Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет121/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

метафораны  тудыру  сынды  екі  түрлі бағытта  анықталады.  Тілді  білу  деңгейі 
төмен кейбір тұлғалар метафоралы сөздердің мағынасын түсінбей жатады. Міне, 
бұл  –  «сөздің  тыңдаушысын  сынауы».  Ал  ендігі  бір  топ  түсініп  қана  қоймай, 
метафоралы қолданыстарды өзі тудырады. Дүниедегі заттар мен құбылыстарда 
өмір сүретін түрлі мөлшерлік шамалардың барлығын атаулап, бір-бір сөз арнау 
мүмкін де емес. Оны метафоралы таным арқылы, метафоралы сөзқолданыстары 
арқылы ықшамдап, жинақтап, дәл көрсетуге болады. Дәл осы «ықшамдау тәсілі» 
арқылы  берілген  мөлшерлік  мағыналар  адамдағы  әлемнің  мөлшерлі  бейнесі 
жайлы  жинақтаған  білімін  көрсетеді.  Бұл  білім,  өз  кезегінде,  белгілі  зат  не 
құбылыстың  мөлшерлік  шамасы  жайлы  ақпарат  беру  мен  алудың  дәлдігін, 
жетімділігін айқындайтын басты көрсеткіш.  
Б.Хасанов:  «Сөз  тудырудың  басқа  тәсілдерінен  метафораның  негізгі 
айырмашылығы – сөз мағынасын ғана жаңғыртып, сырт тұлғасына фонетикалық, 
морфологиялық  өзгеріс  енгізбейтіндігінде»,  –  дейді  [215,  19  б.].  Метафорада 
тіркес компоненттеріндегі жеке сөздің тұлғасы өзгермейтіні шындық. Бірақ біз 
мұны  сөз  тұлғасының  өзгермеуі  дей  алмас  едік.  Сөз  тұлғасын  өзгертетін  тек 
синтетикалық  тәсілдер  ғана  емес,  аналитикалық  тәсілдер  де  сөз  тұлғасын 
өзгертеді. Сөздердің бірігу (кеңпейіл), тіркесу (асқар тау), кірігу (қарыс – қары 
аш)  тәсілдері  соның  айқын  дәлелі.  Аналитикалық  тәсілдер  арқылы  жасалған 
сөздердің мағынасы да, тұлғасы да өзгереді де, тілдік санада жаңа сөз ретінде 
кодталады. Сөздік құрамға бұрынғы сөздердің есебінен емес, жаңа сөз есебінен 
кіреді. Сөз саны артады. Метафора тәсілі арқылы жасалған көптеген мөлшерлік 
мағыналардың бәрі тілдік санада тұрақтай бермейді, тек тілдік қолданыста ұдайы 
қажеттері ғана мағына жағынан тұрақталып, жаңа ұғым графикалық формаға ие 
болады. Метафорада дербес сөздер жаңа сөз жасауға материал болады. Бұл ретте 
сөздер жұрнақтар сияқты сөзжасам қызметін атқарады. Мысалы:  
1. Арғымақтан туған будан бар, 
Күнінде көрінім жер алғысыз 
(Шалкиіз жырау, Айырдан туған жампоз бар, 44 б.);
 
 
2. Қара арғымақ арыса
Қарға адым жер мұң болар 
(Бұқар жырау, Қара арғымақ арыса, 102 б.). 
 
Толғаудағы көрінім жер, қарға адым жер тіркестері – образды өлшемдік 
ұғымдар,  әрі  халықтың  ұзындық  өлшеміне  байланысты  ұғым-түсініктерінің 
нақты  көрінісі.  Бірінші  мысалда  адамның  көру  қуаты  метафоралық  мағынаға 
негіз  болған.  Яғни  заттанған  етістік  (көрін+ім)  «арақашықтық»  ұғымының 
баламасы ретінде алынған образды ұғым. Ал екінші мысалда қарғаның қар бетіне 
түскен  ізінің  арақашықтығы  халық  танымында  метафораланып,  ең  жақын 
арақашықтық  ұғымына  балама  болып  тұр.  «Арақашықтық»  ұғымына 
байланысты осы дәстүрлі метафоралар есте жоқ ежелгі дәуірлердің бірінде туып, 
бүгінге  қалпын бұзбай жетті.  Шалкиіз,  Бұқар  жырау  сияқты  жыр жампоздары 
мұны ескіден екшеп алып, тіл қазынасында тұғыр тепкен тілдік қолданыс ретінде 
өз  шығармашылығында  сәтті  пайдаланған.  Егер  халықаралық  стандартты 
метрлік өлшемдер жүйесі болмағанда, бұл тілдік қолданыстардың шамасы нақты 
санмен  тұрақтанып,  белгелі  ұзындық  өлшемін  білдіретін  тура  мағыналы 
лексикалық  бірлік  ретінде  қалыптасуы  әбден  мүмкін  еді.  Бұл  тілдік  құбылыс 


156 
 
туралы  Ғ.Ғ.Мұсабаев  былай  дейді:  «Сөздің  ауыс  мағынасы  ойнақы  болып 
келетіндігі  практикадан  белгілі.  Бірақ  ауыс  мағыналар  практикада  қолданылу 
процесінде  тұрақты  немесе  тура  мағынаға  айналады»  [217,  24  б.].  Мағына 
алмасудың  мұндай  үлгісі  жыраулар  поэзиясында  да,  одан  бергі  кезеңдердегі 
тілдік қолданыстарда да көптеп кездеседі. Мысалы, іші тар – іштар. 
Метафоралар құрамы жағынан бір сөзден бастап, бірнеше сөздерге дейін, 
тіпті тұтас сөйлем деңгейінде де күрделене береді. Мұндай күрделі құрылымдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет