Әдеби үдерістегі модернизм және постмодернизм ағымдары



Дата29.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#144790

Әдеби үдерістегі модернизм және постмодернизм ағымдары  

Модернизм - адамның және құндылығын романтикалық асқақтанумен байланысты болып келіп, жеке тұлғаның қоғамнан толық қол үзуін, оған мүлде әртекті болмыс пен субстанцияны қарсы қою сипатын көрсетеді. Модернизм мәні тұлғаның көркемдік-шығармашылық өзектілік сипаты мен ортаны әлеуметтік жатсынуын белгілі тұрғыда асқақтатуымен танылады. Осы негізде модернизм әдебиеті көптеген шынайы көркемдік құндылықтар туғызды.


Модернизмнің мазмұндық мәні
Экспрессионализм – әлем, заттар, оқиғалар, идеялардың хаостық бейберекеттілігі сипатында көрініп және осылардың ортасында жалғыз қалған дара тұлғаның өз тағдыры үшін үнемі қорқыныш сезім күйінде болуы суреттеледі. Мұның жарқын үлгісі – Ф.Кафка шығармашылығы.
Экзистенциялық әдебиетте қоғам қатаң, өктем жүйе ретінде, адам даралығына (еркіндігіне), оның жеке тіршілігіне мүлдем жат күйде көрініс табады. Жеке тұлға өзінің тән болмысын сақтау үшін, өзін белгілі бір рөлді иеленіп, соны ойнайды.
Б.Майтанов: «Сәл ертерек дәуірге көз салсақ, модернизм мен постмодернизмге хас мәтін құрамының байлығы мен әркелкілігі М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні», С.Сейфуллиннің «Біздің тұрмыс» шығармаларынан аңғарылады. Аталған туындылардағы интертекст, реминисценция, аллюзия көріністері өмір шындығын қалыптағы реалистік баяндаудан гөрі оны қабылдаушы субъектімен ара-қатынаста, жан-жақты танытуда зор нарративтік рөл атқарды. Модернистік прозада шарықтап дамыған сана ағымын суреттеу өнері М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев мәтіндерінде салттық дәстүр есімдерін қалыптастырды».
Модернизм әлем әдебиетінде «Поколение 1898 г. И модернисты» деген атпен Испания әдебиетінен көрінген.
Бұл терминді енгізген тарихшы Хайме Висенс Вивес.
«Модернизм – бұл тек натурализмге ғана емес, жалпы дәуірдің улитарлық рухына, тұрпайылықтың дөрекі немқұрайлылығына деген реакция болып табылады.
Модернизм деген ашкөздік, қомағайлық жайлаған әлемнен шыға отырып, тіршілік тауқыметі мен күресінен титықтаған, шаршаған жандарға өзімшілдер тобыры ұрлаған заңды сезімдерін қайтара отырып рух беру, күш беру, серпіліс әкелу, болып табылады.
«Постмодернизм – бүгінгі әдебиеттанушылар көп талқылап келе жатқан әдеби құбылыс. Біреулер оны екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада пайда болды десе, екіншілері оның АҚШ-тан келгенін алға тартады. Анығында бұл ағым модернимзнен кейін пайда болған. Әдеби модернизм біркелкі емес, әртүрлі топтардан тұратыны белгілі. Ал постмодернизм бүгінгі әдебиет үшін басты ағым» Бұл термин алғаш рет 1917 жылы неміс философы Рудольф Панцвиценнің «Кризис европейской культуры» деп аталатын еңбегінде қолданылған екен. Постмодернизмнің теориялық түсініктерін АҚШ-тың Йель университетінің әдебиеттанушы мамандары (Ельцкий университет) қалыптастырған.
Екіұштылық, көпмағыналылық, күдік тудыру – бұлар постмодернизмнің басты ұғымдары. Бұрынғы дәстүрлі бір ізге түспеушілік, оқиғалардың мерзімі, уақыты, кеңістігі анық болмауы бұл ағымның тағы да бір сипаты болып табылады. Осы тұрғыда американдық мәдениеттанушы Фредерик Дженсон былай деген: «Сондықтанда постмодернизмдегі стильдік бағыт деп емес, мәдениеттің доминанты (тұрақты, берік тұғыры) деп түсінуіміз маңызды». Ол мәдениет әрине тоқыраған, астан-кестені шыққан күйде болып келеді. И.Хассан бұл мәдениет өкілдерін «табиғатты мәдениетке, ал мәдениетті – имманентті семиотикалық жүйеге айналдырады» - деп айтқан болатын.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет