ЖҮРЕК-кеуде қуысында, алдыңғы-ортаңғы көкірекаралықта орналасқан, бұлшық етті ағза.
Жүрек-қан тамырлары жүйесі бұл жасушалар мен қан, және қан мен қоршаған орта арасындағы заттарды өткізетін қан тамырларының күрделі жиынтығы. Оның компоненттері - жүрек, қан тамырлары және қан.
ЖҮРЕК КАМЕРАЛАРЫ:
Оң жүрекше Сол жүрекше Оң қарынша Сол қарынша
1) Оң жүрекше-оң жүрекшеге жоғарғы және төменгі қуысты вена-вена қанын алып келіп, құяды. Қан тамырларының ашылар жерінде қақпақшалары болмайды. Қосымша қуыстық-оң құлақша болады.
2) Сол жүрекше-сол жүрекшеге 4 өкпе венасы-артерия қанын алып келіп, құяды. Қан тамырларының ашылар жерінде қақпақшалары болмайды. Қосымша қуыстық-сол құлақша бо
3) Оң қарынша-оң қарыншадан өкпе сабауы (бағаны)-вена қанын алып шығады.
4) Сол қарынша- сол қарыншадан қолқа басталады да-артерия қанын адамның барлық дене бөлігіне таратады.
ЖҮРЕК ҚАБАТТАРЫ
І. Эндокард-жүректің ішкі қабаты. Ол 3 қабатшадан тұрады: 1-ішкі қабатша
2-ортанғы қабатша
3-сыртқы қабатша
ІІ. Миокард-көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарынан түзілген. Олар кардиомиоциттерден тұрады-ол құрылым бірлігі болып табылады. Ол 1 немесе 2 ядролы келген көлденең жолақты ет талшықтарынан бөлімшесі.
ІІІ. Эпикард-жүрекшенің сыртқы қабаты. Жұқа дәнекер тінді қабатпен қапталған. Құрамында сірлі клеткалар бар. Олар перикардтың қуыстығына сірлі сұйықтық бөледі.