Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет130/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

«анаңды  Меккеге  үш  рет  арқалап  апарсаң  да,  қарызың  өтелмейді»  деген  сөз 
қазақ арасына кеңінен тараған. Мұнда ананың балаға еткен еңбегі мен баланың 
анасын алыс жолға арқалап апарудағы көретін  қиындығы салыстыра айтылған. 
Сондықтан халық танымындағы «алыс қашықтық» ұғымы Меккенің ең басты 
белгілерінің  бірі  ретінде  алынып,  оның  екінші  атауы  ретінде  балама  болып, 
перифраздалып  тұр.  Демек,  бұл  «қашықтық  мөлшері»  ұғымының  перифразға 
айналуы. Ал мөһрлі шұбар хат келу ешқандай «мөлшер» ұғымын білдірмейді, 
бірақ өлім хабары ұғымының орнына қолданылған перифраз. Бір өлең жолының 
ішінде екі перифраз қатар келіп тұр. Бұл, бір жағы, жырау тілінің жасампаздығын 
көрсетеді.  Екінші  жағынан  Би  Темірге  айтуға  ауыр  өлім  сөзінің  жағымсыз 
коннатациясы  болғандықтан  айтудан  сескеніп,  өзге  оралымдар  арқылы  жеңіл 
тілмен бейнелеп берген. Перифраздардың жасалуындағы табу, эвфемизмдердің 
қызметі  туралы  Ө.Айтбайұлы  былай  дейді:  «Эвфемистік  перифраздың 
қолданылуы, мақсаты мен атқаратын қызметі мүлде басқа. Ол мағынасы суық 


168 
 
немесе  айтуға,  жазуға  өрескел  саналатын,  тіпті  кейде  қағаз  беті  де  көтере 
алмайтын  дөрекі  сөздерді  майдалап,  тігісін  барынша  жатыстырып,  келтірінді 
мағынада  айту»  [222,  224  б.].  Мұнда  мөһрлі  шұбар  хат  келу  тіркесінің 
«мөлшерлік» мағынасы болмаса да, алыс жер (Мекке) мөлшерлік перифразының 
мағынасын нақтылай түсуге семантикалық кілт болып тұр.    
Екінші  мысалдағы  тайғақ  кешу,  тар  жер  –  қабыса  байланысқан 
перифраздық  тіркестері.  Мұнда  тайғақ  кешу  адамның  көрген  қиындығын 
білдіргенімен, «мөлшер» ұғымын тікелей білдірмейді. Ал  тар жер перифразы 
да «мөлшер» ұғымын тікелей білдірмейді. Бірақ мөлшер мәнді тілдік бірліктер 
перифраздардың  жасалуына  арқау  болып  отыр.  Тар  сөзі  тура  мағынасында 
«сыйымдылық  мөлшері»  ұғымын  білдіреді.  Яғни  адам  тар  жерде  (жол,  үй, 
қуыстың  іші  т.б.)  жаны  қиналып,  көрген  қиындығы  өмірдің  де  қиын-қыстау 
кезеңдеріне балама болған. Демек, мұнда да «мөлшер» ұғымы перифраздардың 
түзілуіне  семантикалық  көпір  болып  тұр.  Тар  жер  тіркесін  метафора  деп  те 
тануға мүмкін. Бірақ мұндағы тіркестің екі компоненті де (тар – қиындық, жер 
– орын, мекен) ауыспалы мағынада қолданылады. Сондықтан бұл метафорадан 
гөрі перифразға жақын деп білеміз. Көріктеудің екі тәсілі де образды, ауыспалы, 
экспрессиялы  болғанымен,  айырмашылық  бар.  Бірінде  атаулау  басты  тірек, 
екіншісінде теңеу, ұқсату басты негіз. Перифраз бен теңеу осы екі жерден нақты 
ажыратылады.   
Есімді  мөлшерлік  перифраздардың  ендігі  бір  тобы  үш  компоненттен 
тұрады. Бұлардың бәрі қабыса байланысқан тіркестер. Мысалы:   
1. Ашу – дұспан, артынан  
Түсіп кетсең қайтесің 
Түбі терең қуысқа!.. 
(Асан қайғы, Еділ бол да, Жайық бол, 26 б.)
 
 
2. Ырысымды сындайын, 
Сегіз қиыр шартараптан іздермін!..
  
                                                                (Шалкиіз жырау, Би Темірге бірінші толғау, 38 б.)
 
3. Отының болсын жантақтан. 
Қатының болсын қалмақтан, 
Қосының болсын қазақтан, 
Сегіз қиыр шартарап
Төрт құбылаң түгел боп, 
Төріңде отыр, салмақтан 
(Бұқар жырау, Ай, Абылай, Абылай, 101 б.).
 
Бұл  мысалдарда  түбі  терең  қуыс,  сегіз  қиыр  шартарап,  төрт  құбыла 
тіркестері – мөлшерлік перифраздар. Олар үш құрамды болып, анықтауыштық 
қатынаста  қабыса  байланысқан.  Мұнда  алғашқы  екі  компонент  күрделі 
анықтауыш,  бағыныңқы  сыңар  да,  соңғы  компонент  –  басыңқы  сыңар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет