|
Мамандық: «Медбикелік іс»
|
бет | 1/4 | Дата | 18.11.2023 | өлшемі | 5,39 Mb. | | #124401 |
| Байланысты: 469415.pptx Мамандық: «Медбикелік іс» Мамандық: «Медбикелік іс» Пән: «Анатомия» Тақырыбы: «Жүрек, орналасуы, құрылысы, камералары, қабаттары қызметі»
Жоспары:
1.Жүрек , топографиясы , құрылысы
2.Жүректің беттері
3.Жүрек камералары
4.Жүректің қабаттары
5.Жүрек қақпақшалары
6.Жүрек шекаралары
7.Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері
ЖҮРЕК
ЖОҚ, ДӘРІГЕР
Жүрегіме жүк артып жүргенімде. Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе? Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген, Уландың ба білмеймін, кірледің бе? Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде, Дәрігер-ау, арқалап жүремін бе? Сорлайтындай соншама кім едім мен, Неге аяныш атасың іренінңен? Айтып өлтір, қайтесің босқа ойланып, Жүрек дерті өлімге бастай ма анық? Адасам ба өмірден жастай қалып? Ет жүрегім кете ме тасқа айналып? Неге айтпайсың, тұрғанша босқа ойланып? Пері соққан пендедей есі жарым, Тамырымда тулайды есіл ағын. Бұл жүректің білмеймін, несін алдым, Несі жоғын білмеймін, несі барын?
Қаным қайнап барады, қаным қайнап, Бір амал тап, дәрігер, халімді ойлап. Алауыртқан ақынның қолын байлап, Әкетпесін ажал кеп, өлімге айдап. ...Жоқ! Дәрігер! Орнатпа басқа жүрек! Басқа лүпіл жасама, басқа леп. Қалай айтам, бүлінген жүрегімді, Білдірмей доғдыр алып тастады деп?! Өңгеріп өгей жүрек қайда барам, Өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам? Сыйыңа рақмет, қайран Адам! Өзімнің жүрегімдей қайда маған? Алмастырам!? Дедің-ау, алмастырам!.. Сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан. Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп, Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам?
Тула, Жүрек! Өкінем мен несіне!? Туған жүрек, әрине, өлмесін бе? ..Жоқ! Дәрігер!
Қозғама, дамылдасын Әрбір жүрек өзінің кеудесінде!
Мұқағали Мақатаев
ЖҮРЕК-кеуде қуысында, алдыңғы-ортаңғы көкірекаралықта орналасқан, бұлшық етті ағза. - ЖҮРЕК-кеуде қуысында, алдыңғы-ортаңғы көкірекаралықта орналасқан, бұлшық етті ағза.
- ЖҮРЕК НЕГІЗІ-жоғары; артқа-оңға қарай орналасқан.
- ЖҮРЕК ҰШЫ-төменгі; алдыға-солға қарай орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|