Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет129/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

«сын  есім  +  зат  есім»,  «сан  есім  +  зат  есім»  деп  үш  құрылымдық  топқа 
жіктедік» [222, 162 б.]. Ғалымның бұл топтастыруын басшылыққа ала отырып, 
жыраулар поэзиясында кездесетін «мөлшер» ұғымын білдіретін перифраздарды 
жалпылама  «мөлшерлік  перифраздар»  деп  атай  келіп,  оларды  лексика-
грамматикалық  ерекшелігіне  қарай  есімді  мөлшерлік  перифраз,  етістікті 
мөлшерлік перифраз деп екі үлкен топқа бөлуге болады.  
Есімді  мөлшерлік  перифраздар  есім  сөздерден  түзіліп,  кемінде  екі 
компонент  тұрады.  Қазақ  тілінде  екі  компоненттен  тұратын  тіркестер  көбіне 
қабыса,  матаса,  меңгеріле  байланысқан  тіркестер  болып  келеді.  Жыраулар 
поэзиясында есімді мөлшерлік перифраздың матаса байланысқан түрі кездеседі. 
Мысалы: 
1. Жақсыдан туған жаман бар 
Күндердің күні болғанда 
Бір аяқ асқа алғысыз 
(Шалкиіз жырау, Айырдан туған жампоз бар, 44 б.);
 
 
2. Бір жаманмен дос болсаң
Күндердің күні болғанда, 
Жімле ғаламға күлкі етер 
(Шалкиіз жырау, Бір жақсымен дос болсаң, 44 б.).
 
Мысалдардағы күндердің күні тіркесі – перифраздық тіркес. Бұл «болашақ», 
«болашақтағы  бір  күн»,  «белгісіз  бір  күні»  деген  «уақыт  мөлшері»  ұғымына 
байланысты  ауысып  қолданылған.  Тіркесте  көптік  жалғауы  уақыт  ұғымының 
созылыңқылығын білдіруге айрықша қызмет атқарып тұр. Яғни күн өлшемімен 
өлшенген  белгісіз  ұзақ  уақытты  білдіреді.  Перифраздар  көбіне  затқа  қатысты 


167 
 
айтылатыны  шындық,  сондықтан  ондай  тіркестер  образды  болып  келеді.  Ал 
кейде  абстрактілі  ұғымдарға  да  байланысты  айтылады.  Мұндайда  онда 
образдылық  болмайды  да,  экспрессия-эмоциялық,  модальдылық  мән  артады. 
Сол сияқты, күндердің күні тіркесінде болашақта болмай қоймайтын бір іс және 
оған айтушының нық сенімі сияқты жасырын мағыналар сақталған. Айтушының 
көзқарасымен ұштасқан сол іске деген жағымсыз экспрессия да бар. Негізінен 
сақтандыру,  ескерту  ұғымдарына  байланысты  қолданылады.  Күндердің  күні 
қолданысы Шалкиіз жырауда төрт рет кездеседі. Соған қарағанда бұл мөлшерлік 
перифраздар  Шалкиіз  жырау  лексикасына  тән  екені  байқалады.  Бүгінде  бұл 
мөлшерлік перифраздар құрылымының тұрақтылығымен, тіл тұтынушыларына 
танымалдығымен  сөйлеу  единицасынан  тілдік  единицаға  ауысып  бара  жатқан 
тіркестердің қатарына жатады.  
Екі  компонентті  мөлшерлік  перифраздардың  ендігі  бір  түрі  қабыса 
байланысқан  тіркестер  болып  келеді.  Мұндай  қабыса  байланысқан  тіркестер 
кейде еселеп перифраздауға оңтайлы келеді. Мысалы:  
1. Алыс жерден мөһрлі шұбар хат келсе, 
Күйбеңдескен көп жаман 
Құлағын салып тұрар ол   
                            
(Шалкиіз жырау, Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны, 40 б.);
 
2. Тайғақ кешу, тар жерде
Менің достым бар-ды һәр жерде, 
Іздесем табылмайды тар жерде  
(Шалкиіз жырау, Күпшек санды тіл жалмаған күреңді, 39).
 
Бұл  мысалдарда  алыс  жер,  мөһрлі  шұбар  хат,  тайғақ  кешу,  тар  жер 
тіркестері  –  перифраздар.  Бұл  тіркестердің  бәрі  ешқандай  жалғаусыз  қабыса 
байланысқан.  Мұнда  алыс  жер  –  Мекке,  мөһрлі  шұбар  хат  –  өлім  хабары, 
тайғақ кешу – қиындық, тар жер – бәле-жалалы жер.  
Меккенің  бір  ұғымы  –  алыс  жер.  Бүгінгідей  емес,  ол  заманда  Меккеге, 
Қажы  сапарына  атпен,  арбамен,  түйемен,  тіпті  жаяу-жалпылы  айлап,  жылдап 
жүргені  белгілі.  Сондықтан  бұл  –  ұзақ  жол,  қиын  сапар.  Сол  замандағы 
Мұсылман  әлемінің  шеткі  аймақтарының  бірі  саналатын  Қазақстан 
территориясы  үшін  Мекке  қаласы  әрине  шалғай  жер.  Хадистерде  келетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет