7-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерден сан есім-
дердің қолданысына, стильдік-мағыналық реңктеріне назар
аударып, қандай мақсатта жұмсалып тұрғандығын анық-
таңыз.
1.Жүзден біреу – шешен; мыңнан біреу – көсем. 2.Ер көр-
мейін деген жерін үш
рет көреді; ат баспайын деген жерін үш
рет басады. 3.Жігіттің бір басы екеу болмай, жиғаны жетеу бол-
майды. 4.Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі. 5.Елу жылда – ел
жаңа; жүз жылда қазан. 6.Біреу бейнетін көреді, біреу
зейнетін
көреді. 7.Тоқсанымыз жиылып тоқты жыққан батырмыз; сек-
сеніміз жиылып серке жыққан батырмыз. 8.Отызыңда орда бұз-
басаң, қырқыңда қыр аса алмассың. 9.Ер жігіттің екі сөйлегені –
өлгені. 10.Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол.
8-тапсырма. Мәтінде қарамен терілген есімдіктердің
қолданысына назар аударып, стильдік мәнін ашып көр-
сетіңіз.
Баяғыда,
Базаралы
жас
шағында
білетін
осы
Дәркембайдың інісі Көркембай бар еді.
Ол ерте күнде ішкі
жаққа, орыс ішіне жалға жүріп кеткен болатын. Базаралы кеткен
соң, сол
Көркембай өлер шағында ылдидан, орыс ішінен
Дәркембайға сәлем айтқан екен. «Көзім тіріде бір көрісіп қа-
лайық» депті. Дәркембай барып жатқанда,
сол інісі қаза болып-
ты. Өлерінде жалғыз баласы мен өлмелі кемпірін «қолыңа ал!»,
«елге алып кет» деген екен.
Содан қалған жалғыз бала
Дәркембайдың ендігі тынысы мен қуаты боп жүр екен.
Ол –
Дәрмен еді (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: