Маралбек ермұхамет


Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет14/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   184
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 
-  Мөлшер  категориясы  –  қазақ  тілі  мен  әлем  тілдеріндегі  ең  байырғы 
категориялардың  бірі.  Онда  халықтың,  этностың,  ұлттың  тарихы,  дүниеге 
көзқарасы,  өмірлік  құндылықтары,  дүниені  мөлшерлік  тұрғыдан  танудың 
кодтары сақталған; 
-  Мөлшер  категориясы  қазақ  тілінің  барлық  тарихи  кезеңдері  мен  тіл 
деңгейлерінде көрініс табады. Барлық тарихи кезеңдерде мөлшер семантикасын 
берудің  синтаксистік  құрылымдары,  көркемдік  амалдары,  аналитикалық-
синтетикалық  тәсілдері  негізінен  бірдей,  тек  әр  тарихи  кезеңдерде  мөлшерлік 
лексемалар 
морфонологиялық, 
фонетикалық 
өзгерістерге 
ұшырап, 
семантикалық  өрісі  кеңейеді  немесе  тарылады  және  функционалдық  әлеуеті 
бірде артып, бірде бәсеңдеп отырады
-  Қазақ  дүниетанымының  бастауында  нақты  шамалық  ұғымдар  мен 
өлшемдер  тұрса,  рухани  ізденістер  өрістеген  сайын    ол  абстракцияланып, 
образды  формаға  айнала  бастайды  да,  көркемдік,  эстетикалық  мазмұны 
күшейеді.  Бұл  кейде  қайта  айналып,  нақты  ұғымдарға  ұласады.  Мөлшер 
категориясының  ішкі  құрылымы  осылай  ұдайы  айнымалы  үдерісте, 
қозғалыста болады; 
- Мөлшер категориясы поэтикалық тілде жаңаша сапада, сипатта танылып, 
категориялық әлеуеті кеңейеді, мөлшер семантикасының жасалу тәсілдері мен 
мазмұны  қарапайым  сөйлеу  тілінде  жоқ  үлгілермен  толығады.  Мөлшер 



 
семантикасы  көркем  тілдің  эпитет,  метафора,  перифраз,  метонимия,  теңеу, 
әсірелеу,  т.б.  тәсілдері  арқылы  да  ажарлы,  образды  формада  беріліп,  тілдің 
эстетикалық қызметі үшін де жұмсала алады. Бұл орайда мөлшер категориясы 
поэтикалық тілге ең оңтайлы категориялардың бірі ретінде танылады; 
-  Мөлшер  категориясының  тарихи  парадигмасы  көбіне  екі  бағытпен 
ұштасып  жатады:  бірінші  –  лингвомәдени  бағыт.  Яғни  халықтың  мәдени 
өмірі  өзгерген  сайын  мөлшер  категориясының  тілдік  формасы  да  өзгеріске 
ұшырап, толығу, даму, екшелу үдерісінен өтеді; екінші логикалық-танымдық 
бағыт. Яғни этностың, халықтың рухани құндылықтары алмасқан, өзгерген, 
дамыған  сайын  мөлшер  категориясының  ішкі  құрылымдары  да  өзгеріске 
түсіп отырады. Мөлшер категориясының мұндай өзгерістеріне белгілі тарихи 
кезеңдерде орын алған ірі саяси өзгерістердің ықпалы зор; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет