63
форма «жекелік/көптік» ұғымдары аясында
тіресім құрайды да, заттардың
сандық мөлшерін білдіреді. Мысалы:
1) Алып ер бізіңе тегміш ерті, антағ өдке өкүнүп, Күлтегініг аз ерін іртүрү
ытымыз, улуғ сүңүш сүңүшміш (КТү., 40)
// Алып ерлер бізге тиісті, сол кезде
өкініп, Күлтегінді аз ермен шабуылға жібердік, үлкен соғыс жасады;
2) Темір қапығқа тегі іртіміз анта йантурдымыз (Тон., 45)
// Темір қақпаға
дейін қудық сонда қайтардық;
3) Ечүміз, апамыз тутмыс йер-суб ідісіз болмазун, - тійін, аз будунығ ітіп,
йар /атып/ (КТү., 19)
// Атамыз, бабамыз ұстаған жер-су иесіз қалмасын деп,
аз халқын құрап, орнатып.
Бірінші мысалда Алып ерге қарсы Күлтегіннің соғысы баяндалған. Мұнда
іс-әрекетті істетуші субъектілердің көп екені, яғни Күлтегінді соғысқа
аттандырушылар біреу емес, әлденеше адам, тіпті бір қауым ел екені
ытымыз//
жібердік етістігіндегі
-ымыз // -дік аффиксі арқылы беріліп тұр. Бұл көпше
форманың білдіретін сандық шамасы екі немесе одан да көп сандық мәнге тең.
Міне, бұл – белгісіз «сандық мөлшер» ұғымы. Екінші мысалда түркілердің Темір
қақпасына дейінгі жорығы баяндалады. Мұнда
іртіміз // қайтардық етістігіндегі
-тіміз//
-дық аффиксі іс-әрекетті істеуші субъектілердің бір емес, әлденеше мың
екенін білдіріп тұр. Бірақ нақты қанша екені белгісіз. Дегенмен көпше форманың
білдіретін сандық мәні алғашқы ондық пен жүздіктегі сандар еместігі айқын.
Өйткені ұлы жорықтарға мыңдаған, он мыңдаған адам қатысатыны тарихи
тәжірибеден белгілі. Мұнда көптік форманың сандық мәнінің шегін жадыда
сақталған «соғыс» ұғымындағы көптік семантикасы айқындап тұр. Ал үшінші
мысалда «сандық мөлшер» ұғымы
ечүміз, апамыз // атамыз, бабамыз көпше
формадағы зат есімдердің (адам)
-мыз, -міз // -мыз, -міз тәуелдік жалғаулары
арқылы берілген. Мысалда тәуелдік жалғаулары бір заттың бірнеше адамға ортақ
екенін де, әлденеше заттың әлденеше адамға ортақ екенін де білдіреді. Бірақ
нақты сандық мәні белгісіз. Жоғарыдағы мысалдар, біріншісі іс-әрекетті істетуші
субъектілердің сандық шамасын, екіншісі іс-әрекет субъектісінің санын,
үшіншісі меншік пен меншік иесінің санын білдіріп, үшеуі де белгісіз сандық
шаманы, яғни «сандық мөлшер» ұғымын білдіріп тұр. Тәуелдеудің көпше
формасы болсын, жіктік формасы болсын, бәрі де «з» дыбысымен аяқталады.
Мұның өзі аталған фонема көне түркі тілінде «көптік» ұғым беретінін аңғартады.
Бұл көптік мағынаны беретін аффикстердің түп-төркіні туралы ғалым
М.Томанов былай дейді: «Көптік мағына беретін көне
қосымшалардың бірі бі-з,
Достарыңызбен бөлісу: