α-глюкозидазаны тежейді, көмірсулардың сіңірілуі тежеледі (лактозадан басқасы), көмірсулардың көп мөлшері (крахмал, сукраза, декстриндер, мальтоза) тоқ ішекке түседі де, микроорганизмдер қатысуымен газ түзіп ыдырайды.
Амилин - инсулинмен бірге бета-клеткалардан бөлінеді. Қант диабетінде оның деңгейі азаяды. Амилин бас ми ядроларымен әрекеттесіп тамаққа тәбетті төмендетеді, асқазанның тамақтан босауының жылдамдығын төмендетеді, глюкагонның түзілуін тежейді.
Прамлинтид
Прамлинтид - Амилиннің синтетикалық аналогы. Қант диабетінің 1 және 2 типінде, қосымша ем ретінде инъекцияға қолданылады.
Жағымсыз әсерлері: гипогликемия; жүрек айну, құсу, бас ауыруы, іштің ауыруы.