күш – «қимыл-әрекеттің өте қиындауы» сынды әртүрлі ұғымдарды береді. Осы
орайда ғалым Б.Хасанов: «Метафора – мағына масштабын кеңейтетін, сөздердің
жаңаша қолданылуын туғызатын тәсіл», – деп дұрыс айтқан [215, 17 б.]. Бірақ
бұл әртүрлі ауыспалы мағынаның тууына ортақ мотив бар, ол – «салмақ» ұғымы.
Яғни бұл тіркестерде адамның қимыл-әрекетіне, жүйкесіне, сезіміне түсірер
салмағы және өзге заттармен байланысында «салмақ» ұғымы семантикалық
тірек. Бұл жер қайысқан қол тіркесінен де көрінеді. Мұнда айтылмақ басты ой –
әскердің көптігі. Көркем мәтінде кез келген ұғым образдылықты қажет етеді.
Тіркесте жердің белі есепсіз көп әскердің салмағын көтере алмай қайысқандай
161
бейне танытады. Көркем ойлаудың бұл жүйесі образ тудырады да, «салмақ»
ұғымы «көптік» ұғымының семантикалық баламасы ретінде ауысып, метафора
түзуге негіз болады.
Аталмыш сөз туралы Р.Сыздық былай дейді: «Ауыр сөзі ертеректе жұрт,
қол сөздерімен тіркесіп, «күшті, мықты, зор» деген мағыналарды берген. Бұл сөз
көне және орта ғасырлардағы түркі ескерткіштерінде осы күнгідей салмаққа
қатысты мағынасымен қатар, «многочисленный, драгоценный, сильный,
уважаемый, доблестный» («көп, бағалы, күшті, қадірлі, мықты») деген
мағыналарда да қолданылғаны көрінеді. Қазақ жыраулары да ауыр сөзін соңғы
осы көрсетілген мағынада жұмсаған. Ол көбінесе жұрт, қол сөздерімен тіркесте
келеді» [218, 95 б.]. Ғалым көрсеткендей, бұл сөз сонау ерте тарихи кезеңдерде-
ақ метафоралануға бет алған сөздердің қатарына жатады. Әрі аталмыш сөздің әр
тарихи кезеңдерде де өте белсенді қолданыста болғандығы байқалады. Бір
қызығы, ауыр сөзі жыраулар поэзиясында көбіне Шалкиіз жырау лексикасына
тән. Шалкиіз жырау осы сөз арқылы жасалған метафоралардың санын, мысалда
көрсетілгендей (көрсетілмегендері де бар), әлденешеге арттырады. Ауыр сөзі
арқылы түзілген метафоралардың Доспамбет пен Үмбетей жырауда тек ауыр қол
түрі ғана кездессе, Бұқар жырауда қисапсыз қол деп келеді. Ал Ақтамберді
жырау ұлы шерік қол деп береді. Бұл, бір жағы, өлең ағынының сұранысынан
туған болса, екінші жағынан, шынымен де сөз қолданудың авторлық үлгісін
көрсетеді. Әрі экспрессивті-эмоциялы мәні бар, жаугершілік, ерлік рухты
танытатын сөз деп те айтуға болатындай.
Кейде сын есімдер метафораланудың нәтижесінде мағынасы тұрақтанып,
зат есімге, ал кейде зат есімдер сын есімге айналады. Яғни сөздердің мағына
ауыстыруында түрлі аффикстер емес, көркемдік тәсілдердің де қызметі айрықша.
Мысалы:
1. Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге,
Мұнда кеңес қылмадың
(Асан қайғы, Қырында киік жайлаған, 23 б.);
2. Абылай алдында сен бітсең
Құдандалы таныспын.
Абылай алдында бітпесең,
Атасын білмес алыспын
(Бұқар жырау, Садыр, қайда барасың, 95 б.).
Бұл мысалдардағы қиян сөзі сын есімге айналған зат есім де, аз, көп, ұзақ
сөздері – заттанған сын есімдер. Қиян сөзі әуелде екі-үш өзеннің қосылған
сағасын білдірген. Кейін келе мағынасы ауысып, қазір сын есім сөзі ретінде
танылады. Тіпті тұрақты құрылымдардың құрамында да кездеседі. Мысалы, үш
қиян, итарқасы қиянда, қиялы қиянға, қиядан қиянға т.б. Осы құрылымдардан да
қиян сөзінің түпкі мағынасын табуға болатын сияқты. Яғни қиян сөзінің
«атырап», «шартарап», «алыс жер», «биік» деген сындық мағыналары
айқындалады. Ал Еділ деген қиянға метафорасын «Еділ деген өзеннің сағасы»
немесе «Еділ деген алыс жер» деп түсінуге болса керек. Екінші мысалдағы жіктік
жалғауының бірінші жағындағы алыспын сөзі – заттанған сын есімдер. Негізінде
жіктік жалғауында келудің өзі метафораның грамматикалық формасының бір
белгісі. Мұнда алыс сын есімі ауыспалы мағынада жұмсалып, жаумын,
162
Достарыңызбен бөлісу: |