1-тапсырма. Орындаған: Жолтай Жансая
Мамандық: ПМНО-205
Тақырыбы: Педагогикалық кəсіп жəне оның қазіргі қоғамдағы рөлі.
Мақсаты: Ғылыми білімді жүйелеу, әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, көпшілік алдында сөйлеуге үйрету.
Жүргізу формасы: семинар-конференция
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: 1. Педагогика тарихы ғылымы, мақсаты мен міндеттері.
2. Педагогика тарихында қолданылатын диалектикалық әдіс.
3. Әдіснамалық білімдер құрылымы.
4. Педагогика тарихын зерттеудегі негізгі тұғырлар.
5. Тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері.
1. Педагогика тарихы ғылымы, мақсаты мен міндеттері.Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Педагогика тарихы – тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдау үрдісінде қалыптасқан қоғамдық ғылымдар арасында өз орны бар ғылым.
Педагогика тарихы ғылым ретінде – тарих және педагогика ғылымдары түйісінде, кейіннен философия салалары – әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымымен кіріктіре байланысу негізінде ауқымын кеңейтіп дамуда.
Педагогика тарихының мақсаты - жас ұрпақтарға тәрбие мен білім беруде дүниежүзіндегі педагогикалық ойлар мен тәжірибенің пайда болып, тарихи қалыптасуы мен дамуынан мағлұмат беру және жалпы адамзаттық құндылықтарды игертіп, студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын арттырып, педагогикалық танымын және педагогикалық ойлау қабілетін дамыту және педагогика тарихының негізгі категорияларын игерту.
Педагогика тарихының міндеттері
— дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері мен даму белгілерін, жағдайлары мен алғышарттарын, оның бірлігі мен жан-жақты байланысын, сонымен қатар, бастау көзі мен зерделеу әдіс-тәсілдерін және өткен дәуірдегі құнды педагогикалық бағыттарын сұрыптап, педагогика тарихының ұғымдарын қалыптастыру;
— әртүрлі тілді, мәдениетті халықтардың әрбір тарихи дәуірлердегі білімінің мән-жайы, мүмкіндіктері мен ауқымы, оны жүзеге асырудың жолдары мен құралдары, дәрежесі мен жағдайы, педагогикалық идеялардың өзгешеліктері мен мазмұндық ерекшеліктерін айқындап, тәрбие мен оқыту мәселелерін шешудің шаралары жайлы түсініктерді нақтылап, оны толықтыруға обьективті жағдайлар жасау;
– білім берудің мақсатын, міндеттерін белгілеу мен ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана білуге және оны нақты педагогикалық дәстүрлермен ұштастырып, “адам-қоғам-табиғат” жүйесінің байланысын рухани-адамгершілік, эстетикалық, т.б. тұрғыдан түсінуге, жүйелі тарихи-педагогикалық білім, әдістемелік дағды мен іскерлікті қалыптастыру.
Педагогика тарихының дамып жетілуі - ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилон, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдерінің еңбектерінде саясат, тәрбие мемлекет, жеке адам туралы құнды пікірлермен жалғасын тапты.
Педагогика тарихынан туындайтын тәрбие – белгілері тарихи жағдайларда ғана көрініп және жойылып отыратын басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда ол демек, тәрбие мәңгі бақи категория қатарына жататындыға ғылымда анықталып отыр. Сонау орта ғасырда адамзат ілімінің молаюын, ақыл – парасатының жетілуін, оқу –ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын анықтауда, орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі – тәрбие, оның теориясын жасаушылырдың төлбасы - Әбу Насыр Әль- Фараби болды.Фараби ғылымды жіктеуде педагогиканы азаматтық ғылымға жатқызды. Фарабидің оқу – тәрбие, білімнің теориясының негізінде салғанын Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы атты еңбегінде айқындала түскенін, ағылшын социалист утописі Томос Мордың (1478-1535) өз тәжірибесінде қалай пайдаланғанын анық көреміз.
Педагогика тарихынан белгілі болғанындай, Ибн Сина адамның жан-жақты дамуын және жетілуін тәрбие, оқу, еңбектің жемісі деп қарастырды. Жүсіп Баласағұн ХI ғасырда Фараби ілімін жалғастыра отырып, өзінің Құтты білік дастанында отбасы тәрбиесінің негізін салды. Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашидиде, Қадырғали Қосымұлы Жалаири Жылнамалар атты еңбегінде, Орта Азия ғұламалары Әлішер Науаи; Омар Хайям еңбектерінде бір ғана еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәні, оның адамгершілік, ақыл – ой тәрбиесімен негізделгенін өз еңбектерінде атап көрсетті.тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, ХII ғасырдың басына дейін педагогика философияның бір бөлігі ретінде қарастырылып келді. Шынында да, қазірдің өзінде философтардың қай – қайсысы болмасын тәрбие мәселесінен айналып өтпейді. Осының өзі педагогика тарихының проблемасының қоғам мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.
Мұндай тәрбиелік тағылымдар мен педагогикалық ойлар және оқу үрдісінің үлгілі тұжырымдары күні бүгінге дейінгі әлеуметтік – қоғамдық дәуірде ұштасып, өзінің тарихи шешімін тауып отыр.
Қоғамдық өмірдің оқыту және тәрбие теориясы мен практикасы сияқты ең қажетті құбылысына бұл қағиданың тікелей қатысы бар.
Педагогика тарихы зерттегеніндей, педагогиканың өзі ғылым ретінде философиямен бірдей деңгейде келеді. Ағылшын жаратылыстанушысы және философы Френсис Бэкон (1501- 1626) 1623 жылы өзінің Ғылымның қадір – қасиеті және жетілуі трактатын жазды. Бұл еңбегінің ол ғылымдарды жіктей отырып, педагогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы ретінде қарастырды.
Сол кездің өзінде – ақ педагогиканың өзінің статусы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592 - 1670) еңбегінде беки түсті. Оның Ұлы дидактика Аналар мектебі атты еңбектерінде педагогиканың теориялық мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасы тәрбиесі мәселелерін биікке көтерді, оның басты мәселелерін шешіп берді.
Педагогика тарихында ХII- ХХ – ғасыр аралығында оқу – тәрбие мәселерінің өрбуі мен шешілуі ұлы өзгерістер әкелді. Педагогикалық теорияны дамытушы педагогтар қатары әр елде өсті. Әсіресе, Ресей озық педагогикалық ойдың отанына айналды. Олар : К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов, В.И.Водовозов, Л.И.Толстой , 60 жылдары орыстың революционер педагогтары Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов сынды педагогтар педагогиканың демркратиялық бағытта дамуына және халық оғарту проблемаларының түпкілікті қайта құрылуы және шешілуі халық революциясына тәуелді екенін дәлелдеді.
Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен қарай бастаған Шоқан, Абай, Ыбырай да сол дәуірдің – қазақ даласына одақтас елдердің озық мәдениеті иен ізгі әсерін жая бастаған дәуірдің жаршысы болды.
Демек, Қазақстандағы педагогикалдық ой – пікір ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы, түптеп алғанда қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік – саяси, философиялық және этикалық көзқарастармен өзекті байланыста дамып жатты.
1999 жылы жазылған Әйел - жұмысшы атты алғашқы еңбегімен Ресейдегі жұмысшы әйелдердің тұрмысын, өмірін ашық көрсеткен, көрнекті педагог – Н.К.Крупская бала тәрбиесіне сол кездің өзінде жаңаша қарады.