Маралбек ермұхамет


) Құрылымдық бағыттағы зерттеулер



Pdf көрінісі
бет20/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

1) Құрылымдық бағыттағы зерттеулер. Мөлшер мәнді тілдік бірліктерді 
құрылымдық бағытта зерттеу ерте кезеңдерден бастау алады. Бұл тілтанымның 
дәстүрлі бағыты болғандықтан, әлденеше зерттеу әдіс-тәсілдері мен тіл білімінің 
салаларын қамтитыны белгілі. Мөлшер мәнді тілдік бірліктерді қазақ, түркі, тіпті 
әлемдік  лингвистикада  алғаш  зерттеген  ғалымдардың  бірі  М.Қашқари  деуге 
болады.  Ғалым сегіз кітаптан тұратын «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегінде түркі 
тайпаларындағы ең жиі қолданыстағы 9000-ға тарта сөздер мен грамматикалық 
формаларға  лексика-семантикалық  түсіндірме  береді.  Сонымен  қатар  кей 
сөздерге  этимологиялық,  текстологиялық,  фонологиялық  талдаулар  жасайды. 
Бұлардың қатарында мөлшер семантикалы тілдік бірліктер де бар. Түрлі өлшем 
бірліктер  мен  ақша  атауларын  қоса  алғанда,  сөздікте  260-қа  жуық  мөлшер 
семантикалы  лексемалар,  синтетикалық,  аналитикалық  формалар  кездеседі. 
Бұлардың кейбіріне әрі семантикалық, әрі этимологиялық талдаулар жасалады. 
Мысалы,  құлаш  ұзындық  өлшемі  туралы  былай  беріледі:  «Құлаш  //  құлаш. 
Мұның негізі «қол аш» деген болады. «Бір құлаш баршын // бір құлаш баршын; 
бір құлаш шәйі мата» [97, Т
1
-406 б.]. Кейде мұндай өлшем бірліктердің қай түркі 
тайпаларында  қолданылатыны  да  ашып  айтылған.  Мөлшер  мәнді  тілдік 
бірліктердің зерттелуінде аталмыш еңбектің орны айрықша маңызды.  
Бұдан  кейінгі  әр  тарихи  кезеңдерде  қазақ  тіліндегі  мөлшер  семантикалы 
тілдік  бірліктер  жайлы  орыс  және  Еуропа  ғалымдары  тарапынан  үздік-үздік 
пікірлер айтылып, зерттеулер жасалды. Ал XX ғасыр басы қазақ тілі үшін өтпелі 
кезеңдердің  бірі  болды.  Қазақтың  ұлт  ретінде  жойылу  қаупі  ең  әуелі  тілден 
көрініс  тапты.  Бұған  қарсы  А.Байтұрсынұлы  бастаған  Алаш  зиялылары,  тіл 
жанашырлары қазақ тілінің ғылыми-теориялық базасын дамыту, қолданыс аясын 
кеңіту  бағытында  қыруар  жұмыстар  жасағаны  белгілі.  Тіл  майданындағы  бұл 
күрестің бір саласы мөлшер мәнді тілдік бірліктермен тікелей байланыста болды. 
Ғасырлар  бойы  қолданылып  келген  дәстүрлі  өлшем  бірліктер  орыс  тілінің 
экспансиясы салдарынан қолданыстан шығып, мәдени лексиканың ауқымды бір 
бөлігі  жоғалуға  бет  алды.  Тілдегі  осы  келеңсіз  бетбұрысқа  қарсы  өлшемдік 
жүйеге ұлттық өлшем бірліктерді енгізу, олардың сандық мәнін тұрақтандыру 
және  насихаттау  бағытында  жұмыс  жасалды.  Мұның  өзі  мөлшер 
семантикасының  ұлттық  таным  кеңістігі  мен  ойлау  жүйесіндегі  орнын 
көрегендікпен  көре  білуі  еді.  Алайда  Кеңестік  жүйе  оған  ерік  бермейді. 


22 
 
Түркістан  Республикасы  мен  ҚазССР  аумағында  үкіметтік  қаулылар  шығып, 
1922-1925 жылдар аралығында метрлік өлшем жүйесі енгізіледі. 1918 жылы 14 
қыркүйекте  Жалпы  Россия  Орталық  атқару  комитеті,  Халық  шаруашылығы 
кеңесі «Жер жүзіне бірдей метрик өлшеуін һәм таразысын жүргізу» туралы 12 
баптан  тұратын  қарар  шығарды.  Ал  бұл  1923  жылы  22  қазанда  Түркістан 
Республикасының  Халық  комиссарлар  кеңесі  «Жер  жүзіне  бірдей  метрик 
өлшеуін  жүргізу»  туралы  №149  қарарымен  мақұлданады  [98,  52-56  б.]. 
Осылайша ескі қазақ өлшемдері ресми қолданыстан шығарылды. Осыған орай 
ескі қазақ өлшемдерінің мәнін жалпақ жұртқа түсіндіру мақсатында Е.Омарұлы 
1925  жылы  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  299  санында  Тайбағар  деген  бүркеншік 
есіммен «Метр өлшеуіштері» деген мақала жазады [99, Т
1
-112-116 бб.]. Ғалым 
мұнда  метр,  сантиметр,  грамм,  килограмм,  тонна  сияқты  халықаралық 
өлшемдердің  мәнін  кез,  бүршік,  мысқал,  қадақ,  бұт,  аршын,  таяқ  сияқты 
халықтық ескі өлшем бірліктердің мәнімен салыстыра түсіндіреді.  
ХХ  ғасыр  басында  өлшем  бірліктер  жайлы  жүйелі  мағлұматтар 
Х.Досмұхамедұлы  еңбектерінен  кездеседі.  Ғалым  «Табиғаттану»  кітабының 
«Бұйымдардың жалпы қасиеті» деп аталатын бірінші тарауында дүниежүзінде 
қолданылатын  халықаралық  өлшем  бірліктер  мен  дәстүрлі  өлшем  бірліктер 
жайында біршама мол ақпарат береді. Өлшем бірліктерді «өлшеуіш» деп атай 
келіп,  салмақ, аудан, бәсеке салмақ, сыйымдылық, температура,  қашықтық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет