“Мамандыққа кіріспе” пәні


Жүйенің жұмыс істеу шарттары



бет15/38
Дата31.10.2023
өлшемі2,41 Mb.
#121217
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
Менеджмент

Жүйенің жұмыс істеу шарттары:

  • Жүйенің жұмыс істеу шарттары:
  • Бірінші шарт – жүйе элементтері арасындағы және ең алдымен басқарушы жүйе мен басқарылушы жүйелер арасындағы себеп-салдарлы байланыстардың болуында. Мұның мәнісі – басқарушы кіші жүйе мен басқарылушы объект екеуінде де болатын өзгерістерді сезініп отырса, яғни кері байланыс болса, сол жағдайда ғана басқару мүмкін болады деген сөз. Кері байланыстың болуы басқарудың ең маңызды шарты болып табылады.
  • Екінші шарты – жүйенің серпінділігі. Жүйе бір сапалық жүйеден екіншісіне көшуге қабілетті болып, бұл орайда жүйе күйінде қала беруге тиіс.
  • Үшінші шарты – жүйеге әсер еткен жағдайда процесстің өтуін өзгертуге болатын параметрінің болуы.

Төртінші шарты – жүйенің басқарушылық ықпалын күшейтуге, яғни басқару объектісінің субъектіге тікелей ықпал жасауды сезінуі ғана емес, сонымен қатар, субъект жөнінде жасайтын ықпалын күшейте түсуге де қабілеттілігі.

  • Төртінші шарты – жүйенің басқарушылық ықпалын күшейтуге, яғни басқару объектісінің субъектіге тікелей ықпал жасауды сезінуі ғана емес, сонымен қатар, субъект жөнінде жасайтын ықпалын күшейте түсуге де қабілеттілігі.
  • Бесінші шарты – жүйеде басқару хабарламасын беру, жинақтау және өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл басқару объектісіне әсер етудің уақыт пен кеңістіктегі алшақтықтарға байланысты болуы мүмкін екендігімен түсіндіріледі.
  • Алтыншы шарты – жүйенің сындарлы сипаты. Мұнсыз бақылау мен басқару мүмкін емес. Кибернетикалық жүйенің айрықша ерекшелігі оны біртұтас организмнен басқаша деп санауға болады. Кибернетикалық жүйе жекеленген элементтердің бытыраңқы жиынтығы емес, қайта берік байланысты ақпараттық желі болып табылады.

2. Ашық және жабық жүйе

  • 2. Ашық және жабық жүйе
  • Жүйенің негізгі екі типі болады: ашық және жабық. Жабық жүйенің белгіленген нақты шекарасы болады, оның іс-әрекеті қоршаған орта жүйесіне біршама тәуелсіз. Ашық жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен тығыз байланыстылығында. Энергия, мәліметтер, материалдар – бұл жүйе шекарасы арқылы сыртқы ортадан енетін объектілер. Мұндай жүйе өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, оның өмір сүруі сырттан келетін энергияға, мәліметтерге және материалдарға тәуелді. Сонымен қоса, ашық жүйенің сыртқы орта өзгерістеріне бейімделгіш қабілеті бар және мұның өзі жүйенің одан әрі жұмыс істеуі үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет