М.Қанабекова


Шеттілдік сөздердің стильдік қолданысы



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата30.01.2017
өлшемі1,98 Mb.
#3013
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

Шеттілдік сөздердің стильдік қолданысы 
Әдеби тіл нормасынан тыс элементтердің бірі – шеттілдік 
сөздердің  өзіндік  қолданылу  мақсаты,  стильдік  ерекшеліктері 
болу  керек.  Бұл  сөздер  –  көбінесе  әкімшілік  іс  басқару, 
тұрмысқа,  ғылым  мен  мәдениетке  қатысты  тілдік  бірліктер 
болып келеді. Аударуға болатын басқа тілден енген сөздерді сол 
қалпында қолдану әдеби норманы бұзғандық емес, әсіресе көр-
кем  мәтінде,  кейіпкер  тілінде  ұшырасып  отыратыны  стильдік 
уәжділіктен  туындайтыны  белгілі.  Жазушы  қайсыбір  кейіп-
керлерінің тілдік портретін жасап, даралау үшін ара-тұра бөгде 
тілдік элементтерді қолданып, варваризмдерді эстетикалық қыз-
метке жегеді, яғни көркем шығарманың құрылыс материалы ре-
тінде пайдаланады. 
Жазушылар тілінде  шеттілдік сөздер көбінесе өркениеттік 
өзгерістерді көрсету мақсатында қолданылған. Мысалы, Абай өз 
туындыларында  «образование»  сөзін  орыс  мектептерінде,  орыс 
тілінде  және  азаматтық  мазмұндағы  оқу  екенін  айыру  мақ-

сатында қолданған. ХІХ ғасырда мектеп – мұсылманша төменгі 
діни  оқу  орнының  атауы  болғандығы,  өкімет  тарапынан  ашыл-
ған мектептерді «школ» деп атағандығы Абай шығармаларында 
кездеседі. 
Кейбір әкімшілік орындары мен қызмет адамдарын нақты 
әрі  дәл  беру  үшін  кейбір  орыс  сөздерін,  тіркестерді  аудармай 
сол күйінде жұмсайды: военный губернатор, уездной начальник, 
дознание  т.б.  М.  Мағауиннің  «Аласапыран»  романында    автор 
шет орыс сөздерін орыс сарайындағы қызмет адамдарын сурет-
теуде  орынды  жұмсайды:  вот,  вор,  царевич,  воевода,  стре-
лецкий приказ, стряпчий, окольничий т.б. 
Кей  ақын-жазушылар  кекесін,  мысқыл  үшін  кейіпкерінің 
тіл мәдениетін, сауаттылық дәрежесін аңғарту мақсатында қол-
данған, қысқасы, ой-өрісінің төмендігін, сауатсыздығын көрсету 
үшін  орыс  сөздерін  стильдік  мақсатта  әдейі  қолданады:  Айда, 
давай, көтер, көк мойынды – дейді (Б.Майлин). 
 Ей,  сен  қайдан  жүрген  мешокшысың,  буржуй!  –  деді 
Смилчин. 
- Жоқ!... Буржуй мендей болмайды. Арал теңізін знаешь? 
-  Балықшы  рыба  ловит...  сексеуіл  тоскайт,  перуай  сорт 
крупшатка! Шай сахар есь! – деді Томарша (Ғ.Мүсірепов). 
- Кім берген? Заказ берген кім? – деп сұрады. 
- Пернер – деді Баянды.  
-  Екі жүз  штукке  заказ берді.  Сорок  пет  штук  готоуа!.. 
Хорошай  железі,  каменной  железі!  (Ғ.Мүсірепов).  Мұндай 
бейәдеби  тілдік  бірліктер  –  кейіпкердің  тілдік  мінездемесін  бе-
рудің, образды ерекшелеп көрсетудің тиімді стильдік амалы. 
Ал  шеттілдік  элементтерді  уәжсіз,  мақсатсыз  қолдану 
тілдік  түйсіктің,  тілдік  сананың,  сауаттылықтың  төмен  екенін 
көрсетеді.  Варваризмдерді  қолдануда  стильдік  қателер  де  жиі 
ұшырайды:  Бізді  запас  бөлшектермен  қамтуға  тиісті  орын-
дарға айтар өкпеміз де бар; Автобус іші пассажирлерге толы; 
Рынокта  шетелден  әкелінген  «иномарка»  машиналар  өте  көп 
(Газеттен). 
Қарапайым сөздердің стильдік қолданысы 
Қазақ  тіл  білімінде  стильдік  категорияның  бірі  –  қара-
пайым сөздер. Қарапайым сөздер деп ауызекі сөйлеу тіліне тән, 
жалпыхалыққа  түсінікті  әрі  әдеби  нормаға  жатпайтын,  басым 

