Мансұр хамит (фото) Елбасы әдеттегідей Тәуелсіздік



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата03.03.2017
өлшемі10,5 Mb.
#6499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

ӘКІМ САЙЛАУ 

2013 ЖЫЛДАН БАСТАЛА 

БЕРЕДІ

Елбасы Жолдау барысында мемле-

кет   тілікті одан әрі дамыту және демок-

ра тияны дамыту мәселелеріне де назар 

ау дар ды. «Біз басқаруды орталықсыз-

дан дыруды сауатты жүргізуіміз керек. 

Орталықсыздандыру идеясының мәні 

– шешім қабылдау үшін құқықтар мен 

қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік 

билік органдарына беру. Біз 2013 жылы 

жауапкершілік пен өкілеттіктерді орта-

лық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде 

нақты шаралар қабылдауымыз қажет», 

– дей келе Елбасы Жергілікті басқару ды 

дамыту тұжырымдамасы бекітілгенін, 

онда ауылдық, селолық деңгейде 

басқару сапасын арттыруға мүмкіндік 

жа 


салатынын жеткізді. «Біз селолық 

әкім діктерге қосымша өкілеттіктер бере-

міз және олардың ауылдағы ахуалға 

ықпа лын күшейтеміз.  Бірақ сонымен 

бірге бізге қоғамдық бақылауды,  жергі-

лікті жерлердегі ахуалға азамат тардың 

ықпалын күшейту керек. Сондық тан мен 

мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің 

сайланбалылығын енгізу туралы шешім 

қабылдадым. Сайлауды біз 2013 

жылдың өзінде-ақ бастаймыз.

Барлығы 2533 әкім, соның ішінде 

селолық округтердің, кенттердің және 

аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі 

сайланатын болады.  Бұл барлық 

деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 

91,7%-ы! Осылайша, біз азаматтармен 

тікелей жұмыс жасайтын және мәселені 

жергілікті жерде шешетін барлық 

әкімдерді сайланбалылықпен қамтитын 

боламыз», – деді Н. Назарбаев. Соны-

мен қатар осы бағдар бойынша Пар-

ламенттің өкілеттіктерін күшейту жөнін-

дегі саясат та жалғасады. 



СЫРТҚЫ САЯСАТТА 

ҰСТАНҒАН 

БАСЫМДЫҒЫМЫЗ 

ӨЗГЕРМЕЙДІ

«Біздің басымдықтарымыз өзгер-

мей  ді – көршілеріміз – Ресеймен, Қы-

тай мен, Орталық Азия елдерімен, сон-

дай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия 

елдерімен серіктестікті дамыту мәселесі 

болып табылады», – деді Нұрсұлтан 

Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы таяудағы 

мақсат Еуразиялық экономикалық одақ 

құру екенін, осыған орай мәселелердің 

консенсус арқылы шешілетінін нақты 

мәлімдеді. Бұл ретте саяси егемендікке 

қысым көрсетілмейді. «Сыртқы саяса-

тымызды теңдестіру әлемдік істерде 

елеулі рөл атқаратын және Қазақстан 

үшін практикалық қызығушылық туғы-

затын барлық мемлекеттермен достық 

және болжамды қарым-қатынастарды 

дамыту дегенді білдіреді. Алайда 

халықаралық ахуал және гео саяси орта 

қарқынды  өзгеруде және әрқашан 

жақсы жағына қарай ойыса бермейді. 

Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстан 

Сол түстік-Шығыс Азияға дейін тұрақ-

сыз дықтың алып белдеуі созылып жа-

тыр. Күштердің ара салмағы жаһандық 

деңгей де де, сонымен қатар жер шары-

ның жекелеген аймақтарында да елеулі 

өзгерістерге ұшырауда. Соған сәйкес, 

БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, 

АӨСШК және басқа аймақтық қауіпсіздік 

тетіктерінің рөлі арта түседі. Орталық 

Азияда ұлттық қауіпсіздікке төнген жаңа 

қатерлер пайда болды. Мұндай ахуалда 

Қазақстанның сыртқы саясаты ішкі 

саясаты сияқты жаңғыртылуға тиіс», – 

деді Ұлт көшбасшысы. 

ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІ – 

КӨПҰЛТТЫ МЕМЛЕКЕТТЕР 

ДӘУІРІ

«Қазақстан  – біздің қасиетті мекені-

міз. Кейінгі ұрпақ осынау қасиетті ме-

кен де өмір сүріп, өркен жайды. Қазақ 

жеріне тағдырдың жазуымен алуан 

түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз 

оларға құшағымызды ашып, қазақи 

қонақжайл ы  лықпен  қарсы  алдық.  Олар 

біздің елімізде өсіп-өніп, бауырлары-

мыз ға айналды. Қазір біз көпұлтты сипа-

ты бар біртұтас елміз. Мынау жаһандану 

дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі 

болмақ. Жалғыз ұлттың мемлекеті деген 

бол майды. Бұл әлемдік үрдіс», – деді 

Елб 

а 

сы. Сонымен қатар еліміздің 



дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері 

бірігіп үлес қосқанына тоқталды. «Ен де-

ше, Тәуелсіз Қазақ елінің азаматтарын 

ала лауға, бауырластығын бұзуға ешкім-

нің қақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен 

тіл табысып, бейбітшілік пен келісімде 

өмір сүру барша қазақстандықтың басты 

қағи д аты болуы шарт», – деді Н.Назар-

баев. Бұл ретте Елбасы ұлттардың этнос-

ара лық келісіміне сына қағуға тыры са-

тындардың барлығы да заңмен қудал а-

натынын, мұнда ерекше жауапкершілік 

біздерге, қазақтарға артылатынын 

қадап айтты. «Өз халқын сүйетін адам, 

өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге 

халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын 

ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі 

ретінде биік бола білсек, өзгелерге 

сыйлы боламыз», – деді Елбасы. 

 

2025 ЖЫЛДАН БАСТАП 



ӘЛІПБИІМІЗДІ ЛАТЫН 

ҚАРПІНЕ, ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ 

КӨШІРУГЕ КІРІСУІМІЗ КЕРЕК

Мемлекет басшысының айтуынша, 

тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат 

қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін 

басты фактор болуға тиіс. Сондықтан 

алда 


ғы уақытта да мемлекеттік тілді 

дамыту жөніндегі кешенді шараларды 

жүзе ге асыру табандылықпен жалғаса-

ды.  «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиіміз-

ді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіру 

үшін дайындыққа осы бастан кірісуіміз 

керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс 

прин 


ципті мәселе. Бір кезде тарих 

бедерін де біз мұндай қадамды жасаған-

быз», – деді Н. Назарбаев. Сонымен қа-

тар, Елбасы  терминология мәселесінде 

де қолға алар істердің әлі баршылық 

еке нін  айтты. 



ҚАЗАҚ ТІЛІ ШЫН МӘНІНДЕГІ 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ 

МӘРТЕБЕСІНЕ 

КӨТЕРІЛГЕНДЕ, ЕЛІМІЗ 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ ДЕП 

АТАЛАТЫН БОЛАДЫ

Тіл туралы мәселеге тоқтай келе, 

Мемлекет басшысы «қазақ қазақпен 

қазақша сөйлессін» деген қағидатты 

тағы да қайталап айтты. «Тәуелсіздігін 

алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 

миллион немесе 41% болса, қазір 11 

мил лионға жетіп, 65%-дан асты. Қазақ-

тың саны 4 миллионға артты.  Егер әрбір 

қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтыл 

са, 

тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы 



мәртебесіне лайық орнын иеленер еді.  

Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен 

өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт 

қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін 

әркім өзгені емес, алдымен өзін қам-

шылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: 

қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сон-

да ғана қазақ тілі барша қазақстан дық-

тардың жаппай қолданыс тіліне айнала-

ды.  Тілге деген көзқарас, шындап кел-

ген де, елге деген көзқарас екені даусыз.  

Сондықтан оған бей-жай қарамайық. 

Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне 

айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл 

мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын бола-

мыз», – деді Президент. 

