Бейресми ұйымдар адамдар тобының арасында болатын күнделікті әлеуметтік қарым-қатынастар негізінде кездейсоқ құрылатын ұйым. Бейресми ұйымдар барлық ресми ұйымдардың арасында кездеседі.
.
Бейресми ұйымның ресми ұйымнан айырмашылығы: ресми ұйымдар алдын ала жасалынған жоспар бойынша құрылады және ұйымның құрылымы мен типі басшылық арқылы алдын ала бекітіледі.
Бейресми ұйымның ресми ұйымнан айырмашылығы: ресми ұйымдар алдын ала жасалынған жоспар бойынша құрылады және ұйымның құрылымы мен типі басшылық арқылы алдын ала бекітіледі.
Ал ресми емес ұйымның құрылымы мен типі әлеуметтік қарым-қатынас арқылы құрылады. Бірақ, әдетте біз ұйым сөзін қолданғанда ресми ұйым туралы айтамыз
Күрделі ұйымдар.
Күрделі ұйымдар өзара байланысты мақсаттар жиынынан тұрады. Мыс: «Магдональдос» ұйымы 7 мыңнан астам өз бетінше жұмыс істейтін кәсіпорындардан тұрады. Оның әрбір кәсіпорынының өнімді өткізу және пайда табу бойынша өз алдына жоспарлары бар. Сонымен қатар олардың мақсаттары өзара байланысқан және тәуелді.
Мыс: егер сатып алу бөлімі өнімдерді тиімді бағада сатып алмаса, ал маркетинг бөлімі сатып алушыларды тарта алмаса, технологтар өнімді өндіруде тиімді технологияны таба алмаса, онда ресторан көздеген пайдасына жете алмас еді.
Барлық күрделі ұйымдар өзара байланысты мақсаттарға ие. Сонымен қатар мақсатты бағытталған іс-әрекет жүргізетін топтар ғана емес, олар барлық күрделі ұйымдарға тән ортақ сипатқа ие.
1. Ресурстар. Ұйым қолданатын негізгі ресурстар: адам, ресурстар, капитал, материал, технология және ақпарат.
1. Ресурстар. Ұйым қолданатын негізгі ресурстар: адам, ресурстар, капитал, материал, технология және ақпарат.
2. Сыртқы ортадан тәуелділігі. Сыртқы ортаға: экономикалық жағдайлар, тұтынушылар, кәсіподақтар, үкімет актілері, заңдар, бәсекелестер және т.б. жатады. Бұл өзара байланысты факторлар ұйымның ішкі ортасына әсер етуі мүмкін. Мыс: өндіріске жаңа автоматтандырылған технологияны енгізу осы құрал-жабдықта жұмыс істей алатын жаңа жұмысшыларды іздеуге мәжбүр етеді.
3. Көлденең (горизонтальды) еңбек бөлінісі. Үлкен көлемді жұмысты көптеген арнайы тапсырмаларға бөлу ұйымның өнімді көп өндіруіне әсер етеді. Өндірістік кәсіпорындағы көп кездесетін горизонтальды еңбек бөлінісі: өндіріс, маркетинг, қаржы. Бұлар фирманың алдына қойылған мақсатына жетудегі негізгі қызмет түрлері.