Тәжірибе жүзінде зерттеулерді жүргізуді фирма өз күшімен, сонымен қатар берілген облыста мамандандырылатын басқа ұйымдардың көмегіменжүргізе алады. Зерттеулерді жүргізу түрі туралы шешім қабылдаған кезде факторлар қатарын ескеру қажет: зерттеу құны, зерттеу жүргізу тәжірибесінің және қажетті квалификация мамандардың бар болуы, өнімнің техникалық ерекшеліктерін терең білу, объективтілік, арнайы жабдықтардың болуы (ДК және оларға арналған арнайы бағдарламалар, тесттілеуге қажетті жабдықтар), құпиялылық.
Маркетингтік зерттеулер процессі бірнеше кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең. Маркетингтік зерттеуді жүргізу нәтижесінде шешілуге тиісті мәселе анықталады.
Екінші кезең. Зерттеудің мақсаты қойылатын зерттеудің объектісі мен әдістері анықталатын маркетингтік зерттеулердің жоспары құрастырылады.
Үшінші кезең. Бріншіден екінші ретті, ал содан кейін бірінші ретті ақпаратты жинақтау жүзеге асырылады.
Төртінші кезең. Ең сенімді, сапалы ақпаратты таңдау жүзеге асырылады, ал артық қажетсіз ақпарат жойылады.
Бесінші кезең. Сәйкес мәліметтер қорларын толықтыра отырып, ақпарат жинақталады.
Алтыншы кезең. Маркетингтік зерттеулердің алдына қойылған мәселелерді шешу үшін ақпарат сипаты және олардың көлемдері жеткілікті болған кезде, олар болашақтағы нұсқаларды талдауларға қолайлы болуы үшін кестелерге, графиктерге және т.б. құрастырылады.
Жетінші кезең. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтерді маркетинг бойынша сараптаушылар, мамандар және менеджерлер тиянақты ойластыруға тартады, оларды өңдейді, салдарлар мен қорытындалар шығарады.
Сегізінші кезең. Салдарлар мен қорытындылар негізінде нарықтық жағдайдың, тұтынушылар сұраныстарының, фирманың бәсекелестік позициясының және т.б. келешектегі дамуының болжамдары құрастырылады және зерттеулердің алдына қойылатын мәселені оптималды шешуді қамтамасыз ететін ұсыныстар әзірленеді, олар есеп және нарықтық іс-әрекеттердің маркетингтік жоспары түрінде рәсімделеді.