көпшілігі  тұрпайы  болып  келетін  экспрессивтік-эмоционалдық 
реңкі  бар  сөздерді,  сөз  тіркестерін,  грамматикалық  тұлғаларды 
айтамыз.  
Қарапайым  элементтер  әдеби  тіл  үлгілерінде  қолда-
нылады, көбінесе стильдік қызмет атқарады. Мысалы, «оттама, 
қыртпа, артыңа қара, кәдуіскі, күшік күйеу, шүйке бас, қатын 
алу,  көк  мойын,  шірік  кәйтіп  кетті,  былшылдап  отыр,  не  от-
тап  жүрсің,  ақша  дегенің  қырғын,  мен  саған  пысқырмаймын 
дегендердің мазмұны төмен болса, әкеші, бересашы, келе сашы, 
кеп  кетті  тәрізділер  дыбыстық  құрамы  жағынан  «жартыкеш» 
сөздер.  Мұндай  сөздердің  басым  көпшілігі  тұрпайы  болған-
дықтан,  автор  қолданғанда  кейіпкердің  ой-өрісін,  сауатты-
лығын,  мәдени  дәрежесін,  қысқасы  кейіпкер  мінезін  ашып 
беруде  жұмсайды.  Бұл  жөнінде  академик  Р.Сыздық
8
:  «Нағыз 
жазушы  кейіпкерін  өздері  беріп  тұрғандай  образға  сай  сөй-
летеді. Кейіпкер сөзі оның бейнесін жасауға тікелей қызмет ете-
тін көркемдік тәсілдің бірі болып саналады». Мысалы: 
Енді ол безбүйректі жанамалауды қойып, қадағалай соқ-
қысы  келіп,  көзін  соған  аудара  бергенде, жиынның  орта  тұсы 
шу етіп көтеріліп кетті. 
- Өй, арам без! 
- Өй, бұралқы! 
Жиын  ереуілдей  көтеріліп,  лықсып  –  толқып,  төмпенің 
төбесіне қарай еңсеріліп келеді; 
Әй,  сен,  Тайшыбек  қарақшы,  не  оттап  отырсың?  –  деді 
әйел ірі денесімен оң жағына қарай еңсеріле бұрылып (Ғ.М); 
Танашты  азырақ  қыжыртып  алды,  ақбөкендерге  ұрыс-
ты,  иттеріне  ұрысты,  қалжыңдасты,  енді  өзіне  ұрсары  ғана 
қалғандай: 
- Әй, сен көп оттап кеттің ғой, қойсайшы. 
- Ойбой, сорлылар-ай – деді Айжан, сорлылар дегені ақбө-
кен екенін танып (Ғ.Мүсірепов). Аталған мысалдарда кейіпкер-
дің  аузынан  шыққан  дөрекі,  эмоционалды  сөздер,  яғни  қара-
пайым сөздер шоғыры: Өй, арам без!; Өй, бұралқы!; Ойбой, сор-
лылар-ай;  көп  оттап;  не  оттап  отырсың?,  біріншіден,  кейіп-
                                                           
8
 Сыздық Р. Сөз құдіреті А., 2005.  37-б. 

кердің  болмысын, адуынды,  ұрысқақ,  көк  езу,  долы  адам екен-
дігін көрсетуге қызмет етіп тұр, екіншіден кейіпкердің ішкі сезі-
мін,  қатты  ашу-ызасын  беру  мақсатында  да  жиі  қолданылған. 
Жазушылар  қарапайым  сөздерді  қолдану  арқылы сөйлемдердің 
экспрессивті-эмоционалды қуатын арттырып, айтар ойын оқыр-
ман көңіліне нақты, әсерлі жеткізеді. Ауызекі сөйлеу стилі эле-
менттерін  тиімді  қолдану  арқылы  кейіпкерлерінің  сөйлеу  мә-
нерін, мінез ерекшелігін аша түседі. 
Қарапайым  сөздер  әлеуметтік  мәні  бар  категория  ретінде 
де ерекшеленеді. Айталық, көркем шығармаларда белгілі бір дә-
уір көрінісін нанымды суреттеуде автор әлеуметтік мәні бар қа-
рапайым  сөздерді  қолданады.  Мысалы,  қазақ  немесе  басқа  да 
түркі халықтарын «киргиз, қайсақ», өзбекті – «сарт», орысты – 
«ақ құлақ» деу әрі ескішілдіктің сарқыншағы болып табылатын 
қарапайым сөздер де орынды жұмсалған.  
Ал осы бірліктерді ешбір мақсат көздемей орынсыз жұм-
сау стильдік нормадан ауытқу болып табылады. Мәселен, шар-
шытоп алдындағы сөзде, ресми жағдайдағы тілдік қарым-қаты-
наста қарапайым сөздерді қосып сөйлеу әдеби тілдің нормасына 
жат деп есептеледі. 
Қарапайым  сөздерден  жаргон  сөздер  мен  арготизмдер 
әлеуметтік  жағынан  ерекшеленеді.  Жаргон,  арготизмдер  деп 
аталатын  бейәдеби  топқа  жататын  тілдік  бірліктер  белгілі  бір 
әлеуметтік  жіктің,  топтың  тілінде  кездеседі.  Олар  былайғы 
жұртқа  түсінікті  бола  бермейді.  Байырғы  кездегі  қазақ  қоға-
мында барымташылардың өздері ғана қолданатын жасырын сөз-
дері болған. Мысалы, салық – «зат, мүліктерін қоятын жасырын 
жер»  дегенді  білдірсе  (Ш.Уәлиханов),  мас  –  етістігі  тұтқиыл-
дан, көзіне көрінбей бас сал, жошыбайлау – барымташылардың 
ұраны дегенді білдірген.  
Зерттеуші  Н.Уәли  ерте  кезде  қоғамда  қазақ  жастардың 
өзара  құпияласып,  сөйлейтін  сөзі  еже  тілі  болғандығын  дәлел-
деп,  тілдік  деректермен  ашып  көрсетеді:  еже  сөз  бойынша  екі 
жақтың  сөзін  бөгде  адам  түсінбес  үшін  сөз  ішіндегі  буын  ара-
лығына  бөтен  дыбыстар  қосылып  айтылады.  Олар  тілдесуші 
жастарға белгілі код (дыбыс) болуға тиіс. Мысалы, секін сен ма-
қығақын (маған) кефіл (кел). Ондай дыбыстар [к], [с], [п], [ф] тә-
різді  дауыссыздар  болып  келетіндігін  пайымдайды.  Байырғы 

кездегі  жастардың  құпия  тіліне  байланысты  ерекшілігін  қазақ 
әдебиетінің  классигі  Ғ.Мүсіреповтің  өткен  ғасырдағы  қазақ  да-
ласындағы  әлеуметтік  тартыстарды  суреттейтін  «Оянған  өлке» 
романындағы  Назыкеш  пен  Сейіттің  құпияласып  тілдесуінен 
байқауға болады. 
Сондай-ақ ғалым байырғы кезде жастар сөзді редукциялау 
арқылы  құпиялап  сөйлегендігіне  тоқтала  отырып,  бірнеше  де-
ректер келтіреді. Соның бір мысалы: «Барсам, жоқ екен. Айтып 
едім,  келем  деді.  Келмегені  –  келгені  ғой,  Келмесе,  келер еді»  – 
деген тәрізді. Мағынасы: (Қыздың үйіне) барсам,(әкесі-шешесі) 
жоқ  екен.  (Сәлеміңді)  айтып  едім,  (қыз)  келем  деді,  (Қыздың) 
келмегені  (әке-шешесінің)  келгені  ғой,  (әке-шешесі)  келмесе 
(қыз) келер еді. 
Ғ.Мүсірепов  сынды  суреткер  жазушы  әлеуметтік  сипат-
тағы  осындай  жалпыхалықтық  тіл  фактісін  нәзік  юмор  жасау-
дың  өзіндік  тәсілі  ретінде  пайдаланған.  Көркем  шығарма  сти-
лінде  белгілі  бір  эстетикалық  қызметте  жұмсалған  жағдайда 
болмаса, жалпы еже тіл, жаргонизм, арготизмдер тәрізді бірлік-
тер стилистикалық нормаға жат құбылыс деп танылады. 
Қазіргі  кезде  жастар  арасында  сөзді  «құпиялап»  сөйлеу 
дағдысы  онша  байқалмайды.  Алайда  соңғы  жылдары,  әсіресе 
90-жылдардан  бері,  өздерін  ерекше  әлеуметтік  жік  ретінде  се-
зіну күшейе түскендіктен болар, қазақ жастары арасында жаргон 
элементтерін қолдану үрдісі байқала бастады. Мысалы:  
Базар жоқ – «сөз жоқ», «ия, мақұл»; 
Қиян, қиянсың ғой, кәпелек, қума, қумаң бар екен – «жын-
дысың», «ақымақ»; 
Шатыры  таю  –  «қиялға  беріліп  кету  немесе  есінен 
адасу»; 
Басынан су тамып тұр – «есі ауысып тұр»; 
Бастан  кетті  –  «ессіз  ғашық  болу»,  немесе  «есі  кетті», 
«мас болып қалды»; 
Танк  –  сессия  кезінде  топтағы  студенттер  мен  оқытушы-
лар арасында «келіссөздер» жүргізетін жылпың студент немесе 
студентке көмек беретін адам (мұғалім); 
Қаз қуу – «бос жүру», «уақытын бос жіберіп алу»; 
Қора – «қиын жағдай»; 

Қораға  кіру  –  «қиын  жағдайлардың  немесе  күш  көрсетіп 
қорқытушы адамның тұтқыны болу»; 
Қаужап қалу – «тамақ ішу»; 
ҚЖ (қолайсыз жағдай) – «ыңғайсыз жағдай»; 
ҚЖ болып отыру – «қиыншылықтарға тап болу» т.б. 
Бұлар  жастардан  басқаларға  түсініксіздеу,  эмоциялық, 
экспрессивтік реңкі аса күшті сөздер.  
 Негізінен, жаргон сөздер – жалпы халыққа түсініксіз, бел-
гілі бір әлеуметтік топтардың ғана тіліндегі жасырын, құпия ма-
ғынадағы сөздер болып табылады. 
Айнагүл  (ашуға  булығып):  неге  бола  алмайды,  деймісің? 
Мархабаттың соңғы сессиядан кейін құйыршығы екеу болды!  – 
дегендегі тапсыра алмай қалған емтихандар, құлап қалу, сызып 
жіберу  т.б.  тәрізді  жаргондар  –  көркем  тіл  кестесінде  стильдік 
мақсатпен  жұмсалып,  кейіпкерлердің  немен  шұғылданатынын, 
қандай  кәсіппен  айналысатынын  нақты  көрсету  үшін  алынған 
тілдік бірліктер. 
 
 
3.3. Фразеологизмдердің стильдік қолданысы 
 
Фразеология  –  грек  тілінен  phrasіs  –  «сөйлемше»  және 
«ұғым, ілім» сөздерінен шыққан. Белгілі бір тілдегі тұрақты сөз 
тіркестерінің  барлық  жиынтығы  –  фразеология  деп  аталады. 
Стилистика  мәселесімен  орайлас  өз  шешімін  табуға  тиісті  мін-
деттер  қатарына  фразеологизмдер,  оның  қолданылу  тәсілдері, 
контекст  ішінде  фразеологизмнің  стильдік  реңкінде  болатын 
нәзік  құбылыстар  жатады.  Олар  –  халық  тіліндегі  айшықты 
ойды  білдіретін  мәнерлілік,  көріктік  қасиеттерге  ие  бөлшегі. 
Жалпы  фразеологизмдерді  басқа  тілдік  бірліктерден  ажырату-
дың айырма белгілері деп зерттеушілер мынадай ерекшеліктерін 
атап көрсетеді:  
1) дайын «тілдік бірлік» ретінде жұмсалады; 
2)  мағына  тұтастығы  сақталады  (белгілі  фразеологизмнің 
ішіндегі  сөздер  бастапқы  мағынасынан  түгел  немесе  ішінара 
жартылай айырылып қалады  да,  шоғыр  тіркес  тек  біртұтас  ма-
ғына береді); 

3)  тіркес  тиянақтылығына  ие  болады  (белгілі  фразеоло-
гизмнің  ішіндегі  сөздер  бір-бірімен  жымдаса  байланысады, 
олардың орын тәртібі тұрақты, барлық жағдайда тиянақты тір-
кесу қалпын сақтайды); 
4)  экспрессивті  мәнерлілік,  бейнелілік  сипаты  басым  бо-
лады. 
Фразеологизмдердің  тілдік  табиғаты  және  олардың  қыз-
меті, сондай-ақ  көркем шығармадағы  стильдік қолданысы  жай-
лы  В.Виноградов,  А.Ефимов,  І.Кеңесбаев,  Ғ.Мұсабаев, 
А.Ысқақов,  К.Аханов,  Р.Сыздық,  Ә.Хасенов,  Х.Кожахметова, 
Г.Смағұлова,  Р.Авакова,  Қ.Сарекенова,  Ж.Қоңыратбаева,  т.б. 
еңбектерінде ғылыми түрде сараланып, зерттелді. 
Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін көп жылдар бойы 
зерттеген,  ол  туралы  сөздік  шығарған  академик  І.Кеңесбаев
9
 
фразеологизмдердің  стильдік  мүмкіндіктерінің  зор  екендігін 
былайша сипаттайды: 
«Стиль – өлгенді тірілтіп, өшкенді жандандыратын дүние 
десе  де  болады»  дей  келіп,  сөздің  орнын  тауып  қолдану  да 
стильдік  тәсілге  апарып  соғады,  мысалы,  «аузын  айға  білеген» 
деген  әсірелеудің,  «атау  кереңді  іш»  деген  қарғыстың,  «ұлық 
болсаң,  кішік  бол»  тәрізді  нақылдың,  «жұмыртқадан  жүн  қы-
рыққан» («қу бастан қуырдақтық ет алған» немесе «иттен де бір 
сүйек  қарыздар»)  деген  кекесіннің  сыр-сипаты  стильдік  функ-
циясында жатыр» – дейді. Сондықтан стилистика ғылымы үшін 
фразеологизмдердің мәнерлеу, көріктеу тәсілі ретіндегі қызметі 
зор. 
Фразеологизмдер тілімізде екі түрлі қызмет атқарады: 
Бірінші, фразеологиялық тұрақты сөз тіркестерінің негізгі 
қызметі  –  ол  зат,  құбылыстардың  атын  білдіреді  (қызыл  алаң, 
құрмет  тақтасы,  қырғи  қабақ  соғыс)  және  сөйлем  түрінде 
келіп,  пікір  алысу  құралы  ретінде  жұмсалады  (көзім  ашылды, 
аузын ашып қалыпты, жақсыдан жаман туған). 
Екінші,  бұл  фразеологиялық  сөз  орамдары  тілімізге  об-
раздылық, бейнелілік сипат беруде, тіліміздің эмоционалды-экс-
прессивті  бояуын  арттыруда  мәні  зор.  Осы  қызметінің  стилис-
                                                           
9
 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А.,1977, 601-б. 

тика үшін ерекше маңыздылығы бар. Яғни, экспрессивті мәнер-
лілік, бейнелілік – тұрақты сөз тіркестеріне тән қасиет. Мысалы, 
белінен  бесік  табы  кетпеген  (жас),  тақырға  отыру  (алдану), 
үріп ауызға салғандай (сұлу) т.б. 
Фразеологизмдердің  құрамындағы  сөздің  көбі  ауыс  ма-
ғынада  болып  келеді:  ашық  ауыз,  жүрек  жұтқан,  көзі  ашық, 
қоян жүрек т. б. Мәселен, қабырғаңмен кеңес – бұл ауыс мағы-
надағы  метафоралы  сөз  тіркесі  ғана  емес,  образды  ойға  құ-
рылған және жеке тұрып жұмсалатын нұсқасы бар ақылдас сөзі-
нің мағынасын білдіреді. 
Эмоционалды-экспрессивті бояу  тұрақты сөз тіркестеріне 
де тән. Құрамында бұрыннан қалыптасып тұрақталған айрықша 
экспрессивті бояуы бар сөз тіркестері бар. Ондай сөз тіркестері 
сезімге айрықша әсер етеді. Үріп ауызға салғандай, жүрек жұт-
қан  деп  жағымды  образ  туралы  айтылса,  қоян  жүрек,  тас  ба-
уыр,  жұмыртқадан  жүн  қырыққан  дегендер  жағымсыз  образ 
тудыруда әсері айрықша көрінеді. 
Экспрессивті  тұрақты  сөз  тіркестері  әр  түрлі  көңіл-күйге 
байланысты  жұмсалады.  Мысалы,  Көзімнің  қарашығы!    Іске 
сәт! Неткен сұмдық! Қара басқыр! Жан қалқам! 
Сонымен,  экспрессивті-эмоционалды  бояуы  бар  тұрақты 
сөз тіркестерін мынадай топтарға бөлуге болады: 
1)
 
жағымды,  жағымсыз  образ  тудыру  үшін  жұмсалатын 
тіркестер: іші-бауыры елжіреген, қу табан, сор маңдай т.б.; 
2)
 
адамның  әр  түрлі  көңіл-күйін  білдіретін  тұрақты  сөз 
тіркестері, жақсы көру, еркелетумен байланысты сөз тіркестері; 
3)
 
тілек  мәнді,  қарғыс  мәнді  тіркестер:  мұратқа  жет!, 
көк соққан, жер жастанғыр! 
Фразеологизмдер стильдік, экспрессивтілік ерекшеліктері-
не  қарай мынадай түрлерге жіктеледі: 
1) стильаралық (бейтарап) фразеологиялық бірліктер; 
2) сөйлеу тілінің фразеологиясы; 
3) қарапайым фразеология; 
4) кітаби не жазба тіл фразеологиясы. 
Стильаралық  (бейтарап)  фразеологизмдер  жалпыға  ор-
тақ,  функционалды  стильдердің  барлық  түрінде  жұмсалады. 
Олардың  экспрессивті-эмоционалды  мәні  бәсең  көрініп,  көбі-
несе  зат,  құбылыстардың  атын  білдіреді.  Көбінесе  термин  сөз-

дер,  жалпы  қолданыстағы  бірліктер  болып  келеді:  соқыр  ішек, 
қыл  тамақ,  көгілдір  тың,  жетіқарақшы,  қызыл  алаң,  қара 
қазақ, аталы сөз, т.б. 
Сөйлеу  тілінің  фразеологиясы  тек  ауызекі  сөйлеуде, 
күнделікті  тұрмыстық  қарым-қатынаста  жұмсалады,  сондықтан 
экспрессивті бояуы басым келеді: ит сілесі қату – шаршау, көк 
ми – ақымақ, жел беру – қоздыру, миын ашыту – мазалау, тайып 
тұру  –  жылдам  кетіп  қалу.  Сондай-ақ  көркем  әдебиет  стилінде 
кейіпкер тілінде стильдік мақсатпен жұмсалатын тұстары да жиі 
кездеседі:  көзді  ашып-жұмғанша,  жер  мен  көктің  арасында, 
қолды болу, сөзге қалу, бетіне айту, іске сәт,т.б. Мәселен, Уа, 
қайдасың, төскейде малым қосылған теңдесім! Төсекте басым 
сенімен  қосылсын  да!..  (Ғ.Мүсірепов).  Бұл  мысалдағы  төскейде 
малы, төсекте басы қосылу деген фразеологиялық тіркесті автор 
компоненттерінің  арасына  жаңа  сөз  енгізу  арқылы  сөйлеу  ті-
ліне  тән  сипат  бере  отырып,  кейіпкердің  ішкі  психологиясын 
аша түсуде тиімді қолданған. 
Сөйлеу  тілінің  фразеологиясы  бірде  образдылық  мән  бе-
реді,  бірде  қарапайым  да  болып  келеді:  ит  қорлық,  құлағының 
етін жеу т. б. 
Сөйлеу  тілі  фразеологиясының  синоним  қабаттары  бо-
лады,  әр  түрлі  жағдайда  құбылып  қолданылады:  тайып  тұру, 
табанын  жалтырату,  жонын  бір-ақ  көрсету,  шаңына  ілес-
тірмеу, қырық жамау, қырық құрау, балық басынан шіриді, су 
басынан бұзылады. 
Қарапайым фразеология құрамында дөрекілік сипат бере-
тін,  жағымсыз  мәні  басымырақ  тұрақты  тіркестер  кездеседі. 
Мұндай  тілдік  бірліктер  көбінесе  сөйлеушілердің  нақты  қол-
данысында  олардың  әр  түрлі  психологиялық  жай-күйін  жет-
кізуде  жұмсалады.  Оған  дәлел  боларлық  мысалдар  жеткілікті: 
қуанышқа  емес,  сорға;  қараңды  өшір;  барар  жер,  басар  тау 
жоқ; ақылға қонбайды; жаны жай таппады; кәрі қойдың жа-
сындай  жасым  қалды;  өтірікті  соғу;  бетіне  түкірсін;  пыс-
қырып та қарамайды; тілде тиек жоқ, т.б.   
Жазба тіл фразеологиясы көбінесе кітаби стильдердің бар-
лық  жанрлық  түрлерінде  кеңінен  қолданылады.  Көркем  шы-
ғармада  поэтикалық  сипат  беруде,  публицистикалық  стильде 
салтанаттылық  басым,  ғылыми  шығармаларда  логикалық, 

