Басқару теоретиктері басқарудың идеалдық нормасын анықтауға зор көңіл бөледі. Шет елдерде бұл мәселемен басқарудың «әкімшілік» мектебі шұғылданады. Олар әр түрлі санды ұсынады, ал бірқатар авторлар ең дұрыс нормасы 7-ден 10-ға дейінгі бағыныштылар.
Басқару нормасы мәліметтерді қабылдау және өңдеу мүмкіндіктеріне, адамның күш қуат мүмкіндіктеріне, басқару жұмыстарын орындаудың күрделігіне қарай белгіленеді.
Басқару нормасы мәліметтерді қабылдау және өңдеу мүмкіндіктеріне, адамның күш қуат мүмкіндіктеріне, басқару жұмыстарын орындаудың күрделігіне қарай белгіленеді.
Жұмыскерлердің жекеленген категориясы үшін жасалған басқару нормасы болады. Мәселен бір басшыға (директорға, төрағаға) 5-7 бас маман мен бригадир бекітіп берген тиімді деп есептеледі, басқару қызметі қарапайым болып келетін ең төменгі деңгейдегі басқаруға бригадирлерге тікелей орындайтын 24-25 адам бекіткен қолайлы.
Тақырып 7. Басқарудың ұйымдастыру-құқықтық нысандары