БІРЛІГІ БАР ЕЛ ОЗАДЫ, 

БІРЛІГІ ЖОҚ ЕЛ ТОЗАДЫ. АЛ 

БІРЛІК, ЕҢ АЛДЫМЕН, 

ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗІНЕ КЕРЕК 

Президент бірлік мәселесіне келген-

де, ең әуелі осы істің қазаққа ауадай 

қажеттігін алға тартты.  Сондықтан 

қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең 

басты мәселесі. «Бірлік, ынтымақ, 

сабыр 

лылық пен парасаттылық, ең 



алдымен, өзімізге – қазақтарға керек.  

Қазақты ешуақытта сырттан жау алған 

емес.  Қазақ әлсіресе, алауыздықтан 

әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген. 

Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен 

емес, теңінің жиюымен, отбасындағы 

сыйластықпен, татулықпен кіреді. 

Мемлекет те солай», – деген пайымымен 

бөлісті Елбасы. Қазақстанның елдігі 

асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті 

елге айналуына бізден – қазақтардан 

артық мүдделі кім бар?! Қазақтың ішкі 

тұтастығын бұзғысы келетін рушылдық, 

жершілдік әңгімемен ел бірлігін бүлдір-

гісі келетін күштердің пайда болуы Елба-

сы ретінде мені алаңдатпай қоймайды», 

– дей келе Мемлекет басшысы ондай 

жымысқы ниеттілердің айқайына құлақ 

асып, айтағына ілескен жан әр атаның 

шежіресін әспеттеп, әр жаққа тартқанын 

аңдамай қалуы мүмкін екенін, ал ру мен 

тайпаға бөліну – ұлттық тұтастықтан 

айырылудың өте қауіпті түрі болатынын 

қадап айтты. 

«Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмыт-

пау керек, алып дарақтың бұтақтары 

сияқты күллі рулардың түбін қуа 

келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға 

– қазақ деген ұлтқа барып тіреледі. Қай 

шежірені алып қарасаңыз да, ол 

қазақтың бірлігін, тұтастығын әйгілейді. 

Шежіре – қазақты бөлшектейтін емес, 

керісінше, біріктіретін ұғым. Барша 

адамзаттың Адам атадан басталатыны 

сияқты, бүкіл қазақтың шежіре атаулысы 

Атам қазақтан бастау алатынын әрбір 

қазақ жүрегінің төрінде ұстауға тиіс.  Тек 

бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-

жігерін біріктіріп қана біз алға баса 

аламыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, 

ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы 

мен табысы мол болмақ», – деді 

Нұрсұлтан Әбішұлы. 

МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ 

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ СИПАТЫ - 

БҰЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

ТАБЫСТЫ ДАМУЫНЫҢ 

НЕГІЗІ

«Ендігі қазақ қоғамында көпшілікті 

толған дыратын мәселенің бірі – діни 

ахуалдың жай-күйі. Әрине, біз мұсыл-

манбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәз-

һабын ұстанатын сунниттерміз. Баба-

ларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-

дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негіздел-

ген. Жастарды үлкендерді сыйлауға 

негіз 


деген. Біздің ата-бабаларымыз 

еш уақыт та қыз баланың бетін бүркеме-

г ен. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ізгі 

дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата 

дәстүрін ардақтағаны абзал», – деді 

Нұрсұлтан Әбішұлы. «Қазір кейбір 

сыртқы күштер жастарымызды ислам 

дінінің хақ жолынан адастырып, теріс 

бағытқа тартуға тырысады. Оларға 

еретін болсақ, біз апа-қарындастарымыз 

бен қыздарымыздың бетін тұмшала-

ғанд ы былай қойғанда, олармен бір 

дастарханда отырып, тамақ ішуден 

қала мыз», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. 

Прези 

денттің пайымынша, мұндай 



ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздік-

т 

ен бойды аулақ ұстау қажет. «Мен 



жастарды ХХІ ғасырға, келешектегі ХХІІ 

ғасырға   қарай жетектеп отырмын. Ал 

мынадай жасалатын дүниелер бізді орта 

ғасырға, артқа қарай тартып отыр деген 

сөз. Осыны ойланыңыздар! Біздің мем-

лекетіміздің зайырлылық сипаты –  бұл 

Қазақстанның табысты дамуының басты 

негізі. Осыны бүгінгі һәм келешек қазақ-

стандық  саясаткерлер және барша қа-

зақ стандықтар жете түсінгені абзал», – 

деді Н. Назарбаев.

БІЗДІ БІР-БІРІМІЗБЕН 

БІРІКТІРЕТІН ДЕ, БАУЫР 

ЕТЕТІН ДЕ – 

БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ 

БОСТАНДЫҚ ЖОЛЫНДА 

ТӨГІЛГЕН ҚАНЫ

«Қазақстанның 2050 жылға дейінгі 

жаңа стратегиялық бағдарын жүзеге 

асыруда қазақ халқына айрықша жауап-

кершілік жүктеледі. Тағылымы мол 

тарихымыз бен ұлы бабаларымыздың 

ұлаға тты өмірінен алар тәліміміз арқа-

сында біз алдағы асулардан алқынбай 

аса аламыз. Үдеудің сыры – бірлікте, 

жүдеудің сыры – алауыздықта. Осыдан 

үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған 

ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірлік-

тің құдіретінің қандай болатынын өзіне 

де, өзгеге де дәлелдеген болатын. Сын 

сағатта туған еліне деген перзенттік па-

рыз 


дар бәрінен жоғары тұрды. Сол 

шай қаста төгілген қан барша қазақтың 

тамырында бар қан еді. Солай ғой. Бұл 

– біздің бабаларымыздың қаны. Бізді 

бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр 

ететін де бабаларымыздың бостандық 

жолын 

да төгілген осы қаны деп 



білемін», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. 

Сонымен қа тар Президент елдік мұрат 

жолындағы ұлы ерлік қай уақытта да 

бабалары мыздың бойынан табылғанын 

атап өтті.

ХХІ ҒАСЫР ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

АЛТЫН ҒАСЫРЫ БОЛАДЫ

Сөз соңында Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаев барша буын 

өкілдеріне арнап үндеуін жариялады. 

«Алдыменен алдыңғы толқын аға буын!  

Сіздердің көргендеріңіз бен өмірлік 

тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат 

жолынан адаспай, алға бастауына 

септігін тигізді. Ортаңғы буын отандас-

ты рым! Сіздердің еншілеріңізге алып 

импе рияның күйреп, жас Тәуелсіз мем-

лекеттің түлеген кезеңі дөп келді. Сіздер-

дің күрделі де қиын шешімдер арқылы 

жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз 

қиын 

дықтардан сынбай өтуімізге 



қажетті баға жетпес қазына болды. Ал 

енді кейінгі толқын жастарға айтарым, 

сендер – болашаққа деген үкілі 

үмітіміздің тірегісіңдер! Біздің бүгінгі 

атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз 

тек сендер үшін жасалуда. Сендер – 

Тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер! 

Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие 

алдың дар! Сендердің азат ойларың мен 

кемел білімдерің елімізді қазіргі бізге 

көз жетпес алысқа, қол жетпес қиянға 

апара тын тың мақсаттардың құдіретті 

күші болсын деймін», – деді Нұрсұлтан 

Әбішұлы. 

«Мен барша халқымды жарқын 

болашаққа жол бастайтын, адамзаттың 

мәңгілік құндылықтары ерік-жігер мен 

еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиет-

терін сіңіруге шақырамын. Мен ХХІ 

ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры 

бола тынына кәміл сенемін. ХХІ ғасыр 

бей 


бітшілік пен тұрақтылықтың гүл-

денген ғасыры болады. Қазақстан халқы  

ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз 

көздеген мақсаттарымызға міндет 

ті 

түрде жетеміз. Аңсарлы азатты ғымыз 



бен тәу етер Тәуелсіздігіміз баянды бол-

сын, ағайын. Мәңгілік ел болу жолын-

дағы ұлы істеріміз, жаңа дәуірлерге жол 

ашсын», – деп сөзін тамамдаған Елбасы 

барша қазақ стандықтарды киелі мере-

кемен құттықтады.  



Қанат ҚАЗЫ,

 

Астана

Мансұр ХАМИТ (фото)

№223 (905) 

15.12.2012 жыл, 

сенбі


www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

y

y

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



Бауыржан БАЙБЕК, 

Президент Әкімшілігі 

басшысының орынба-

сары, «Болашақ» 

халық аралық стипен-

дия сы  түлектері қауым-

дастығының кеңес 

төрағасы: 

Ерлан ҚАРИН, 

саясаттанушы:

Дулат 

ИСАБЕКОВ,

жа

жа

зу

зу

шы

шы





ра

ра

ма

ма

ту

ту

рг

рг

– Президенттің латын

н

 

әліпбиіне көшу мәселес



с

і

і



өте орынды болды. 

Дегенмен, 2025 жылға 

дейін біздің көптеген қай-

рат кер леріміз  кетіп  қалып, 

ла

ла

тын қар пі қажеті жоқ 



бо

бо

лы



лып

п

қа



қа

ла

ла



ты

ты

н 



н жа

жа

с



с 

та

та



р 

р 

келе ме, деп қауіп



і

те

і



ніп 

отыр мын мен. Бірақ 

мақсатты қой ма ғ аннан 

гөрі нақты міндеттің 

бол ға ны  жақсы.  Со ған 

жетеміз деп ұмтылғаны

ы

дұрыс.


– Бас кезінде

е

Қ



Қ

азақстанның 2030 жылға 

да

да

му



му

с

с



тр

тр

ат



ат

ег

егия



иясы

сы

нд



нд

а

а кө



кө

рс

рс



ет

е

ілген міндеттер биік 



асулар, қол жетпес белестер ретінде көрінген. 

Бүгінде біз оның барлығын мерзімінен бұрын 

орындап отырмыз. Сондықтан 2050 жылға дейінгі 

бағдарламаны құру аса маңызды. Президент 

ол құжаттың негізгі тетіктер

р

ін ж



ж

астарға ерекше 

ілтипатпен жеткізді. Себ

еб

еб



і

і

ол



ол

ар

ар



б

б

ол



ол

аш

ашақ



ақ

та

та



 

 

қандай мемлекетті құру қажетті



і

гін 


бі

білу


і

і ти


і

іс. 


Ол үшін жастар мектептен бастап қай бағытта 

өз білімдерін шыңдайтынын анықтап, тек алға 

ғана ұмтылуы шарт. Соның арқасында мемлекет 

дамиды, халықтың әл-ауқаты өседі. 

– Бұл Жолдауды

ды

ң ба



б

сты 


ерек ше лігі  Пре

зи

зи



де

дент


нт

б

б



ол

ол

аш



аш

ақ

ақ



 

бастама ла рымен  қазақ 

аудиториясымен біліс кен дей 

болды. Қазақтың арманы, қа-

зақтың идеясы, жиырмасыншы 

ғасыр – қазақ халқының алтын 

ға

ға 


с

ыр

ыры



ы

де

деге



ге

н

н



ой

ой

ла



л

р арқылы 

Нұ

рсұл тан


 Ә

б

бішұлы 2050 жылға 



дейінгі стра тегияның, ең алдымен, 

қазақ ұлтына үлкен жа уапкершілік 

жүктейтіндігін жеткізді. Сондықтан 

қазақ жастары аталған бағ-

дарламада көрс

с

ет



ет

іл

іл



ге

ен

н



не

не

 г



 г

із

із



гі

г

м



м

ақ

ақ



-

-

сат-міндеттерді



і же

же

те



те тү 

ү

сі



с ну

ну

і



і

ти

тиіс.



Ол ба с тамалардың  сәт ті  жүзеге

асуы соған тікелей байланысты.   



?

?

?

?

 

Ѓ Д

Т

Ћ

 

Л

Л

Л

Л

А

А

А

А

Л А Ш Т

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

А

А

А

А

А

А

А

А

Л

Л

Л

Л

Л

Л

Л

Л

Л

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

Ѓ

Ѓ

Ѓ

Ѓ

Ѓ

Ѓ

Ѓ

Ѓ

Ѓ

Ѓ

Д

Д

Д

Д

Д

Д

Д

Д

Д

Д

Д

Д

Д

Д

А

А

А

А

А

А

А

А

А

Т

Ћ

Ћ

Ћ

Ћ

Ћ

Ћ

Ћ

Ћ

Ћ

Ћ

Ћ

Ћ

Ћ

Ћ

А

А

А

А

А

А

А

Н

Н

Н

С

С

С

С

С

С

С

С

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

У

У

У

У

А Л

А

А

А

А

Л

Л

Л

Л

А

А

А

А

Ш

Ш

Ш

Ш

Т

Т

Т

Т

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы

Ы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет