7 жыл бойы ұстап отырады. Мұнда құдайлардың Одиссейді отанына қайтаруды және ұлы Телемахтың әкесін іздеуі жөнінде айтылады.



V-VIII өлеңдерде Одиссейдің Калипсон аралынан кетіп бара жатып, өте үлкен дауылға тап болып, Алхиной патшаның елі феакта халықтарына кездескені жайлы бейнеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет