92
құрылымдар, тіркестер кездеседі. Мысалы
, маңдайының соры бес елі, бір елі
қазы, екі елі қазы т.б. Бұдан дене мүше атауларының мөлшерлік
бірлікке айналу
үдерісі айқын көрініс табады.
– Қары // қолдың қары. Сөздікте бұл сөздің мағынасы:
Шынтақтан қолдың
басына дейінгі аралық (МҚ, Т
3
-304)
, – деп түсіндірілген. Яғни нақты бір дене
мүшенің атауы емес, дене мүше арқылы өлшенетін мөлшерлік шаманың
(ұзындық) атауы ретінде түсіндіреді. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:
«
Қары –
қолдың шынтақ қосындысынан иыққа дейінгі бөлігі», – деп беріледі
[ҚТТС, Т
6
-112]. Байқап қарасақ, екі сөздікте де
қары сөзі қолдың ұзындығы
арқылы өлшенетін өлшемнің атауы ретінде берілген. Бірақ бірінде қолдың
жоғарғы бөлігін айтса, екіншісінде төменгі бөлігін көрсетеді.
Қары сөзі М.Қашқари сөздігінде бір емес, бірнеше жерде кездеседі. Соның
бәрінде де өлшем бірлік ұғымдарымен байланысты түсіндірілген. Соған
қарағанда, орта ғасыр түркі тілінде де кеңінен қолданылған өлшем бірлік екені
анық. Бұған ғалымның мына сөзі де дәлел:
Қары – бөз өлшейтін өлшем, кез
(Ұзындық өлшемі – А.Е.). Бұл алдыңғы сөзден алынған ұғым. Бұл ұғым араб
тіліне де үйлеседі. Қол өлшемімен, қолдың қарымен мата өлшейтін өлшем екі
тілде бір сөзбен айтылады (МҚ, Т
3
-304). Ғалымның түсіндіруіне сүйенсек,
қары
сөзі, алғашқыда, дене мүше ұзындығына тең қашықтық ұғымының атауы да,
сосын нақты мәнге ие өлшем бірлік атауына айналған. Тіптен, бір түркі тілдес
халықтар ғана емес, араб-парсы тілді халықтар арасында да кеңінен қолданыс
тапқан өлшем бірлік болғаны және тамыры тереңде жатқан сөз екені байқалады.
Сондықтан болса керек, аталмыш сөздің этимологиясы, семантикасы туралы
көптеген түрколог ғалымдар зерттеулер жасап, құнды тұжырымдар қалдырған.
Кейбір отандық зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек,
қары сөзі түркі-араб
әлемінде ғана емес, Вавилон, Египет сынды ірі мәдениет ошақтарында да
нақты
ұзындық шаманы білдіретін (525 мм, 450 мм)
өлшем бірлік ретінде кеңінен
қолданылған.
М.Қашқари сөздігінде кездесетін
қары сөзімен төркіндес келесі
соматикалық өлшем бірлік –
қарыш // қарыс (МҚ, Т
1
-426). Бұл сөзге байланысты
бір қарыш // бір қарыс мысалы келтірілген. Мұнда
бір қарыс сөзі қарыстың
заттық санын білдірмейді,
ұзындық мәнін білдіреді.
Бір алма десек, алманың
санын білдіреді, ал
бір қарыс десек, қарыстың санын емес, бір рет
қарыстағандағы
ұзындық мөлшері ұғымын білдіреді. Осы тіркестен-ақ
қарыш //
қарыс сөзінің зат атауы емес, оған баламалы
өлшем бірлік, мөлшерлік екені
айқын көрінеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
қарыс сөзіне: «
Қарыс – бас
бармақ пен ортаңғы саусақтың аралығымен өлшенетін ұзындық өлшемі»,
– деп
анықтама берілген [ҚТТС, Т
6
-119]. Біздіңше, бас бармақ пен ортаңғы саусақтан
басқа саусақтардың да арасы жалпылама
қарыс деп аталады. Жоғарыдағы
қары
сөзі сияқты
қарыш та
сөздікте өлшем бірлік қызметінде
қалыптасқан сөз ретінде
түсіндіріледі. М.Қашқари
қарыш сөзінің туынды формасы ретінде
қаршағ сөзін
былайша түсіндіреді:
Қаршағ: киімнің өлшемі. Аның қаршағы көр // оның
Достарыңызбен бөлісу: