Стилистикалық коннотация стилистикалық мән-мағына,
бояу ұғымдарын бере отырып,
тілдік бірліктердің қосымша
мағына берушілік қасиетін ашып көрсетеді, яғни экспрессивті-
эмоционалдық және функционалды-баға берушілік мағыналары
қарым-қатынастың нақтылы қолданыс аясы мен шарттарына
байланысты туындайды. Әсіресе функционалды стильдің белгілі
бір түрінде стилистикалық коннотацияның тұрақты белгілері
пайда болады:
прагматика, инерция, молекула (ғылыми стиль),
заңды тұлға, келісімшарт, өкім, мәлімдеме (ресми стиль), ре-
портаж, бас мақала, хабарлама (публицистикалық стиль),
жанр, стиль, идея, сөз-образ (көркем стиль) т.б.
Стилистикалық коннотация белгі-қасиеті тілдік бірлік-
тердің барлық түрінде (лексикалық сөздерде, тұрақты сөз
тіркестерінде, сөзжасамдық тұлға-бірліктерде,
синтаксистік құ-
рылымдарда) көрініп, стилистикалық әсер тудыруға көмек-
теседі.
Заман мен замана, тату мен тонның ішкі бауындай,
тыңдамау мен сөзін құлаққа ілмеу, пысық пен пысықай, оқыды
мен оқып тастады, айта бастады мен айта жөнелді сөзде-
рінің соңғы сыңарларының экспрессивті-эмоционалдық қасиеті,
стилистикалық мәні оларға жалғанған қосымшалар не тіркескен
көмекші етістіктер, фразеологиялық байлаулы тіркестер арқылы
айқынырақ көрінеді. Стилистикалық мәнде жұмсалатын тіл
бірліктері, бояулы сөз өрнектері коннотация ұғымын қалыптас-
тыра түседі. Сөйтіп, коннотация – стилистикалық экспрессивтік-
бағалауыштық категория ретінде танылып, «стилистикалық
норманы құрудың негізгі тәсілі» болып саналады. Қазіргі тіл
ғылымында стилистикалық коннотацияның негізгі арқауы
болатын мынадай түрлері (аспектілері) көрсетіліп жүр: стилис-
тикалық тапсырма, стилистикалық мағына, стилистикалық әсер.
Стилистикалық тапсырма
тікелей авторға тәуелді, автор таны-
мынан туындайды, ал стилистикалық әсер адресатқа (қабыл-
даушыға) бағытталып, оның ақпаратты қабылдау реакциясын,
ой-сезімін тудыруға негіз болады. Бұлар сөйлеушілердің қарым-
қатынасында көбінесе сұрақ-жауап формасы арқылы жүзеге
асады. Сонымен стилистикалық коннотация – заттық-логикалық
және грамматикалық мағыналарға қосымша жүктелетін экспрес-
сивтік және стилистикалық қасиеттер.
Негізгі стиль құраушы факторлар
функционалды стиль-
дердің жүйелілігін қамтамасыз етеді.
Стиль жүйелілігінің негі-
зіне оны құрайтын тілдік бірліктердің бір мақсат негізінде өзара
тығыз байланысып бірігуі жатады. Мысалы,
ғылыми стильде
жалпылама, дерексіз мәнге ие бірліктер белсенді рөл атқарса,
көркем стильде керісінше, көркем-бейнелі тілдік нақтылыққа ие
бірліктер маңызды болады.
Достарыңызбен бөлісу: