Гормондар* – бұл эндокринді бездермен және әртүрлі тіндердегі арнайы жасушалармен өндірілетін биологиялық белсенді заттар.
Гормондық препараттар – зат алмасуға және ағзаның мүшелер мен жүйелеріне арнайы әсер ететін жануарлардың эндокринді бездерінен немесе синтетикалық жолмен алынатын дәрілер.
Қолдану көрсетілімдері – эндокринді бездер қызметінің жетіспеушілігі (гипофункциясы).
* Грек. Тіл. Hormao - қоздырамын
Антигормондық дәрілер
Гормондардың түзілуін тежейтін немесе олармен бәсекелес әрекеттестікке түсетін дәрілер.