дәлдік  үшін  жұмсалады.  Жазба  тілдің  негізінде  қалыптасқан 
барлық  кітаби  тұрақты  тіркестер  қоғамдық  өмірдің  сан  сала-
сында  қолданысқа  енеді  әрі  әр  түрлі  экстралингвистикалық 
жағдаяттармен  байланысты  жаңа,  тың  тұрақты  тілдік  бірліктер 
пайда болып, әдеби тілімізде орнығып қалыптаса түсті. Әсіресе, 
публицистикалық,  ресми,  ғылыми  стильдерде  кітаби  сипаттағы 
фразеологизмдер  жиі  қолданылады.    Мәселен,  Тіл  туралы  заң; 
әмір  (бұйрық)  беру;  баға  беру;  есеп  беру;  бағын  сынау;  дәріс 
оқу; баяндама жасау; оқырман қауым, тілшілер қосыны; фило-
логия  факультетінің  деканы;  азаматтық  неке;  дауыс  беру; 
еңбегі жану; жарық көрді; сыбайлас жемқорлық; келелі кеңес; 
қол  сұқты;    маңдай  алды;  қызмет  бабында;  ұрпақтар  сабақ-
тастығы. 
Көнерген  фразеологиялық  тіркестер  көбінесе  діни  ұғым-
мен,  салт,  әдет-ғұрыппен  байланысты  болып,  тарихи  жанрда 
жазылған шығармалар тілінде де кездеседі: 
а) сегіз жұмақ, қыл көпір, ақыр заман, құрбан шалу; 
ә) ірге көру, ұрын бару, аузы қисық болса да, бай баласы 
сөйлесін,  құм  жиылып  тас  болмас,  құл  жиылып  бас  болмас, 
шынжыр балақ шұбар төс, үйірімен үш тоғыз  т.б. 
Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы 
Фразеологизмдер  көбінесе  эмоционалды-экспрессивті 
қызмет  атқарады:  ашық  ауыз,  тас  бауыр,  кейде  ойды  әсерлі 
жеткізу  үшін,  бейнелік  мағына  беруде  жұмсалады,  ирониялық 
реңкке  де  ие  болады.  Мысалы,  бұл  қадірсіз  өлім  ғой  дегеннен 
гөрі  бұл  ит  өлім  ғой  десе,  ой  әлдеқайда  өткір,  өтімді  келеді. 
Әрине, ит өлім жағымсыз өлім. Бұл сөздің контекске қарай ма-
ғынасында  мұқату  сезіледі:  Жусатып  жер  құшырды,  ит  өлім-
мен  тізілген  неміс  тобын  мыңнан,  жүзден  дегенде  неміс  фа-
шистерінің өлімінің өзін жиіркенішті етіп көрсетуде ит өлім тір-
кесін әсерлі қолданған. 
Б.Майлин  өз  туындыларында  күн  ұясына  батты  дегенді 
сөйлем  мәнін  күшейту  үшін  күн  ұясына  кірді  деп  қолданады. 
М.Әуезов  прозасының  тілінде  жүрегінің  түгі  бар  дегенді  кү-
шейтіп, жүрегінің түгі шыққан  деп әсерлі жұмсайды. 
...Міндім ашуға! Салдым білекке, көп қылармын бұл күнін! 
Маңдайын күнге, табанын құмға жалатармын Баянның!; Жоқ, 
жоқ!  Қабырғадан  қан  кешермін,  тоқтатармын  мұныңды!             

(Ғ.Мүсірепов). Бұл мысалдардағы маңдайын күнге, табанын 
құмға  жалату,  қабырғадан  қан  кешу,  т.б.  тұрақты  әсірелеуге 
жататын  фразеологиялық  тіркестер  –  кейіпкердің  ашуға  толы 
болмысын суреттеуде тиімді жұмсалған.  
– Әттең, артына ғана мінгестіріп жібермес пе ем, қызы 
құрғырды, алып қана, жеті қабат жердің астына түсіп қана, 
қарасы өшкірдің қарасы өшіп қана кететін біреу табыла қалса! 
Көрсетпе қараңды, естіртпе дауысыңды! (Ғ.Мүсірепов). Осын-
дағы  қарасы  өшкір,  көрсетпе  қараңды  синонимдес  фразеоло-
гиялық  бірліктерінің  ойдың  әсерлілігін  күшейтуге  айрықша 
қызмет атқарып тұрғандығы байқалады. 
Антонимдік  сипаттағы  фразеологиялық  бірліктер  де 
қарама-қарсылық мәнде  әр алуан қатынасқа  түсіп, ерекше сти-
листикалық  қызмет  атқарады.  Мәселен,  жерден  алып,  жерге 
салу  –  аспанға  көтеру;  басын  салбырату  –  бас  көтеру  тәрізді 
фразеологизмдердің  мәтін  ішіндегі  қолданысы  айрықша  тар-
тымды көрінеді:  
-  Байғұс  баланы  әбден  жерден  алып,  жерге  салдың  ғой! 
Осы мінезіңді-ай, қашан қоярмысың?; Оның атақ-айдынын өзі 
қатты мадақтап, аспанға көтеріп жүр? (М.Әуезов).  
Басың сонша неге салбырап кеткен? Көтер еңсеңді! Бұл 
түріңді енді көрмейін (Сөйлеу тілінен).  Қоғамдағы мұндай ке-
леңсіз  құбылысқа  халық  наразы  болып,    олардың  ішіндегі  бел-
сенділер бас көтере бастады (Газеттен).  
Көркем  әдебиетте,  поэзияда  фразеологизмдерге  ерекше  
стильдік өң беру үшін ұйқас, ырғақ талаптарына лайық олардың 
орны  ауысып  та,  арасына  басқа  сөздер  еніп  те,  тұлғасы  өзгер-
тіліп те жұмсала береді. 
Алыстағы айға талпыну: 
Жас жүрек жайып саусағын, 
Талпынған шығар айға алыс (Абай). 
Намысын жырту: 
Бар жазам – күштілермен жарысқаным, 
Жыртқаным – сорлы жұрттың намыстарын (С.Сейфуллин). 
Екі көзі төрт болу: 
Төрт қылып екі көзді сағындырып, 
Жүр екен біздің қалқа қандай жерде? (Абай) 
Мақал: Тұтылып шелек жалап тамам нашар, 

Әлділер  құтылысты  айран  ішкен  (С.Торайғыров)  –  екі 
қарама-қарсы  ұғымды  ажыратып  түсіндіруде  мақалды  әсерлі 
етіп қиыстырған, нашар мен әлділердің арасындағы тап қайшы-
лығын ашып көрсетуде шебер қиюластырған. 
Тұрақты  тіркестер  аз  сөзбен  көп  мағынаны  бейнелі  өткір 
түрде береді, тілдің стильдік сапасын арттырады. 
Тірлік-ынтымаққа байланысты: 
Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ. 
Көп түкірсе көл. 
Алауыздыққа байланысты: 
Алты бақан алауыз – деп келеді. 
Ештеңе айтпады дегенді – жұмған аузын ашқан жоқ, бір 
адамға артық сөз сөйлетпеу – аузына құм құю. 
Біреудің  сөзіне  риза  болмау  –  іріген  ауыздан  шіріген  сөз 
шығады. 
Бірдемені қатты құмартты  – аузының суы құрыды. 
Ауыр жағдай дегенді – қабырғадан қан кешті. 
Безеріп қалған адам туралы – кесіп алсаң қан шықпас. 
Толық  адалдықтың  жоқ  екендігін  –  бір  ұрты  май,  бір 
ұрты қан
Бұл  мысалдар  тұрақты  сөз  тіркестерінің  жеке  сөйлем 
мүшелеріне талданбай, тек белгілі бір айтайын деген ойды әсер-
леп,  тиянақтап,  дәлелдеп  айту  үшін  ғана  жұмсалатындығын 
байқатады. 
Көркем  әдебиетте  авторлар  фразеологизмдерді  өңдеп, 
өзгертіп,  стильдік  мақсатқа  орай  қолданады.  Мұндайда  ойға 
образдылық пен мәнерлегіштік сипат беру үшін жұмсайды. 
Фразеологизмдерді 
қолданудың 
мынадай 
стильдік 
ерекшеліктері болады: 
а) Тұрақты сөз тіркестері өзгертілмей, сол қалпында қол-
данылып, қосымша стилистикалық мәнерде жұмсалады: 
Жүрегім менің қырық жамау 
Қиянатшыл дүниеден (Абай). 
ә)  Тұрақты  сөз  тіркестерінің  бір  компоненті  өзгертіліп, 
жаңа мазмұнда қолданылады: 
Дүние кірін жуынып, 
Көрініп ойға сөз салар (Абай). 
(Жаңа дүниені, өмірді аңсау) 

Тез тұрыңдар, жолдастар, 
Ашылды көңіл тот басқан (С.Мұқанов). 
Көңіл  тоты  –  әлеуметтік  теңсіздіктің  зардабын  бейне-
лейді. Бұл екі түрлі сөз қолданыс та көңіл кірі сөз тіркесінің үл-
гісімен жасалған. 
  б)  Тұрақты  сөз  тіркесінің  бір  компоненті  өзгертіліп, 
стильдік мағынада жұмсалады: 
Кірлеген жүрек өз ішін, 
Тұра алмас әсте жуынбай (Абай). 
Көңіл кірі  жүрекпен ауыстырылған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет