1) Оң жүрекше-оң жүрекшеге жоғарғы және төменгі қуысты вена-вена қанын алып келіп, құяды. Қан тамырларының ашылар жерінде қақпақшалары болмайды. Қосымша қуыстық-оң құлақша болады.
1) Оң жүрекше-оң жүрекшеге жоғарғы және төменгі қуысты вена-вена қанын алып келіп, құяды. Қан тамырларының ашылар жерінде қақпақшалары болмайды. Қосымша қуыстық-оң құлақша болады.
2) Сол жүрекше-сол жүрекшеге 4 өкпе венасы-артерия қанын алып келіп, құяды. Қан тамырларының ашылар жерінде қақпақшалары болмайды. Қосымша қуыстық-сол құлақша болады.
3) Оң қарынша-оң қарыншадан өкпе сабауы (бағаны)-вена қанын алып шығады.
4) Сол қарынша- сол қарыншадан қолқа басталады да-артерия қанын адамның барлық дене бөлігіне таратады.
ЖҮРЕК ҚАБАТТАРЫ:
І. Эндокард-жүректің ішкі қабаты. Ол 3 қабатшадан тұрады: 1-ішкі қабатша
2-ортанғы қабатша
3-сыртқы қабатша
Эндокард қабатының өсінділері жүрек қақпақшаларын түзеді. Ол 2-ге бөлінеді:
а) Үш жақтаулы қақпақша-оң жүрекше қарынша аралығында орналасқан. Дөңес беті жоғарғы жүрекшеге қараған 3 жақтаудан түзілген. Олар сіңір жіпшелер арқылы емізікті еттерге барып бекиді.
а) Үш жақтаулы қақпақша-оң жүрекше қарынша аралығында орналасқан. Дөңес беті жоғарғы жүрекшеге қараған 3 жақтаудан түзілген. Олар сіңір жіпшелер арқылы емізікті еттерге барып бекиді.