ғынасы бірдей емес, стильдік елеулі айырмашылық болады,
екіншіден, синонимдердің бәрі бірдей
етістікпен тіркесе бер-
мейді
(көмектессін деп жіберді – көмектескелі келдім). Сино-
нимдер, көбінесе, мағына дәлдігі үшін, кейде жазу стилін түр-
лендіру үшін де қолданылады.
Сөйлемдердің өзара синоним болу заңдылықтары бар.
Мұндайда баяндауыштың ұйымдастырушылық және байланыс-
тырушылық қызметінің мәні зор. Мәселен, хабарлы сөйлеммен
берілетін ойды сұраулы сөйлем түрінде де айтуға мүмкіндік бар:
туған жерді сағынып келуші едім – туған жерді кім сағын-
байды?
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің синонимдігі мәсе-
лесіне де сақтықпен қарауды зерттеушілер ескертеді:
Мен оны
бес саусағымдай білемін – Мен бес саусағымды қандай білсем,
оны да сондай білемін.
Оқуға келдім – оқу үшін келдім – сөз тіркестерінің сино-
нимдігі.
Керегеге кілем ұсталған –
керегеге кілем ұстаған – сөй-
лемдерінің синонимдігі негізінде
баяндауыштардың арасында
етіс мағынасындағы қатынастар жатуы мүмкін.
Септік жалғаулары да синтаксистік синонимдердің жа-
салуына негіз болады:
бұйрықпен марапаттау – бұйрық бойын-
ша марапаттау, мерекемен құттықтау – мерекеге орай құт-
тықтау, т.б.
Бағыныңқы сабақтас сөйлемдердің баяндауыштары түр-
ліше тұлғада жұмсалу арқылы да синтаксистік синонимдер пай-
да болады:
Ол оқыған кезде …, Ол оқығанда…
Демек, сөйлемнің баяндауыш мүшелерін
синонимдік ың-
ғайына қарай түрлендіріп жұмсаудың да стильдік мәні бар. Бол-
ған уақиғаны айтып шықты –
Болған уақиғаны баяндап берді.
Мұндағы
айтып шықты – түгел хабарлады
, баяндап берді – тү-
гін қалдырмай, тайсалмай хабарлады деген мәнде жұмсалып
тұрғандығы байқалады. Бұдан аңғаратынымыз, синтаксистік
синонимдер болудың негізгі шарттары толық ескерілген. Олар:
синтаксистік қатынас, конструкциялардың лексикалық құрамы,
мағыналық жақындық, тұлғалық айырмашылық, трансформа-
циялық. Қысқасы, синтаксистік синонимдер –
бірнеше синтак-
систік құрылымдармен беріліп, лексикалық құрамы бірдей, маз-
мұны бір, бірыңғай синтаксистік қатынаста келіп, нәзік мағына-
лық айырмашылық байқалатын синтаксистік параллелизмнің
түрі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: