144. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі. Жұлындағы орталықтары. Симпатикалық сабау, түйіндері, түйіндер аралығындағы және дәнекер тармақтар. Симпатикалық сабаудың мойын, кеуде, бел, сегізкөз бөліктерінен шығатын нервтер. Мойын мен баста орналасқан ірі қан тамырларын бойлай жүретін (ішкі ұйқы, сыртқы ұйқы өрімдері және т.б.) вегетативтік өрімдер. Кеуде қуысындағы вегетативтік өрімдер (кеуде қолқасының өрімі, өңеш, өкпе, жүрек өрімдері). Іш қуысы мен жамбас астауының ішіндегі вегетативтік өрімдер: іш қолқасының, құрсақ, жоғары және төменгі шажырқай, бүйрек үсті безінің, жоғарғы және төменгі құрсақ асты өрімдері және т.б.).
4. Тәжірибелік дағдылар тізімі:
ОҚТЕ әдісі бойынша тәжірибелікті дағдыны жүргізу үшін әрбір кезеңде студентке 15 тапсырмалы билетті таңдау ұсынылады. Әр қайсысы 2 «қадамнан» тұрады. Әр «қадам» балды жүйеде бағаланады.
1- кезең
Билет № 1
1. Бет сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ми сауытының сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 2
1. Жоғарғы белдеу сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Төменгі белдеу сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз және жіктеңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 3.
1. Аяқтың еркін бөлігінің сүйектерінің қаңқасын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қолдың еркін бөлігінің сүйектерінің қаңқасын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 4.
1. Білезік сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Тілерсек сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 5.
1. Кеуде торының сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Омыртқа жотасының бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Достарыңызбен бөлісу: |