3. Жыраулар поэзиясы тіліндегі мөлшер семантикалы метафоралар
Дүниедегі заттар мен құбылыстардың мөлшерін көркемдік аспектіде
танудың, «мөлшер» ұғымын көркем тіл майданында сипаттаудың тағы бір тәсілі
– метафора. Метафора жайлы бұрын-соңды жазылған еңбектер де, айтылған
пікірлер де жеткілікті. Бұл зерттеулер «метафора» ұғымын кейде тым
күрделендіріп, абстракциялап жіберсе, кейде бірін-бірі толықтырып, ол жайлы
терең түсінікке жол ашады. Метафора антикалық дәуірдің өзінде-ақ зерттеу
нысаны етілген. Грек ойшылдары Сократ, Аристотель өздерінің «Поэтика»,
«Риторика» еңбектерінде қарастырған. Ал жаңа дәуірде Г.Дудек, К.Фриуд,
М.Наг, М.В.Ломоносов, А.А.Потебня, Б.С. Мейлах, Е.Т.Черкасова, А.И.Ефимов,
Л.Леонов, М.Шолохов, В.В.Виноградов, т.б. шетелдік ғалымдар қарастырды.
Метафора лингвистика, әдебиеттану, риторика, философия сынды бірнеше
ғылымдардың ортақ нысаны болғандықтан, бұл жайлы пікір айтылғанда, әр
ғылым саласы өзіне көбірек басымдық береді. Сондықтан да оның мәні әртүрлі
түсіндіріледі.
Отандық ғылымда да метафора көбіне тіл білімі және әдебиеттану ғылымы
аясында қарастырылады. Қазақ ғылымында метафора жайлы алғаш пікір айтқан
– А.Байтұрсынұлы болды. Ғалым метафораны ауыстыру деп атап, оны былай
түсіндіреді: «Сөздің көбін өз мағынасында жұмсамай, өзге мағынада жұмсаймыз.
Арасында түк ұқсастығы жоқ екі нәрсенің ететін әсері бірдей болса, біріне қас
ғаламды екіншісіне ауыстырып айтамыз. Мәселен, күн құтырып кетті, аяз қарыған, қырау соққан дейміз. Осындай ұқсастығымен ауыстырып, өз
мағынасынан сөзді өзгелеп айту – ауыстыру деп аталады»[210, 38 б.]. Бірақ
ғалымның ғылыми ұғымдарды жіктеудегі ұстанымдарында өзгешелік
болғандықтан, ғалым сипаттауындағы ауыстыру мен бүгінде әдебиет
теориясындағы ауыстырудың (тіке теңеу немесе метафора) арасында
айырмашылық бар. Яғни ғалымның пайымдауындағы ауыстырудың ауқымы кең,
ол сол типтегі бірнеше көркемдік тәсілді қамтиды.
А.Байтұрсынұлынан кейін де белді-белді әдебиетші, тілші ғалымдар
аталмыш ұғымға соқпай өтпейді. Р.Сыздық метафораны «Сөздердің мағына
ауыстырып жұмсалуы» десе [211, 97 б.], белгілі әдебиет теориясын зерттеуші
З.Қабдолов «Сөз өнері» еңбегінде: «Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі
– ауыстыру, яки метафора (грекше metaphora – көшіру) – сөз мәнін өңдендіре
өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін,
ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау;
сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын
тереңдетіп, әсерін күшейту», – деп түсіндіреді[214, 283 б.]. Ал «Тіл білімі
терминдерінің түсіндірме сөздігінде»: «Метафора (грек. metaphora) – зат пен
құбылыстың ұқсас белгілеріне қарай (түрі, түсі, қызметі т.б. қасиеттеріндегі)
сөздің ауыс мағынада қолданылуы. Мыс.: адамның қабырғасы – үйдің қабырғасы, өсімдіктің түбірі – сөздің түбірі», – деген анықтама берілген [170,
213 б.]. Отандық ғылымда «метафора» ұғымын алғаш кең көлемде зерттеп, жеке
монография арнаған (1966) ғалым – Б.Хасанов болды. Ғалым қазақ тіліндегі
метафоралық сөзқолданыстың лексика-грамматикалық ерекшеліктері, ішкі мәні,
метафораның мағыналық топтары мен жасалу жолы сынды көптеген
152
тақырыпшалар аясында зерделей келіп, оған мынадай анықтама береді:
«Метафора – екі зат пен құбылысты салыстырудың негізінде сөздің ауыс