Серіктестіктің жұмысын басқару кең демократияға негізделінеді:
1. Серіктестікті басқару негізі болып Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі есептелінеді.
2. Әрбір серіктестік Кодекске сүйене отырып, өз жарғысын жасайды. Жарғы серіктестіктің барлық іс-қызметтерін, басқарылуын анықтайтын құжат болып есептелінеді.
3. Серіктестіктің жоғарғы басқару органы болып құрылтайшыларының жалпы жиналысы есептелінеді.
4. Күнделікті ағымдағы жұмыстарды іске асыру атқару органының міндеті болып саналады.
Шаруашылық серіктестігі құрылтайшыларының құқықтары:
4. Серіктестік тарай қалған жағдайда одан белгілі бір үлесін алуға;
5. Серіктестіктен заңда көрсетілген жолмен шығуға және шыққан жағдайда серіктестік мүлкінен үлесін алуға.
Шаруашылық серіктестігінің қатысушыларының міндеттері:
Шаруашылық серіктестігінің қатысушыларының міндеттері:
1. Құрылтайлық құжаттарының міндеттерін сақтау;
2. Құрылтайлық құжаттарда көрсетілген тәртіпте, уақытта, тәсіл-амалмен үлестерін, мүліктерін қосуға;
3. Кәсіпкерлік құпия деп жарияланған мәліметтерді таратпауға.
3. Өндірістік кооперативтегі басқаруды ұйымдастыру
1. Өндірістік кооперативтегі басқару кең демократияға негізделеді.
2. Өндірістік кооперативтегі басқаруды ұйымдастыру негіздері Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде анықталады.
3. Азаматтық кодекске байланысты әрбір өндірістік кооператив өзінің жарғысын жасайды. Жарғыда өндірістік кооперативтің сан-қилы қызмет (жұмыс) жағдайлары анықталады.
4. Өндірістік кооперативтің ең жоғарғы басқару органы болып оның мүшелерінің жалпы жиналысы есептелінеді.
5. Ағымдағы күнделікті басшылықты іске асыру үшін атқару органы құрылады және оның төрағасы сайланады.