Өндірістік кооперативтің жалпы жиналысының өкілеттілігі. Жалпы жиналыс:
1. Кооперативтің жарғысына түзетулер енгізеді
2. Атқару органын, тексеру органын, байқаушы кеңес құрады және олардың мүшелерін сайлайды, кері шақырады.
3. Кооперативке мүшелікке алады және мүшеліктен шығарады.
4. Жылдық есепті және бухгалтерлік балансты бекітеді, пайда мен зиянын бөледі.
5. Кооперативті тарату және қайта құру туралы шешім қабылдайды
4. Шаруа қожалықтарын басқару және оның қажеттілігі
Фермерлік шаруашылықтардың негізгі міндеттері:
1.Аграрлық өнімдерді өндіру;
2.Табиғи, еңбек және заттық ресурстарды ұтымды, тиімді пайдалану мақсатында қосалқы іс-қызметтерді дамыту
3. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және оның өнімділігін, құнарлығын арттыру;
4. Жанұя мүшелерінің барлығын, олардың денсаулығына, демалысына зақым келтірмей, жұмыспен толық қамту;
5. Ауылдың (өзі тұрған), ауданның әлеуметтік, мәдени, экономикалық көркеюіне еңбегімен, қаражатымен араласуы;
6. Өсіп келе жатқан балаларын еңбек сүйгіштік, қоршаған ортаны сүю, қорғау, көбейту рухында тәрбиелеу.
Шаруа қожалықтарын құрудың қажеттігі:
1. Экономикалық факторлар - азық-түлік проблемаларын шешу және аграрлық өндірісті тиімді пайдалану;
2. Әлеуметтік факторлар - ауылшаруашылық қызметтерінің өздерінің экономикалық мүдделерін іске асырулары;
3. Саяси факторлары - ауыл тұрғындарының өз саясат еркіндіктерін іске асырулары.
Тақырып 8. Әрекеттестіктерді ұйымдастыру және өкілеттіліктер
Дәріс мақсаты: өкілеттіліктердің түрлерін талдау
Мәселелі сұрақтар
Менеджмент жүйесінде өкілеттілікті беру және оның түрлері
. Өкілеттілікті берудің негізгі принциптері
3. Басшылықты тиімді атқару элементтері және қажетті факторлары
Берілетін өкілеттіліктер:
Берілетін өкілеттіліктер:
1. Сызықтық өкілеттіліктер, ол басшыдан кейінгі бағынушыларға (кейінгі басшыларға) тізбек, сату бойынша беріледі.
2. Аппараттық (штабтық) өкілеттіліктер, олардың түрлері.
3. Ұсыныстылық өкілет, сызықтық басшылар консультативтік (кеңес беруші) аппараттан кеңес сұрағанда, не болмаса тығыз, күрделі, маңызды жағдайларда шешу жағдайындағы штабтық апарат кеңесі, немесе кеңес беруші қызметшілеріне берілетін ұсыныстылық өкілеттілік.