Мандибулалық жансыздандырудың саусақсыз тәсілінде қандай анатомиялық құрылым басты бағдар болып табылады?



бет5/19
Дата02.06.2023
өлшемі340,28 Kb.
#98041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

*төменгі ұяшықтық , тіл


*төменгі ұяшықтық, ұрт
*төменгі артқы ұяшықты
*+ұрт , төменгі ұяшықтық, тіл
*жоғарғы ұяшықтық

#96
35 жасар ер кісі дәрігерге төменгі жақсүйегінің сол жағындағы тісінің оқтын оқтын ауыратынын шағымдап келді. 3.6 тіс бұрын емделген. Тексеру барысында: беті симметриялы, аймақтық лимфабездері ұлғаймаған, 3.6 тіс бұрын пломбаланған қаққанда аздап ауырады. Сырт жағындағы шырышты қабықта тістің медиалды бүбірінің ұшы маңында ішінен гранулденген тін шығып тұрған жылан көз бар, ірің ағып тұр. Рентген суретінде медиалды түбірдің ұшы мен бифуркация аймағындағы сүйек тінінің шекарасы анық емес сорылған ошақтары анықталады.


Қандай ем шара осы науқас үшін шипалы болады?
*3.6 тіске гемисекцияжасау
*3.6 тіске карона радикулалық кесу
*3.6 тістің түбір ұшын кесу
*+тісті жұлу
*3.6 тіске реплантация жасау

#97
Төменгі ұяшықты нервті сопақ тесіктің ауызында жансыздандыру үшін, иненің ұшы сына сүйегінің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы пластинкасына тиген соң оны 15-20 градус қайда бұру керек?


*төмен
*+артқа
*жоғары
*ішке
*алға

#98
Тіс жұлу үшін 25 жасар қыз балаға новокаин салғаннан кейін жалпы әлсіздік, АҚ сн.бағ. 60 дейін төмендеуі, тамыр соғысы 30-ға дейін төмендеуі, іштің ауыруы, перестальтиканың күшейуі, ішті басқанда ауырмау секілді клиникалық белгілер дамыды. Төмендегі алдын ала қойған нақтамдардың қайсысы сәйкес келеді деп ойлайсыз?


*жедел іріңді аппендицит
*жедел ішек түйнемесі
*гипертониялық криздің абдоминалдық түрі
*+афилактикалық шоктың абдоминалдық түрі
*жедел жүрек жетіспеушілігінің абдоминалдық түрі

#99
48 жасар әйел кісінің 3.8-тісін жұлғаннан 3 күннен кейін ауызының ауырып, шектеліп ашылатынын шағымдап келді. Тіс қиын жұлынды. Ине шаншылып, анестетик жіберілген жерде қабыну үрдісінің белгілері жоқ. Төмендегі асқынулардың қайсысы дамуы мүмкін деп ойлайсыз?


*тіс ұяшығының қабынуы
*38- тістің толық жұлынбауы
*қабынудан дамыған қарысу
*төменгі ұяшықты нервтің қабынуы
*+инъекциядан кейінгі қарысу

#100
Жоғарғы бірінші, екінші, үшінші азу тістер, осы тістердің сырт жағындағы сүйек қабы, қызыл иек пен өтпелі қатпар, осы тістердің тұсындағы ұяшықты өсінді, жоғарғы жақ қуысының артқы-сыртқы бетінің сүйек қабырғасы мен шырышты қабығы қандай жансыздандыру жасаған кезде жансызданады?


*таңдай жансыздануынан кейін
*инфильтрациялық жансызданудан кейін
*күрек тіс жансызданудан кейін
*+төмпешіктік жансызданудан кейін
*көз асты жансыздандыруынан кейін

#101
Тістерін протездеу мақсатымен келген 50 жасар әйелдің бұзылған тістерінің түбірлерін жұлу үшін хирург-стоматолог жансыздандыру жасап, 3.5, 3.6 тіс түбірлері ауырпай жұлды. Дәрігер төмендегі жансыздандырулардың қайсысын жасады деп ойлайсыз?


*иек тесігі жансыздандыруын
*+үстірттік жансыздандыруды
*төмпешіктік жансыздандыруды
*Берше-Дубов жансыздандыруын
*инфильтрациялық жансыздандыруды

#102
45 жасар әйелдің 4.6 тісін жұлу үшін 2% новакаин ерітіндісімен өткізгіштік жансыздандыруы жасалды. 50 секунд өтісімен науқастың еріндері көгеріп, аяқ қолдары тартылып, салқын жабысқақ тер басып, артерия қысымы сн. бағ. 60 мм, коркыныш сезімі пайда болды. Жиі беткей тыныс алып, кеңейген қарашықтары жарыққа әсер етпейді. Кіші дәреті өздігінен шығып, ауызынан ақ көбік шығып, жағы қарысып қалды. Қандай асқыну дамыды?


*талықсу
*естентану
*диабеттік кома
*+анафилактикалық шок
*гипертониялық криз

#103
20 жасар ер кісіге «Жоғарғы жақ сүйегінің 1.1 тістен дамыған түбір ұшы кистасы» деген нақтам қойылды. Цистоэктомия және тістің түбір ұшын кесу үшін дәрігер келесі тәртіппен екі жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен сол көздің төменгі қырын сипап сүйек бұдырын тауып алды да одан 0,75 см. төмен нысана көзін тауып алған соң бас бармақпен жоғарғы ерінді көтерді де инені 1,2, және 1,1 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарға шаншып сұқ саусаққа қарай бағыттады. Жеткен соң жансыздандырғыш дәрі жіберді. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады ?


*күрек тіс жансыздандыруын
*Вайсблат жансыздандыруын
*+көз асты жансыздандыруын
*төмпешіктік жансыздандыруды
*инфильтрациялық жансыздандыруын

#104
20 жасар жігітке жоғарғы жақ сүйегінің 1.1 тістен дамыған түбір ұшы кистасына цистоэктомия және тістің түбір ұшын кесу үшін дәрігер келесі тәртіппен екі жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен сол көздің төменгі қырын сипап сүйек бұдырын тауып алды да одан 0,75 см. төмен нысана көзін тауып алған соң бас бармақпен жоғарғы ерінді көтерді де инені 1,2, және 1,1 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарға шаншып сұқ саусаққа қарай бағыттады. Жеткен соң жансыздандырғыш дәрі жіберді. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады ?


*+көз асты және күрек тістік жансыздандыруын
*күрек тістік және төмпешіктік жансыздандыруларын
*таңдай және көзасты жансыздандыруларын
*күрек тістік және инфильтрациялық
*орталық жансыздандырудық көз ұясы жолы жансыздандыруын

#105
40 жасар науқасқа төменгі жақтың 4.3-тісінен дамыған түбір ұшы кистасын алу операциясы тағайындалды. Тіс бірнеше рет емделгендіктен, оны кистасымен бірге алып тастаған дұрыс деп шешілді. Осы операцияға төмендегі жансыздандырулардың қайсысының қажеттігі жоқ деп ойлайсыз?


*+Берше жансыздандыруы
*үстірттік жансыздандыр
*мандибулалық жансыздандыру
*иек жансыздандыруы
*инфильтрациялық жансыздандыру

#106



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет