Басқару теоретиктері басқарудың идеалдық нормасын анықтауға зор көңіл бөледі. Шет елдерде бұл мәселемен басқарудың «әкімшілік» мектебі шұғылданады. Олар әр түрлі санды ұсынады, ал бірқатар авторлар ең дұрыс нормасы 7-ден 10-ға дейінгі бағыныштылар.
Басқару нормасы мәліметтерді қабылдау және өңдеу мүмкіндіктеріне, адамның күш қуат мүмкіндіктеріне, басқару жұмыстарын орындаудың күрделігіне қарай белгіленеді.
Басқару нормасы мәліметтерді қабылдау және өңдеу мүмкіндіктеріне, адамның күш қуат мүмкіндіктеріне, басқару жұмыстарын орындаудың күрделігіне қарай белгіленеді.
Жұмыскерлердің жекеленген категориясы үшін жасалған басқару нормасы болады. Мәселен бір басшыға (директорға, төрағаға) 5-7 бас маман мен бригадир бекітіп берген тиімді деп есептеледі, басқару қызметі қарапайым болып келетін ең төменгі деңгейдегі басқаруға бригадирлерге тікелей орындайтын 24-25 адам бекіткен қолайлы.
Тақырып 7. Басқарудың ұйымдастыру-құқықтық нысандары
Дәріс мақсаты: кодекстерді түсіндіру
Мәселелі сұрақтар
1. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі және ұйымдастыру –құқықтық түрлері
. Шаруашылық серіктестіктердің сипаттамалары және олардың түрлері
Өндірістік кооперативтегі басқаруды ұйымдастыру
Менеджер – шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару жағынан арнайы кәсіптік білім бар, жалдамалы басқарушы.
Менеджер – шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару жағынан арнайы кәсіптік білім бар, жалдамалы басқарушы.
Іс қимылы мен тұрмыс әрекетіне сәйкес кәсіпкерліктің екі түрі болады:
Бұрынғы классикалық кәсіпкерлік – шаруашылықтың қолда бар ішкі ресурстарын тиімді пайдалана отырып нәжижелі болуды көздейтін кәсіпкерлік.
Қазіргі заманғы кәсіпкерлік – қолда бар пайда көзін емес, әр түрлі жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген.
Қазіргі заманғы кәсіпкерлік – қолда бар пайда көзін емес, әр түрлі жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген.