65.Әйелдің сыртқы жыныс ағзалары: үлкен және кіші жыныс ернеулері. Қынап кіреберісі. Кіреберістің үлкен, кіші бездері. Деліткі. Қыз қынабының жарғағы.
66.Еркек пен әйелдің кіші жамбас астауындағы ағзалардың топографиясы.
67.Шат (бұтаралық): жамбас астау көкеті. Еркектер мен әйелдердің несеп-жыныс көкеттері.
Y. ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ 68.И.П.Павлов және П.К.Анохиннің (фунциональді жүйелер) физио-логиялық еңбеңтерінде нерв жүйесінің функциональды мінездемесі.
69.Нерв жүйесінің организмдегі басты орны, органдар функциясына маңызы, организмнің бөліктерінің біртұтастығы және организмнің сыртқы ортамен байланысы. Нерв жүйесінің филогенезі мен онтогенезі. Нерв жүйесінің құрылыс элементтері. Нейрон. Нейроглия. Жұлын мен бас миының ақ және сұр заты; ядролар, түйіндер (ганглийлері). Нерв талшықтары, шоғырлары, түбірлері. Әртүрлі функциялардың орталығы және өткізуші жолдары. Жұлын мен бас миының элементарлы және интеграциялық аппараттары. Нерв жүйесінің дамуына, құрылысына және орталық пен шеткі жүйелердің қызметіне байланысты, сондай-ақ соматикалық және вегетативті (автономды) болып бөлінуі.
70.Жұлын. Пішіні, топографиясы, ішкі құрылысы — сұр, ақ заттары, орталық өзек. Жұлын сегменті. Түбіршіктер, жұлын түйіндері. Жұлын нервтерінің құрылуы.
71.Ми. Ми сабауы, оның ішкі құрылысы, жұлынға ұқсастығы және айырмашылығы.
72.Сопақша ми, оның беттері, ішкі құрылысы. Ядролары мен өткізгіш жолдары.
73.Артқы ми. Көпір, оның беттері, құрылысы. Ядролары, өткізгіш жолдары. Мишық, оның пішіні, беттері, бөліктері, ішкі құрылысы. Мишық ядролары. Мишықтың аяқшалары, олардың құрамы.
74.Төртінші қарынша. Ромбтәрізді шұңқыр, оның рельефі. Ромбтәрізді шұңқырдағы бассүйек нервтері ядроларының проекциясы.
75.Ромбтәрізді мидың қылтасы, оның бөліктері.
76.Ортаңғы ми, оның бөліктері. Ортаңғы мидың қақпағы, оның құрылысы. Мидың аяқшалары, оның құрылысы. Ядролары және өткізгіш жолдары. Ортаңғы мидың суқұбыры.