75. Стильаралық бейтарап лексикаға қандай сөздер жатады? Оның функционалды стиль лексикасынан айырмашылығы неде? Лингвистикалық әдебиеттерде лексикалық топтар саны әр турлі қаралып жүр. Мысалы, жалпы қолды тұрмыстық лексика, сөйлеу тілі, әскери, кітаби, поэтикалық, диалектілік, ресми-іс қағаздар лексикасы, т. б.Сондай-ақ бұдан өзгерек, яғни әлгі аталған салаларды топтап, жинақтап беру әдісі де бар. Бұл әдіс бойынша лексика үш салаға бөлінеді: сөйлеу тілі, бейтарап және кітаби лексика. Ауадан гөрі таза оттекте заттардың тотығу процесі күшті жүреді. Бұл үзіндіден аспан, ауа, жер, су, өзен, тау аттарының ғылыми стильде де, сондай-ақ көркем әдебиет тілінде де қолданыла беретінін көреміз. Олар өзге стильдерде де жұмсалады. Міне, мұндай сөздерді, яғни стиль түрлерінің қай-кайсысында да қолданылатын тілдік құбылыстарды бейтарап немесе стиль аралық лексика деп атайды.Бейтарап лексикаға жататын сөздер қай тілде де сан жағынан біраз бар. Оған ең алдымен жоғарыда аталған аспан, жер, су, ауа, жел, өзен, тау тәрізді табиғат құбылыстары жатады.Сондай-ақ абстракт мағыналы сөздер де бейтарап лексикаға жатады. Өйткені олар да белгілі бір ғана стильде емес, әр түрлі стильде жұмсалып отырады. Мысалға, қасиет деген сөзді алып көрейік. Бұл ресми-кеңсе стилінде де, ғылыми және публицисти-калық стильде де қолданылады.
76.Варваризм терминіне анықтама беріңіз. Варваризмдердің қолданылу тәсілдеріне қазіргі көркем шығарма, БАҚ материалдары негізінде мысал ұсыныңыз. Варваризм ( гр. barbaros – бет елдік ) - белгілі бір тілдің қалыптасқан нормаларына кіріспейтін, ондағы сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз тіркестіру заңдарына сәйкеспейтін, зәрушілігі шамалы бөтен тілдің сөздері мен сөз қолданыстары.
Варваризм бөтен елдердің өмірі мен тұрмыс-салтындағы ерекшелігін суреттеуде қолданылады. Мысалы: Саметтің "яханнанына " Васяның "Хендехох! " дегені араласа шықты. - Нама боп кетті бу (Ғ. Мүсірепов).
Варваризмдің пайда болуы кірме сөздермен байланысты. Басқа тілден ауысқан кірме сөздер кабылдаушы тілде алғашында өздерінін шет тілдік сипатын сақтаған кірме элементтер ретінде қолданылады, ал кейін олар бөтен тілдің сипатын сақтап қолданылған жағдайда варваризм деп аталады.
Көркем әдебиеттің негізгі құрамы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе,жазушы тілді сондай жақсы білуі керек.Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік, ұяң әдеп тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге керекті тамаша көркемдері де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоныстары да бар. Солардың ішінен ең жақсыларын таңдап, талғап алудың және оларды сөйлемде орнын тауып қиюластыру, талғай білудің негізінде көркем әдебиет жасалады.Кейде тың сөз көрер көзге шет сөздермен шектесіп жатуы да мүмкін. Ал орынсыз қолданылған шет сөз – неологизм емес, варваризм. Мысалы, Н. Наушабайұлының мына бір өлеңін алсақ:
Жаһилдер ғалым сөзін тыңдамаған,
Шарғиға мықтап белін байламаған.
Деген екі қатар өлеңде жаһил (дінсіз), шарғи (дін) деген сөздердің қазақшасын алған қандай оңды болар еді, бірақ бұдан бір ғасыр бұрын өткен Нұржан ақынға мұны айту, әрине, қиын.
БАҚ материалдары дегенде Нартай Аралбайұлының сөздерінен қарайық.