Мамандығы: Электроэнергетика Орындаған: Кубеев Арсен Нұсқа


Жамбыл облысындағы басқа да күн электр станциялары



бет4/7
Дата10.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#136080
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ИВИЭ ргр 2 Кубеев Арсен

Жамбыл облысындағы басқа да күн электр станциялары
Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында 150 мегаваттық жаңа күн электр стансасының құрылысын жүргізу мақсатында 300 гектар жер телімі берілген. Жобаны іске асыру мерзімі 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде күннен, желден және судан энергия өндіретін 327,6 мегаваттық 17 станса бар. Бұл республика бойынша 20%-ті құрайды. «Қазақстан Республикасының «Жасыл» экономикаға өту» жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес, 2050 жылға жасыл энергия көздерінен өндірілетін қуат күшін 50% жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда облыста табиғат көздерінен энергия қуатын өндіру орындары нақтыланып, ол 2020-2030 жылдарға арналған болжам картасына енгізілген. Осылайша 2020-2030 жылдар аралығында жиынтық қуаты 836 мегаватты құрайтын 12 жобаның тізімі жасалды. Бұдан бөлек, облыс аумағындағы өзендерге және су қоймаларына су электр стансаларын салу бойынша болашақта жүзеге асырылатын жобалар тізімі де әзірленген. Бұл бойынша 2021-2030 жылдар аралығында электр қуатын өндіретін стансалар санын 32-ге жеткізіліп, 1251 қуат өндіру жоспарланған. Бұл жобаға Жамбыл ауданы «Родина» ЖШС күн сәулелі электр стансасының да құрылысы енгізілген. Аймақта жел электр стансасы іске қосылғаннан бастап экологиялық таза энергия өндірілуде. Қазіргі уақытта қуаттылығы 54 мегаватт болатын қосымша 3 блокты стансаның құрылысы жүргізілуде. Биыл Шу ауданындағы Тасөткел су электр стансасының екінші кезеңі іске қосылды. Сондай-ақ өңірде жаңартылмалы энергетикалық жобалар мықтап қолға алынған. Атап айтсақ, Қаратау қаласының маңында 4 және 4,5 мегаватты құрайтын 2 жел электр стансасын салу жоспарлануда. Жаңартылған энергия көздерін құрайтын нысанның бірі – Жуалы ауданындағы күн электр стансасы. Онда сағатына 100 мегаватт энергия өндіріледі. Енді дәл осындай, бірақ өндірістік қуаты 150 мегаватты құрайтын күн электр стансасы Жамбыл ауданында да салынбақ. «Родина» ЖШС күн сәулелі электр станциясының құрылысы энергетика саласында іске асырылатын инвестициялық жобасы болып саналады. Жоба бастамашысы «Родина» ЖШС. Серіктестік өкілі Евгений Варягиннің айтуынша, жобаның құны 20 миллиард тенгені құрайды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысында жобалық қуаты 50 мегаватт күн электр стансасының құрылысы басталды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 2022 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарланған құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.


Бұл жоба аясында тартылған инвестицияның жалпы сомасы 16 млрд. Жергілікті атқарушы органдар инженерлік инфрақұрылымды орнатуға байланысты мәселелерді шешуге көмек көрсетеді. 300 гектар жер телімі бөлінді. Бас мердігер RODINA компаниясы (Украина).
Жоба жетекшісі Денис Ткаченконың айтуынша, күн электр стансасының құрылысы кезінде 170 жұмыс орны ашылған, ал зауыт іске қосылғаннан кейін 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Станцияда орнатылған күн батареялары арнайы механизм арқылы қозғалады. Мұндай заманауи қондырғы облыста алғаш рет пайдалануға беріліп отыр.
Айта кетерлігі, Жамбыл облысында жаңартылатын энергия көздерінің жалпы саны 17-ге жетті. Олардың жалпы қуаты 388 мегаватт. Бұл қондырғылар елдегі жаңартылатын электр энергиясының 20 пайызына дейін өндіреді.



Қорытынды
Қорытындылай келе, Қазақсатандағы күн электр станциялары туралы, яғни нақтырақ айтқанда Жамбыл облысындағы күн электр станциялары тура көптеген ақпараттар алдық. Станцияның қуаты, бір жылда өндіретін энергия мөлшері, құрылған жылы, құны, қай аймақты энергиямен қамту үшін құрылғаны, қандай аумақты алып жатқаны, қазіргі жағдайы, перспективасы, экологиялық және экономикалық тиімділігі, станцияда орналасқан негізгі және қосымша қондырғылар туралы көптеген ақпараттар алдық деп ойлаймын!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет