Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет21/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

тығыздық  өлшемдері  жайлы  баяндайды  [100,  5-26  бб.].  Ғалым  ескі  орыс 
өлшемдерімен қатар ескі қазақ өлшемдерін де орыс өлшемдері деп жалпылама 
атай келіп, былай дейді: «Бұйымдарды өлшеуге түрлі өлшеуіштер қолданылады. 
Россиядағы  ұзындықтың өлшеуіштері:  убршок,  кез,  саржан,  шақырым.  Беттің 
өлшеуіштері:  шаршы убршок, шаршы кез, шаршы саржан, шаршы шақырым
Ауданның өлшеуіштері: куб убршок, куб кез, куб саржан, куб шақырым. Сұйық, 
шашылғыш  бұйымдардың  ауданын  өлшеуіштер:  күбі,  шелек,  бөтелке
Салмақтың  өлшеуіштері:  пұт,  қадақ,  мысқал»  [100,  17  б.].  Біздіңше,  мұндағы 
орыс өлшемдері деген ұғым Жалпыресей аумағында қолданыста болған өлшем 
бірліктер жүйесін білдіреді.  
А.Ысқақов    мөлшер  мәнді  сөздер  туралы  «Қазіргі  қазақ  тілі»    атты 
оқулығының  «Сан  есім»  тарауында:  «Сан  есімдер  сияқты  мөлшерлік  мағына 
білдіретін бір алуан сөздер, …бірақ мұндай сөздер мен сөз тіркестері қаншалықты 
мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер қатарына жатпайды», – деп 
тұжырымдайды [101, 192 б.]. Ғалым жарты, жалқы, сыңар, қос, егіз т.б. сөздерді 
сын есімге, қадақ, қарыс, килограмм, адым т.б. сөздерді зат есімге жатқыза келіп, 
ат  шаптырым,  қас  қаққанша  т.б.  тіркестерді  «қызметіне  қарай  әртүрлі  сөз 
таптарына  телінетін  фразалық  тіркестер»  деп  береді.  Мөлшер  мәнді  тілдік 
бірліктер  жайында  осымен  шектеледі.  Ал  Н.Оралбаева  мөлшер  мәнді  сөздерді 
«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» атты оқулығының «Сан есім» тарауында 
«сандық ұғым мәнді басқа сөздер» деп қарастырады. Бұл туралы: «Сан есімге 
жатпайтын сөздердің ішінде де мағынасы жағынан «сандық» ұғымға жақындығы 
бар  сөздер  тілде  кездеседі»,  –  дей  келіп,  оларды  әлденеше  семантикалық 
топтарға бөледі [102, 177-178 бб.]. 
Қазақ  тіліндегі  «мөлшер»,  «өлшем»  ұғымын  білдіретін  тілдік  бірліктерді 
арнайы  зерттеген  Ж.Ш.Ахмедова  болды.  Зерттеуші  өлшем  атауларының 


23 
 
зерттелу тарихына тоқтала отырып, былай дейді: «Есептік сөздер (счетные слова) 
заттың  өзін  немесе  оның  санын  білдірмейді,  оның  саналуымен  байланысты 
ұғымдарды білдіреді». Бұл пікірді ары қарай жалғастыра келіп,  есептік сөздерді 
мынадай үш топқа бөледі: 1) зат немесе нәрсе бірліктерінің есебі: бас, тал, түп, 
т.б.; 2) адамдар тобының есебі: тайпа, топ, қауым, т.б.;  3) малдар тобының есебі: 
үйір, табын, қора, т.б. [16, 148 б.]. 
Қазақ  тілі  синтаксисінің  білікті  мамандарының  бірі  Т.Сайрамбаев  бұл 
сөздерді, зат есімді күрделі сөз тіркестері құрамында қарастырып, «өлшем мәнді 
нумератив тіркестер» деп атайды. Бұларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай: 
мезгіл-мерзімге байланысты өлшем, қашықтық өлшемі, көлем өлшемі,  салмақ 
өлшемі, баға қою, даналап  санау, аудан өлшемі, сұйықтық өлшемі, жылдамдық 
өлшемі сияқты мағыналық топтарға бөліп қарастырады [17, 39б.]. Сонымен қатар 
«мөлшер»  ұғымын  білдіретін  сөздердің  синтаксистік  ерекшелігі,  сөйлемде 
атқаратын  қызметі,  байланысу  тәсілдері,  жалғаулықсыз  байланысқан  сөз 
тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары сияқты құрылымдық грамматиканың өзекті, 
күрделі мәселелерімен айналысты [103, 162 б.].  
Ә.Хасенов мөлшер мәнді тілдік бірліктерді сан есімдермен байланыстыра 
қарап,  «сан  есім  мағыналы  сөздер»  деп  береді  де,  құрылымдық-семантикалық 
ерекшелігіне қарай екі топқа бөледі:  
Бірінші:  сан  есімнің  тура  мағынасындағы,  яғни  белгілі  бір  дәл  сан 
мағынасын  білдіретін  және  солар  арқылы  жасалған  сөздер:  егіз,  қос,  жарты, 
жарым, жеке, жалқы, сыңар, жалғыз, некен-саяқ, дара, т.б.;  
Екінші: 1) абстрактілі сан ұғымды сөздер: бір үйір жылқы, бір келе түйе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет