Мамандығы: Электроэнергетика Орындаған: Кубеев Арсен Нұсқа


- Жамбыл облысындағы «Бурное-Солар» күн электр станциясы -



бет2/7
Дата10.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#136080
1   2   3   4   5   6   7
- Жамбыл облысындағы «Бурное-Солар» күн электр станциясы
- Қордай ауданындағы «Отар» күн электр станциясы
- Жамбыл облысындағы басқа да күн электр станциялары

Жамбыл облысындағы «Бурное-Солар»
күн электр станциясы және Жамбыл облысы
Жамбыл облысында орналасқан қуаты 50 МВт-тық «Burnoe Solar-1» күн электр стансасы бүгінде толықтай жұмыс істеп тұр. Күн нұрынан қуат алатын еліміздегі алғашқы станцияның тыныс-тіршілігімен танысу үшін Жуалы ауданына ат басын тіреген едік. 
Күн панельдері алыстан мұнартып көрініп, көкжиекке сіңіп кетеді. Олай болуының өз себебі бар. Станса алқабы 150 гектарға созылып жатыр. Мұнарланған панельдер жақындаған сайын зорайып, ішке кіргенде құдды әлем тек солардан тұратындай көрінеді. Бізді кіреберісте қарсы алған «Бурное Солар – 1» күн электр стансасының директоры Иван Заварин атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Жалпы, «Бурное Солар – 1» өз жұмысын 2015 жылы бастаған болатын. Бастапқыда бета режимде іске қосылған станса бүгінде бар күшіне енген. Мұнда көлемі 1,5 шаршы метр болатын, арнайы Германиядан алдырылған 192 мың күн панелі орнатылған. Станса директорының айтуынша, таңдаудың неміс маркасына түсуінің өз себебі бар. SolarWorldAG компаниясының панельдердің жұмыс істеу мерзімі – 25 жыл. Мұншалықты ұзақ мерзімге кез келген елдің өнімдері жарай бермейді. Сондықтан, таңдау немістерге түскен екен.


«Бурное Солар – 1» құрылысына жалпы сомасы 23 миллиард теңге жұмсалған. Жобаға «Самұрық-Қазына Инвест» пен ұлыбританиялық «United Green» компаниясы инвестиция құйған. Сондай-ақ, заемдік жолмен де қаржы тартылыпты. Мекеме мамандарының сөзіне сүйенсек, станса өз құнын 16 жылда өтеп шығады.
Күн электр стансасы жұмысының өз ерекшеліктері бар. 192 мың күн панелінен жиналған тоқ қуаты 32 инверторлық станцияға беріледі. Мұндағы қуат орталық стансаға жалғанған. Осылайша топтасқан электр қуаты «KEGOC»-тың торабына беріледі. Станса қызметкерлерінің айтуынша, олардың міндеті осы арада аяқталады. Тоқты қажеттілікке жұмсау «KEGOC»-тың құзіретінде. Айта кетерлігі, әзірге күн қуатынан алынған электр энергиясының құны дәстүрлі түріне қарағанда қымбаттау. «Оның себебі, жобаны жүзеге асыруға жұмсалған қаржының аз еместігінде жатыр. Станса өз құнын өтегеннен бастап қуат құны арзандайтыны сөзсіз», – дейді жоба менеджері Павел Комнаревцев.

192 мың панельді бақылап отыру бір компьютерге байланған. Осы арада жауапты мамандар бәрін көз алдында ұстап отырады. Алда-жалда бір панельден ақау шықса, осындағы монитордан көрінеді. Ондай жағдайда жөндеуші мамандар бұзылған панельді қайта қалпына келтіреді. Жалпы, «Бурное Солардың» құрылысына 300-ге жуық жұмысшы тартылған. Ал бүгінде мұнда 40-қа жуық адам қызмет етеді.

Өкінішке қарай, күн электр стансасының кемшілігі де бар. Күн көзі көрінбей қалған, бұлтты күндері өндіру қуаты 5 есеге дейін түсіп кетеді екен. Мәселенің бәрі күн шуағына тікелей байланысты. Бір қызығы, қуат жинақтауға ауа райының ыстық-суықтығы әсер етпейді. Керісінше, жаздың аптап ыстығында күн панельдері қоңыржай уақытқа қарағанда азырақ электр өндіреді. Сондықтан, жобаны Жуалыда, тау етегіне жүзеге асыру жоспарланған.


Қыста күн шығып тұрса, панельдер әдеттегідей қуат жинақтайды. Алайда, күн қысқа болғандықтан, өндіретін электрдің жалпы мөлшері азаятын көрінеді. Сондай-ақ, жауған қардың станса жұмысына келтіретін кедергісі шамалы. Қар қанша қалың жауса да, күн түскенде панель қызып, қарды ерітіп жібереді екен. Әрі оны тазалап шығу да оңай емес. Әр қатардың бір басынан екінші басына жүріп өту үшін кемінде 10 минут кетеді. Ал мұндай қатардың саны – 180. Осы орайда қардың өздігінен еріп кетуі жұмысты жеңілдетеді.

«Осы кемшіліктерді ескере келе электр қуатын жинақтап тұратын аккумулятор сатып аламыз ба деп ойлаған едік. Әр панельге жеке-жеке аккумулятор керек. Бірақ олардың бәрін сатып алсақ, қазіргі станса құнымен бірдей болады екен. Әрі ондай аккумуляторлардың қызмет көрсету мерзімі – 15 жыл. Яғни, сол мерзімнен кейін станса салуға жұмсаған қаржыны қайта құюға тура келетін еді. Сондай-ақ, аккумулятор пайдаланғанда кететін электр шығыны көбейіп кетеді. Осыларды ескере келе, қазіргі күйінде қалдыруды жөн көрдік», – дейді Иван Заварин.
«Бурное Солар 1» жобасы Еуразиялық қайта құру және даму банкі тарапынан да жоғары бағаланды. Лондонда өткен жыл сайынғы бас қосуда ЕҰДБ өкілдері, «Бурное Солар»-ға арнайы сыйлық табыс етті.

Әзірге «Бурное Солар – 1» 50 МВт қуатпен жұмыс істеп жатыр. Болашақта аталған мөлшерді 100 МВт-қа дейін жеткізу жоспарланған. Осы мақсатта «Бурное Солар – 2» жобасы жүзеге асырылады. Айта кетерлігі, жобаның екінші бөлігіне күн панельдері «Экспо – 2017» жазу үлгісінде қойылмақ.

Жамбыл облысында «Бурное–Соляр-1»-дан басқа да баламалы энергия көздері салынып жатыр. Мәселен, 2012 жылы Қордай ауданында қуаты 7 МВт-тық «Отар» күн электр стансасы және қуаты 1,5 МВт-тық жел электр стансасы пайдалануға берілді. 

Бурное 1 күн элетростациясының техникалық көрсеткіштері:


- Аумағы-150 Га
- Қуаты-50 МВт
- Болжамды өндіру электр энергиясын –73.18 млн кВт/сағ
- Қҧрылыс кезеңі –10 ай
- Пайдалануға қабылданды Сəуір 2015
- Жобаның қҧны-$135.23 млн
- Өңделген электр энергиясы
- 2016-78.97 млн кВт/сағ
- 2017-82.39 млн кВт/сағ
- 2018-50.42 млн кВт/сағ

Бурное 2 күн элетростациясының техникалық көрсеткіштері:


- Аумағы-74 Га
- Қуаты-50 МВт
- Болжамды өндіру электр энергиясын–78,9 млн кВт/сағ
- Құрылыс кезеңі –9 ай
- Пайдалануға беру 4 маусым 2018
- Жобаның құны-$ 77.78 млн
- Өңделген электр энергиясы - 2018-17.48 млн кВт/сағ
Жамбыл облысында жаңартылған энергия көздерін дамытуға барлық жағдай жасалуда. Қазірдің өзінде өңірде 13 баламалы энергия көздері жұмыс істейді десек, олармен еліміздегі күн, жел және су арқылы алынатын электр энергиясының 20 пайызы қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғыда өңірдің әлеуеті зор және оны толық көлемде пайдалану қажет. Кезекті аппараттық кеңесте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді, — деп жазады “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Баламалы энергия көздерін дамыту бойынша жұмыстар ойдағыдай жүріп жатыр, оған климаттық жағдайымыз да қолайлы. Осы орайдағы еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш бізге тиесілі. Сондықтан жұмысты жалғастыра отырып, түрлі нұсқаларды қарастырып, инвесторлар тарту қажет. Баламалы энергетика – бұл стратегиялық маңызды бағыт, оны дамыту Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатқанын еске салғым келеді, — деп атап өтті облыс әкімі.
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, алдағы екі жылда жалпы қуаты 98,2 мегаватт болатын жаңартылған энергия көздерінің тағы төрт нысанын іске қосу жоспарланған.
— Жаңатас пен Қаратауда екі жел электр станциясы, Көксай өзенінде және Тасөткел су қоймасында екі су электр станциясы салынады. Осылайша, 2022 жылға қарай жаңартылған энергия көздері нысандарынан алынатын энергияның жалпы көлемі 430,6 мегаватты құрайтын болады, — деді басқарма басшысы.
Осылайша, жаңартылған энергия көздерінің нысандары Байзақ, Жамбыл және Мойынқұмнан басқа барлық аудандарда жұмыс істемек.
Аталған аудандар басшыларының айтуынша, мұндай нысандардың құрылысы біраздан бері жоспарланғанымен, инвестиция тартылмағандықтан, кейінге қалдырылып келеді.
Сондай-ақ, Қ.Қорғанбаев 2023-2025 жылдарға жоспарланған төрт жоба туралы айтып берді. Олар – Меркі өзеніндегі су электр станциясы, Жамбыл ауданындағы күн электр станциясы және Талас пен Шу аудандарындағы екі жел электр станциясы. Бұл электр станцияларының жалпы қуаты 177,5 мегаватты, ал инвестициялар көлемі – 80 миллиард теңгені құрайды. Инвестициялық қаражаттың тапшылығына байланысты тағы төрт жобаны іске асыру кейінге шегеріліп отыр. Олардың қатарында Шу ауданындағы үш нысан және Қордай ауданындағы бір нысан бар. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін 93 миллиард теңге қажет. Осы төрт жаңартылған энергия нысаны іске қосылған кезде олар аймақты тағы 310 мегаватт энергиямен қамтамасыз ете алатын еді.
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев инвестиция тарту жұмыстары туралы баяндады. Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының мамандары инвесторлар мен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша кеңес беріп, өңірдің инвестициялық имиджін ілгерілету бойынша жұмыс жүргізуде. Орталық түрлі мемлекеттердің елшіліктерімен белсенді ынтымақтастық орнатуда.
Облыс әкімі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына аудандар бойынша баламалы энергия көздерін дамыту картасын әзірлеуді тапсырды.
— Біз жаңартылған энергия көздері нысандарын салу үшін қай жерде және қандай мүмкіндіктер бар екенін нақты білуіміз керек. Менің ойымша, барлық ауданда оларды салуға мүмкіндік бар. Бізде облыстың энергетикалық әлеуетін іске асырудың ауқымды жоспары болуы тиіс, — деді өңір басшысы.
Өңірдің баламалы энергия көздерін дамыту картасы бір айдан кейін ұсынылуы тиіс. Оны әзірлеумен облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары басқармалары айналысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет