ШЫҒЫС ТЕХНИКАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Тақырыбы: «Менің жетістігім – менің нәтижем»
Тәрбие сағаты 23-СБ-2,4 тобы
Өткізгендер:
З.Ж. Тайбуганова
К.Л.Бактиярова
Өскемен қ.,
2023
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді.
Оның негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады.
Сабақтыі мақсаты: Студенттердің еңбек туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Источник: https://www.tarbie.kz/8351
Сабақтың әдіс - тәсілі: әңгімелесу, сұрақ - жауап.
І Ұйымдастыру
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек!
Студенттердің қызығушылығын ояту.
Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Қандай адамды еңбекқор дейміз?
Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
Балалар, адамға өмір сүру үшін нелер қажет?
Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді
Мұғалімнің сөзі.
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да - балалар, яғни бүгінгі ұрпақ - ертеңгі елдің болашағы. Баланың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін шығармашылық бағытына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Сондай – ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дарындылықтарын дамытуға ықпал етуде.
Дарындылық - бұл адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс - әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Дарынды оқушы дегеніміз - өз қатарларынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс - әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып жоғары жетістіктерімен дараланатын бала!
Бойында Абайдың ақылы, Бұхардың батасы дарыған, Абылайдың ары, Жамбылдың жаны, Қасымның қаны бар дархан қауым!
Бүгін «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты тәрбие сағатын өткізбекпіз.
Үйге нұр, ұяға көрік, тұрмыс ажар, көңілге базар сыйлайтын ол, әрине, - бала. Ал егер бала ұқыпты болса ол тіпті, нұр үстіне нұр болары ақиқат. Ғұламалар: «Адам баласының бойындағы дарындылық тек бір ғана пайызды. Ал қалғаны оның тәрбиесі мен өзінің өсіп жетілгеніне байланысты» дейді. Бұған қарағанда, адам бойындағы дарындылық қасиет барлық адамда болса керек. Көп жағдайда ол адамның өз қолыңда секілді.
Сергіту сәті « Дұрыс па, бұрыс па?»
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
Колледждің «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандығын дайындайтын еңбеккер маман, арнайы пәндер оқытушысымен
Н.М.Қасымов. (әңгіме жүргізу)
Сұрақ - жауап
- Неліктен бұл мамандықты таңдадың?
- Сабақ оқуға кедергі бар ма?
- Көшбасшы болу үшін адамда қандай қасиеттер болу керек?
- «Жетістікке жету- өз қолыңда», - деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Кімге еліктейсің?
Презентация «Менің жетістігім – менің нәтижем»
Ақылды, белсенді, тәуелсіз, тәрбиелі, ғылым мен оқуды сүйетін патриот болуымыз керек. Біз өзімізді толық білімді адамбыз, - деп әлі елестей алмаймыз, біз тек сондай болуға ұмтылыс үстіндеміз, сол идеалға жету жолындамыз.
Сендерге білімді адамға жету үшін:
мақсат, ниет, ынта, еңбекқорлық, табандылық, оптимизм, жігер, батылдық, шыдамдылық, ақылдылық, жүйелілік, алға ұмтылушылық, қызығушылық, білуге ұмтылу, қайрат, төзімділік, намыс қасиеттер қажет екен.
Қорытынды
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |