43.Өт түтіктері және өт қабы, олардың құрылысы, қызметтері. Бауырдағы қан тамырларының ерекшеліктері. Өт түтіктері мен өт қуығының рентгенанатомиясы.
44.Ұйқы безі, топографиясы, құрылысы, қызметтері, ішастарға қатынасы. Ұйқы безінің түтіктері. Ұйқы безінің эндокриндік бөлігі.
45.Тоқ (жуан) ішек,оның бөліктері. Жуан ішектің қабырғасының
құрылысы (шырышты қабық,шырышасты негізі, бұлшықеттік, сірлі қабықтар).
46.Соқыр ішек, оның пішіні, орналасуы. Илеоцекальды клапан. Илеоцекальды тесік. Құрт тәрізді өсінді, ішастарға қатысы, орналасу варианттары.
47.Жиек ішек:оның бөліктері, ішастарға қатысы. Орналасу варианттары.
48.Тік ішек: оның бөліктері, құрылысы, топографиясы, ішастарға қатысы, тік ішектің сфинктерлері.
49. Жуан ішектің рентгенанатомиясы. Тірі адамдағы жуан ішектің әртүрлі бөліктерінің пішіндері және орналасуы.
50.Ішастар (ішперде). Париетальды және висцеральды ішастар. Іш қуысы және ішастар қуысы. Іш қуысының алдыңғы қабырғасындағы париетальды ішастардың топографиясы, оның кіндік сақинасына, шап және сан өзектеріне қатынасы. Шажырқайлар. Үлкен және кіші шарбылар. Құрсақ қуысының жоғарғы қабатындағы қуыстар. Ішастардың іш қуысының артқы қабырғасындағы және кіші жамбас астауы қуысындағы топографиясы. Байламдар, қатпарлар және шұңқырлар. Ағзалардың экстра- интра- және мезоперитонеальды орналасуы, жіңішке және жуан ішектердің орналасуының және бекітілулерінің анатомиялары.
51.Тыныс алу жүйесі Тыныс алу ағзаларының филогенезі мен онтогенезі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдары.
52.Мұрын, мұрын қуысы. Мұрын маңындағы қойнаулар. Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі.
53.Көмекей.Топографиясы, құрылысы: шеміршектері, байламдары, буындары, көмекейдің бұлшықеттері, олардың қызметтері. Көмекей қуысы.
54.Дауыс қатпарлары және кіреберіс қатпарлары, көмекейдің эластикалық конусы. Дауыс саңылауы, көмекей қарыншасы. .
55.Кеңірдек, бронхтар,олардың топографиясы және құрылысы.
56.Өкпелер, олардың пішіні, топографиясы (синтопиясы мен скелетотопиясы), құрылысы, қызметі. Өкпе қақпасы және түбірінің элементтері.Бронхтардың өкпе ішіндегі тармақтануы. Өкпенің үлестері, бронхөкпе сегменттері және үлесшелері. Өкпенің құрылымдық және қызметтік бірлігі (өлшемі) — ацинус. Өкпе шекараларының дене сыртындағы проекциялары. Кеңірдектің, бронхтардың және өкпенің рентгенанатомиясы.
57.Өкпеқап: висцеральды және париетальды өкпеқаптар. Өкпеқап қуысы. Өкпеқап қойнаулары, олардың функциональдық маңызы. Өкпеқап шекараларының дене сыртындағы проекциясы.