Жоғарғы деңгей басшылары әдетте олардың саны өте аз: кеңес председателі, президент, вице-президент.
Ұйымның басқару деңгейлерін келесі 1 суретте көрсетілген.
суретті сипаттасақ: шартты түрде айтатын болсақ, компанияда құрылымдық басқару жоғарғы, орта, төменгі буын болып бөлінеді.
суретті сипаттасақ: шартты түрде айтатын болсақ, компанияда құрылымдық басқару жоғарғы, орта, төменгі буын болып бөлінеді.
Жоғары буын басқарушылары- құрылымдық басқарудың жоғарғы өкілдері. Олар ұйымға деген жауапкершілігі жоғары және ұйымда үстем басқарушы тұлғалар.
Орта буын басшылары- құрылымдық басқарудың орта буыны, олар жоғарғы басқару деңгейі мен орта буындарды байланыстыра отырып, үлкен жауапкершілікке ие болатын деңгей. Олар жоғарғы буын басшыларының міндеттемелерін төменгі буынға жүргізіп, төменгі буын менеджерінің қызметін бақылайды.
Төменгі буын басшылары- құрылымдық басқарудың орта деңгей өкілдері. Олар өздеріне тиесілі міндеттерді атқарады. Оларды бақылаушы- менеджер деп те атайды.
3. Өнімділік - әдетте тиімділікті сандық түрде көрсетуге болады. Ұйымның салыстырмалы тиімділігі «өнімділік» деп аталады. Өнімділік сандық көрсеткіштерде көрсетіледі. Сонымен қатар тауардың сапасы өнімділіктің негізі болып табылады. Егер өнім көлемі өскенмен сапасы төмен болса, онда өндірістің өнімділігі төмендейді.
Жетістікке бағытталған басқару
Ұйым өз мақсатына жеткенде ғана жетістікке жетеді. Ұйымның жетістігін құрайтын элементтері:
1. Өмір сүруі. Өмір сүру немесе ұзақ уақыт жұмыс істеу көптеген ұйымдардың басты мәселесі болып келеді және олар әрі қарай жұмыс істеу үшін сыртқы әлемнің қажеттіліктеріне сәйкес өз мақсаттарын өзгертіп отырады. Барлық ұйымдар уақыт өткен сайын тұтынушылар үшін өнім және қызметтің жаңа түрлерін жасап шығарады.
2. Нәтижелік және тиімділік – ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп және табысты болу, өз мақсатына жету үшін ұйым тиімді де нәтижелі болу керек. Белгілі зерттеуші Питер Друкердің айтуы бойынша нәтижелік «қажет және дұрыс нәрселер істеліп жатыр» дегеннің салдары болып табылады. Ал тиімділік «сол қажет және дұрыс нәрселер дұрыс жолмен жасалып жатыр» дегеннің салдары болып табылады. Бұл екеуіде ұйым үшін бірдей маңызды.