Мамандық: пмно-205 Тақырыбы: Педагогикалық кəсіп жəне оның қазіргі қоғамдағы рөлі. Мақсаты


Педагогика тарихында қолданылатын диалектикалық әдіс



бет2/5
Дата13.11.2022
өлшемі22,01 Kb.
#49839
түріСеминар
1   2   3   4   5
2. Педагогика тарихында қолданылатын диалектикалық әдіс. Даму үдерісінде заттар мен құбылыстар қандай өзгерістерге ұшырайды, бұл өзгерістердің диалектикалық әдіс өзара байланысы қандай, даму үдерісін, заттардың арасындағы әр түрлі байланысты адам өз санасында қалай бейнеленетінін түсіндіретін – диалектикалық әдіс.
Педагогика тарихында қолданылатын философиялық диалектикалық әдіс: педагогикалық құбылыстардың өтетін орны мен нақты жағдайларын, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байланысын өзара әрекеттестікте қарастыруды талап етеді. Әр құбылыс өзінің даму барысында зерттелуі тиіс. Зерттеуші осы құбылысқа қандай жаңалық енгізетінін әрқашан анықтап алуы керек.
3. Әдіснамалық білімдер құрылымы. Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анық-талады. Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқа-шан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Теория – педаго-гикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді. Тео-рия – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса, осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және прак-тикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастыру-дың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекетті және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Педагогика әдіснамасының мазмұнын анықтаудың қалыптасқан бағыттарына тоқталайық. М.А. Даниловтің педагогика әдіснамасы жайлы ғылыми мақалалары осы саладағы еңбектердің іргетасына жатады. М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анық-тамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен не-гіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі болып табылады».
В.В. Краевский, М.А.Данилов ұсынған педагогика әдіснамасы-ның анықтамасын қабылдай отырып, «педагогиканың әдіснамасы педа-гогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсіл-дердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылы-ми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі»,- деп тұжырымдайды
Заманауи анықтамаларға жақынырақ әдіснама мазмұнының анықтамасын В.И. Загвязинский берді: «Педагогиканың әдіснамасы – бұл педагогикалық білім туралы, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру әдіс-тері және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе жетілдіру үшін практикалық қолдану шарттары туралы білім».
Педагогиканың әдіснамасы түрлі мағыналарда, мәндерінде және түрлі қырларында түсінілуі мүмкін. Педагогика әдіснамасы – педагог-тардың ғылыми-танымның тиімділігі мен нәтижелігіне жетуді қамта-масыз етудегі әрекетінің құрылымы, логикалық ұйымдастыруы, әдіс-тері мен тәсілдері, олардың мақсаттары мен қызметтері туралы ілім.
Сонымен, педагогика әдіснамасыкең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін жәнетар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.
Педагогтің әдіснамалық мәдениетінің құрамы мыналарды қамтиды: әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми әрекетін талдау қабілеті), ғылыми негіздеуге қабілеті, сыни талқылауға және нақты тұжырымдамаларды, танымның, басқа-рудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен пайдалануға қабілеттілік.
Әдіснамалық мәдениеттің жетекші компонентіәдіснамалықрефлексияболыптабылады, олзерттеушіге өзінің ғылыми жұмысын талдап, жетілдіруге, ал ЖОО оқытушысына болашақ зерттеушілерді даярлауды заманауи ғылым деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік бе-реді. Педагогикалық зерттеулердің сапасын арттыру үшін екі бағытта әрекет қажет: әдіснамалық білім бар ғылым саласын жетілдіру және осындай білімдерді педагог-зерттеушілерді даярлаудың мазмұнына ен-гізу. Зерттеушінің әдіснамалық рефлексиясының мазмұны зерт-теу сапасын бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық зерттеудің ке-лесідей сипаттарында көрінеді: мәселе, тақырып, өзектілік, зерттеу нысаны, оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжам, жаңалық, ғылым үшін маңыздылығы, тәжірибе үшін маңыздылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет