М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет60/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

Арғымағың жамандап, 
Тұлпар қайдан табарсың? 
Тұйғыныңды жамандап, 
Сұңқар қайдан табарсың? (Асанқайғы.) 
Бұйрықты сөйлемдердің де мазмұны бірдей бола бер-
мейді. Себебі бұйрық қалай, қандай жағдайда, қандай мақсатта 
айтылғанына байланысты, соған қарай бұйрықты сөйлемдердің 
интонациясы, баяндауыштарының құрамы, сөйлемде орналасу 
тәртібі де әр түрлі. Мысалы, Бұл аудиториядан шық! дегенді 
Шық бұл аудиториядан! деуге болады. Екеуі де бұйрықты сөй-
лем. Бірақ екеуінің стильдік мағынасы бірдей емес: бірінші сөй-
лем жай кейіспен айтылған ойды білдірсе, екіншісі қатты ашу-
мен айтылған қатал бұйрықты аңғартады. Айтылу сазы да екі 
түрлі. Бірі – бәсең дауыспен, екіншісі – қатал, көтеріңкі дауыс-
пен жеткізіледі. Осындай айырмашылықтарды дұрыс танып, 
сөйлемнің әр түрін өз орнында дұрыс пайдалана білу керек. 
Бұйрықты сөйлемнің стильдік мәнері, көркемдік қызметі
әсіресе көркем әдебиет стилінде анық байқалады. Мысалы,
Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында «Оян, Тұрар!» фор-
малы сөйлемінен айқын көрінеді: 
Оян, Тұрар! - деді әкесі, екі тізесін бауырына жиып, екі 
қолын тізесіне қысып, бүрісіп ұйықтап жатқан баласына; - 
Оян, Тұрар! Надзиратель келгенше тағы тыңдап ал, - дейді; -
Оян, Тұрар! - деп иығынан тартқылады Рысқұл баланы. Оян! 
Таң атып келеді. Сен тыңда. Әлі әңгіме біткен жоқ қой (Ш.М.). 
Сондықтан да мұны жазушы шығармашылығының стильдік мә-
нерді беруінің бір көркемдік тәсілі, тілдік бейнесін айқындау-
дың cинтаксистік амалы деп түсінеміз. 
Лепті сөйлемдер кісінің түрлі көңіл-күй әрекетін, эмоция-
лық сезімін білдіру үшін көбінесе көркем әдебиет стилінде жұм-
салады. Олар таңырқауды, таңдануды, қорқуды, жаны ашуды
армандауды, өкінуді, сескенуді жеткізеді. Мұндай мәндегі сөй-
лемдердің эмоционалдық мағына-бояуларын дәл танып жұмсай 
білудің стилистика ғылымы үшін мәні зор. 
Қап, мен де кешігіппін! Апырай, аман болғай-ақ та! 


Стилистика талаптары тұрғысынан біршама аяқталған 
ойды толымды сөйлеммен де, толымсыз етіп те беруге болады. 
Толымды сөйлемнің сипаттамасы – белгілі ойға керекті 
сөздердің сөйлем ішінде түгелдей қамтылып берілетіндігі. Мен 
көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай) – деген сөйлем толымды, 
ойға қатысты сөздердің барлығы қатыстырылған, оны басқаша 
өзгертіп не түсіріп айтуға болмайды. Өйткені Абай өлеңінің сол 
сөйлемінде «мен» деген бастауышқа ой екпіні түсіп, сол сөз 
басқа сөзден басым мағынада айтылған. Кей жағдайда ойымыз-
ды нақты, дәл, ықшам етіп жеткізуде толымсыз сөйлемдерді 
жұмсаймыз. Мұндай сөйлем түрлерін мәнмәтін (контекст) 
ішінде қалай қолдануға, қандай мақсатпен жұмсау ерекшелік-
теріне байланысты пайдаланамыз. Ой дәлдігін сақтау, стиль 
түрлерін ажырату амалдары ретінде де қарастырамыз. Мәселен, 
толымды сөйлемдер ғылыми әдебиет стилінде жиі қолданы-
лады, өйткені баяндалатын ой толық, жүйелі болып жеткізілуі 
шарт. Ал толымсыз сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде, көркем 
әдебиеттегі диалогтерде жиі қолданылады. Мұнда кейіпкер ті-
лінде жұмсалатындықтан, сұрақ-жауап түрінде көбінесе сөйлем-
дері қысқа, жалаң, толымсыз болып келеді, ой тұжырымды, 
әсерлі етіп беріледі:
- Қарағым-ай, қазақпысың? 
- Иә, қазақпын. 
- Қазақ болсаң, қарағым-ай, қара қазақпысың, өкіметтің 
кісісімісің? 
- Ендеше, қарағым-ай, сүйемелдеп жібер, мен сияқты 
нашар кісіні (С.Мұқанов). 
Сөйтіп, сөйлемнің толымсыз болуы оның жұмсалу жағ-
дайымен, ойдың мақсатына қарай, басқа сөйлемдермен қаты-
сына байланысты болады. 
Сөздерді, кейде грамматикалық тұлғаларды ортақтастыру 
– сөйлемдерді тұжырымды, ықшамды етіп құрудың тәсілі. Бұл 
тәсілді дұрыс түсініп, жазуда дұрыс пайдалана білу үшін оның 
мынадай орындарға ортақ бола алатынын білу керек: 
1. Екі іргелес сөйлемді бір баяндауышқа ортақтастырып 
айтуға болады: біресе қар жауады, біресе жаңбыр жауады – 
біресе қар, біресе жаңбыр жауады.


Мұны синтаксисте «сыйыса құрмаласу» деп үнемдеу 
құбылысына жатқызады. «Қоянды қамыс өлтірер, ерді намыс 
өлтірер» дегендегі екі сөйлемді сыйыстыруға болады. Бірақ еке-
уінің экспрессивтілігі жағынан мәні бір емес: алдыңғы бөлігінде 
экспрессивті мағына бар да, соңғыда ол солғын көрінеді. 
2. Қатар айтылған сөйлемдердің алдыңғыларында атал-
ған мүшелерді соңғы сөйлемдерге ортақ етіп толымсыз сөйлем 
құрауға болады! Астана – жаңа да заманауи қала, оның үс-
тіне көркем де келбетті қала (Газеттен). 
3. Сөз мағынасы ортақ толымсыз сөйлемдер сөйлеу сти-
лінде, кейіпкердің диалогтерінде жиі кездеседі: 
- Уа, көш көлікті болсын! 
- Айтсын, аға! 
- Отауларың, әне, тігулі тұр. 
- Кешке келіңіз. 
- Жоқ … 
4.Жіктік жалғаулары сөйлемдегі бастауыштың, тәуелдік 
жалғаулары ілік жалғаулы анықтауыштардың қай жақтық екені 
белгілі болатындықтан, ол мүшелерді түсіріп, сөйлемді толым-
сыз етіп жұмсау көп стильге тән ерекшелік: 
Мен ырзамын – Ырзамын. Менің айтатын сөзім көп – 
Айтатын сөзім көп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет